СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тігін машинасына арналған айлабұйымдар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тігін машинасына арналған айлабұйымдар

Білімділік: оқушыларды тігін машинасының айлабұйымдарымен таныстырып, олардың қолданылуы және машинаменен тігілетін тігіс түрлерін, тігін бұйымдарын тігуде тігіс түрлерінің қолданылуын таныстыру. Дамытушылық:Тігін машинасымен жұмыс істеу әдістерін жетілдіру Тәрбиелілік: Тігім жүргізу кезінде ұқыптылыққа, зейінділікке, тігін машиналары мен жабдықтарын күтіп ұстауға үйрету. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдістері: ауызша, көрнекілік, сарамындық жұмыс жасау әдістері

Просмотр содержимого документа
«Тігін машинасына арналған айлабұйымдар»

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Тігін машинасына арналған айлабұйымдар


Білімділік: оқушыларды тігін машинасының айлабұйымдарымен таныстырып, олардың қолданылуы және машинаменен тігілетін тігіс түрлерін, тігін бұйымдарын тігуде тігіс түрлерінің қолданылуын таныстыру.

Дамытушылық:Тігін машинасымен жұмыс істеу әдістерін жетілдіру

Тәрбиелілік: Тігім жүргізу кезінде ұқыптылыққа, зейінділікке, тігін машиналары мен жабдықтарын күтіп ұстауға үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: ауызша, көрнекілік, сарамындық жұмыс жасау әдістері

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту

Соңғы уақытта шығарылып жүргентігін машиналарында айлабұйымдар кешені бар. Олардың көмегімен еңбек сапасы мен өнімділігі арта түседі.

Айлабұйымдар:бауды бүгіп тігуге арналған;

қайырып тігетін табан;

бүрме жасауға арналған табан;

жасырын инешаншым жасауға арналған;

шектеулі сызғышты табан;

Бауды бүгіп тігуге арналған- бүгіп тігетін табанды әйелдерге және балаларға арналған бұйымдарды әрлеу кезінде қолданылады. Бау материалға қосылып тігілмейді, тігінші материалды қолымен қайырып ұстап, қайырманың ішіне қарай бауды бағыттап отырады.

Қайырып тігетін табан- қиықтарды сырып тігуге және киімдердің, төсек жайманың бүктемелі тігістерін бастыра тігуде қолданылады.

Бүрме жасауға арналған табан- әйелдер және балалар киіміні әрлейді. Бұл табан ол жағында көлденең оймасы бар, қысқа айлабұйым. Бірдей тегіс жиырылмалар жасауға және астыңғы матасына жиырылмалар жасалған екі қабатталған маталарды қосуға болады.

Жасырын инешаншым жасауға арналған табан – бұйымды тез тігуге арналған, Олар көрінбей тұру үшін ұқыпты орындалуы тиіс. Алдымен мата қалдығына тігіп тексеру керек.

Шектеулі сызғышты табан-алдыңғы тігім мен кейінгі тігімді параллель түсіру үшін қолданылады. Шектеулі сызғышты табанмен қатар түсітін тігістерді жүргізуге, шаршыларды мақталы бұйымдарды сырып тігуге болады. Оның көмегімен сыдырмалы түймені бастыра тігеді. Осы табандар арқылы тігімде түрлері жүргізіледі.

Машина тігістері қолданылуына байланысты: біріктіру, шет және әрлеуіш тігіс болып бөлінеді.


Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Жұмыстың тақырыбы: Жөрмеу тігісін орындау технологиясы

Ү. Кіріспе нұсқаулық

Тапсырманы орындауға оқушыға бағыт бағдар беру

Материалдар мен құралдар: жұмыс қорабы, өлшемі 15*5см мата құрағы,жиектеу тігісі үшін өлшемі, 15*3 см және жөрмеу үшін, 13*5 см қиғаш мата жолағы, тіптер, тігін машинасы

Жұмыстың барысы:

  1. Бөлшектердің өңін ішіне қаратып, қиықтарды теңестіре қосып көктеп тігу.

  2. Қиықтардың шетінен 5-7мм қалдырып, машинамен тігім жүргізу.

  3. Тігіс кеңдігін 3-5мм мөлшерде қалдырып қию. Тігіс кеңдігін 0,5мм қалдырып,ішкі жағынан бұрыштарды қию

  4. Ішкі контур бойынша тігімге қалдырған орынды бірдей арақашықтықта бірнеше рет тілу керек. Бөлшектерді өң жағына айналдыру, үлкен бөлшектен ені 1-2мм шеттік жасау.

  5. Шеттікті бекіте отырып, бүктемеге жақын түзу немесе қиғаш инешаншыммен тігу.

  6. Үтіктеу. Негізгі бөлшектің ашық қиығын ирекпен өңдеу.

  7. Бөлшектерді жөрмеу, шеттіктен тігіс ені 0,7-1см машинамен тігім жүргізу.

  8. Көктеу тігістерін алу.Жөрмелген тігісті үтіктеу.

ҮІ.Ағымдығы нұсқау

Жұмыс орнының ұйымдастрылуын тексеру

Сарамандық жұмыстың орындалуын тексеру

Техника қауіпсіздік ережесін тексеру

Рефлексия

  1. ігістің қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Машинамен орындалатын тігістер туралы не айта алысыңдар?

  3. Жөрмеу тігісінің қалай орындалатынын айтып беріңдер.

Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар

Менің жаңалығым






Үйге тапсырма

Әрлеу тігісін орнындап келу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Тігіс түрлері

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар үлестіріледі


Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Машина  тігістеріне  терминологиялық  түсінік  беру :

     а)  тігіс – бұл  екі  немесе  көп  бөлшектің тігіспен  біріккен  орны .

     ә)  Айыра  үтіктеп  бекіту  тігісі – бұйымның  негізгі  бөліктерін, сонымен  қатар  майда  бөліктерін бір – бірімен  біріктіру  үшін  оң  беттерімен ішке  қарай  беттестіреді .

б)   Тігісті  бір  жаққа  қарай  жатқыза  үтіктеп  бекіту  тігісі – белдің , бүрменің  бөліктерін  тігу үшін . Бөліктерді  оң  беттерімен  ішке қарай  беттестіреді .

в)  Жабық  кесікті  бүгіп  тігу – бұл  тігіс  шеткі  тігіске  жатады. Бұйымның  шетін өңдеуде қолданылады. Операция  бастырып тігу  деп  аталады .

Сергіту сәті

 « Бір  сабақ  жіп » ертегісі  бойынша  « Салақтан олақ  жаман » деген  мақалды  дәлелдеу .

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

Машина  тігістерін  орындауға  қойылатын талаптармен таныстыру:

      а)  машина  жіптерінің және  иненің  номерлері мата  қалындығына  сәйкес  болу  керек .

ә)  тігістікке қалдырылған қосымша  иненің оң  жақтан  қалдырады.

б)  ішкі  машина  тігістері  мата  түсіне  сәйкес  таңдалады .

в)  машина  тігісінің  басы  мен  соңы  бекітіледі .

г)  тігіс  екі  технологиялық  картаның  нұсқауына  сәйкес  болу керек .

1. Сұрақ – жауап  арқылы  оқушылардың  түсінігін тексеру .

а)  машина тігістерінің  түрлері

ә)  біріктірулі  тігістері  не  үшін  қолданылады ?

б)  шеттік  тігістер  не үшін  пайдаланылады ?

Ой толғаныс

2.   Бекіту  мақсатында  практикалық  жұмыс  орындау .

а)  тігін  машинасымен тігіс  түрлерін орындап  көрсету .

ә)  оқушылардың  өздігінен  тігіс  түрлерін  тігіп  үйрету .

б)  жұмыс  барысында  техника  қауіпсіздік  ережесін  сақталуы қадағалау  және  тігіс  сапасына  назар аудару .

БББ кестесі


Білем

Білдім

Білгім келеді





Үйге тапсырма

 Келесі  сабаққа  мата  кесінділерін әкелу (қайшы, жіп).

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс







Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!