Просмотр содержимого документа
«Тік белдемшенің төменгі қиығын өңдеу.Тік белдемшенің соңғы өңделуі.»
Кужакова Тойдык Куанышевна
Өңдірістік оқыту шебері
Орал «Сервис» технологиялық колледжі
№ 6 сабақтың жоспары.
Бағдарлама тақырыбы: Тік белдемшені өңдеу.
Сабақтың тақырыбы: Тік белдемшенің төменгі қиығын өңдеу.Тік белдемшенің соңғы өңделуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тік белдемшені ылғалдық - жылулық өңдеуден өткізуден оқушылардын білімі мен дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық : оқушылардың тиімді жұмыс тәсілдерін пайдалана білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды тәртіптілікке, эстетикалық мәнерге, еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.
№ қ/с | Сабақ кезендерінің атауы | Уақыт мин. | Іс-әрекет пен мазмұнын сипаттау | Оқыту әдісі | Сабақтың жабдықталуы |
I. | Ұйымдастыру бөлімі. | 5 мин. | Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру. | | Қол құрал- жабдықтары, тігін құрал- жабдықтары, бұйым. |
II. | Кіріспе нұсқау. | 90 мин. | Сабақтың тақырыбы:Тік белдемшенің төменгі қиығын өңдеу.Тік белдемшенің соңғы өңделуі. Мақсаттары мен міндеттерін анықтау. Тік белдемшені ылғалдық - жылулық өңдеуден өткізуден оқушылардын білімі мен дағдыларын қалыптасты- ру.Жаңа тақырыпты түсіндіру | Әңгімелеу, көрнекілік, репродук-тивтік. | Дайын бұйымдар. |
III. | Оқушылардың жаттығулары мен ағымдық нұсқау. | 3 сағ. | Оқушылардың өздік жұмысы. Тік белдемшенің төменгі қиығын өңдеу.Тік белдемшенің соңғы өңделуі. | Әңгімелеу, көрнекілік, репродук- тивтік. | Дайын үлгілер мен бұйымдар, тігін машиналары. |
IV. | Қорытынды нұсқау. | 25 мин. | Сабақты қорытындылау. Бұйымды дайындауды бағалау және қорытындылау. Білімдері мен дағдырларын практикалық жұмыстарда қолдану. | Әңгімелеу, көрнекілік. | Дайын бұйымдар. |
Тік белдемшенің төменгі қиығын өңдеу
Тік белдемшенің етегі үлгісі мен мата қасиетіне байланысты әртүрлі тәсілмен өңделуі мүмкін: жабық қиықты етегі қайырылған тігіспен, етегін қайырып, торланған ашық қиықты тігіспен, шеттікті немесе жабық ызбамен.
Тік белдемше етегін алдын ала дәлдейді. Ол үшін белдемшені өң бетімен алдыңғы және артқы бөліктерінің бүйір тігістерін, бүкпелерді, етек қиықтарын т.б. сәйкестендіріп, ортасынан бүктейді. Лекало көмегімен дәлдеп, етегінің қайыру сызығын салады. Белдемшенің төменгі қиығын арнаулы машинамен өң жағынан торлайды. Содан соң қайыру қосымшасын бір немесе екі тігіммен бүгіп көктейді.Қайырылатын қиықты бүктемеден 10мм етіп бірінші тігіммен бүгіп көктейді, ал екіншісін-торланған қиықтан 10мм бүгіп көктелген етекті қолмен (жасырын жапсыру инешаншымымен) немесе арнаулы машинамен жапсырып тігеді.
Тік белдемшенің соңғы өңделуі
Белдемшенің үлгісіне байланысты белдемшенің белдігіне ілмектерді белгілеп, арнаулы машинамен негізгі мата түсіне сәйкес түсті жіппен ілмектерді торлайды, ылғалдық жылумен өңдеу алдында уақытша салынған жіптің бәрін алып тастайды.
Дайын белдемшенің ылғалдық-жылулық өңдеу ылғалды өтекпен белдемшенің теріс жағынан белдікті өтектеуден бастап орындайды. Содан соң белдемшенің алдыңғы және артқы жағын сол жақ бүйір тігісінен бастап бұйымның етегіне жеткізбей өтектейді. Белдемшенің өң жағына айналдырып, төменгі шетін жұмыс жасаушыға қаратып жатқызады. Жоғарғы шетін қайтарып қойып, белдемшенің етегін біртіндеп бұйымды қозғай отырып, бастыра өтектейді.
Тексеру жұмысы№2
Қалай ойлайсыз, қандай жағдайда бұйымның етегін екі тігіммен , ал қандай жағдайда бір тігіммен бүгіп көктейді?___________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
СӨЗЖҰМБАҚ «Ылғалдық- жылулық өңдеу»
13 | | | 1 | | | |
| | | | | |
| | | | |
| | | | | | | 6 | | 12 | |
| | 7 | | | 14 | | | |
2 | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | |
| | 4 | | | 18 |
| | | | |
9 8 | | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | | | 19 | | | | | |
| | 3 | | | | | 15 | | | | | | |
| | | | 16 | | | | | | | |
10 | | | | | | 11 | | | | | | | | | |
| | | | 5 | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | |
| | | | |
| | 17 |
Көлденең:
2.Бу ағынымен жылтыр дақтарды кетіру. 3.Өтек немесе пресс арқылы негізгі бөлшектерді астараралық бөлшектермен қосу. 5.Жартылай дайын бұйымды өтектеу үшін не қолданылады? 7.Өтектеушінің аяғының астында қандай кілемше болуы керек? 8.Бүкпелердің созылған тұстарын өтектеу түрі 10.Тігіс енін бір жағына қарата өтектеу. 13.Тігіс қалыңдығын, бөлшек шетінің қалыңдығын өтектеу.
Тігінен:
1.Бумен өтектеу қандай процеске жатады? 4.Өтектің құрамды бөлігі. 6. Киім отырмас үшін алдын ала ылғалдық - жылулық өңдеу. 9.Баспақтың жұмыс құралы. 11.Тігіс енін екі жағына қарата өтектеу. 12.Бұйымға форма беру үшін қандай материал қолданамыз?
Жасырын сөз: (Белдемше)
Тексеру жұмысы
Тік белдемшенің негізгі тігістерінің орындалу тәсілдерін сурет немесе сызба арқылы көрсетініз.

