СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тіке бағытта еңбектеу (4 м қашықтықта) Отырып аяқ алшақ қалпында допты бір-біріне домалату.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Пән: Денешынықтыру

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»

Тақырыбы: Тіке бағытта еңбектеу (4 м қашықтықта) Отырып аяқ алшақ қалпында допты бір-біріне домалату.

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Ара қашықтықты сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Допты қолмен түрту күшін дамыту, допты бірбіріне домалату дағдысын бекіту.

Оқыту: Бағытты сақатай отырып еңбектеуге үйрету. 

Педагогикалық технологиялар: Денсаулық технологиясы. Ойын технологиясы. Дамыту технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Доп

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Кіру, жүру, амандасу, бұрылу, дем алу, дамыту жаттығуларын бір тізбек жасап жүру.

2.Негізгі бөлімі:

Спорт залына балаларды шақыру, бір-бірінің артынан жүргізу, бір қатарға тұрғызу, амандасу, сабақтың тақырыбын айту, жаттығу жасағанда балаларға көмек жасау.

  1. Тіке бағытта еңбектеу (4 м қашықтықта)
  2. Аяқ алшақ қалпында допты бір-біріне домалату.
  3. Ойын: «Тезірек шеңберге»

1.Бір бағытта еңбектеу арқылы арақашықтық сақтау

2.Допты домалату арқылы аяқ алшағын ескерту. Бір қатарға саппен 4 м қашықтықтығында жүру, жүгіру, көрсту.

3.Қорытынды:

  Дем алатын жаттығулар, қатарға тұру, сапқа тұру, сабақты қорыту. 

Просмотр содержимого документа
«Тіке бағытта еңбектеу (4 м қашықтықта) Отырып аяқ алшақ қалпында допты бір-біріне домалату.»

Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу

қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 09.09.2019ж.

Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Сенсорика

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»

Тақырыбы: Шуақты күн

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру

Дамытушылық: Елестету , қиялдау қабілеттерін дамыту

Оқыту: Күн шуағын бейнелеуге үйрету

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Күннің көзі, түрлі-түсті доптар

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Ойындық жағдаят

Балаларға ойынға ит келеді. Ол өзімен әртүрлі түсті шеңберлер ала келеді және онымен ойнауды ұсынады.

2.Негізгі бөлімі:

Тәрбиеші фланеграфқа бұлт пен күннің жапсырадыда тақпақ оқиды.

Бұлт тығылып орманға,

Шықты күнім аспанға.

Сондай таза сәулелі,

Даярмыз аялап ұстауға.

Тәрбиеші тақпақты тағы бір қайталап шығады.

Сөздік жұмыс:

Шуақты күн

-Қәне, балалар, күнімізге күліп және ауа арқылы сүйіп, қол бұлғайық.

-Балалар, күннің түсі қандай?

-Міне, мынандай сары түсті.

-Ал мынандай түстен не болуы мүмкін?

Фланеграфтағы жасыл дөңгелектерді көрсетеді.

-Ал, мынандай түстен (қызыл) не болуы мүмкін? Фланеграфқа қояды.

-Балалар, бізде не сары түсті?

-Ал, көк түсті ше?

-Ал қызыл түсті ше?

Балалармен жұмыс жүргізіледі.

«Түрлі түсті доптар»

Тәрбиеші түрлі-түсті доптармен ойнауды ұсынады. Педагог мына сөздерді айта отырып, допты балаларға қарай лақтырады.

3.Қорытынды:

«Қағып ал менің қызыл (сары, жасыл, көк) добымды,

Маған лақтыр жасырма оны!»

Тәрбиеші әрбір баламен жеке ойнайды.

«секір добым асықпай,

Ойнасын барлық балақай!»

Балаларды мадақтау.





Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу

қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 09.09.2019ж.

Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»

Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар

Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларды ойыншықтардың түрімен,түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.

Оқыту: Ойын арқылы қызығушылығын арттыру, түсіндіру, әңгімелеу сөйлеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері

Біздің топта ұл- қыздар

Тату –тәтті ойнаймыз.

Дыбыстық жаттығулар:

а- а- а – ана

а- а- а - ата

ә- ә- ә – әке

ә- ә- ә – әже

Қуыршақ Гауһардың қолында сиқырлы қоржыны бар, есікті қағып кіріп келеді, балалармен амандасады:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Балалар, бұл не ?

- Кукла – қуыршақ.

- Қуыршақтың аты – Гауһар.

2.Негізгі бөлімі:

Қуыршақ Гауһар балаларға сиқырлы қоржының ішінде қандай ойыншықтары бар екенін айтып, таныстырады.

- Бұл ойыншық – машина.

-Балалар, бұл не?

- Балалар машинамен ойнайды, ал қуыршақпен қыздар ойнайды.

-Мынау не?

4. Сергіту сәті:

Қоян, қоян тұршы,

Беті –қолды жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Д/о: «Дұрыс айт, көрсет»

/ Суретті көру/: Мынау не?

3.Қорытынды:

Ойын «Не жоқ?»

Қуыршақ Гауһар үстелдің үстіне қоян, машина, кішкене қуыршақ, қоян, аю тізіп қойып, балаларға көздерін жұмғызып, бір ойыншықты жасырады. Балалар жасырылған ойыншықты табулары керек.


Қуыршақ Гауһар басқа балаларға баратынын айтып, қоштасады: Сау болыңдар, балалар!

- Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма сендерге?

- Сау болыңдар!

Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу

қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 12.09.2019ж.

Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Пән: Денешынықтыру

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»

Тақырыбы: Тіке бағытта еңбектеу (4 м қашықтықта) Отырып аяқ алшақ қалпында допты бір-біріне домалату.

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Ара қашықтықты сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Допты қолмен түрту күшін дамыту, допты бірбіріне домалату дағдысын бекіту.

Оқыту: Бағытты сақатай отырып еңбектеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Денсаулық технологиясы. Ойын технологиясы. Дамыту технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Доп


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Кіру, жүру, амандасу, бұрылу, дем алу, дамыту жаттығуларын бір тізбек жасап жүру.

2.Негізгі бөлімі:

Спорт залына балаларды шақыру, бір-бірінің артынан жүргізу, бір қатарға тұрғызу, амандасу, сабақтың тақырыбын айту, жаттығу жасағанда балаларға көмек жасау.

  1. Тіке бағытта еңбектеу (4 м қашықтықта)

  2. Аяқ алшақ қалпында допты бір-біріне домалату.

  3. Ойын: «Тезірек шеңберге»

1.Бір бағытта еңбектеу арқылы арақашықтық сақтау

2.Допты домалату арқылы аяқ алшағын ескерту. Бір қатарға саппен 4 м қашықтықтығында жүру, жүгіру, көрсту.

3.Қорытынды:

Дем алатын жаттығулар, қатарға тұру, сапқа тұру, сабақты қорыту.













Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу

қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 11.09.2019ж.

Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»

Тақырыбы: Достарыма арналған тоқаштар

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Ара қашықтықты сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Допты қолмен түрту күшін дамыту, допты бірбіріне домалату дағдысын бекіту.

Оқыту: Бағытты сақатай отырып еңбектеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы. Дамыту технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Доп


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Кіру, жүру, амандасу, бұрылу, дем алу, дамыту жаттығуларын бір тізбек жасап жүру.

2.Негізгі бөлімі:

Спорт залына балаларды шақыру, бір-бірінің артынан жүргізу, бір қатарға тұрғызу, амандасу, сабақтың тақырыбын айту, жаттығу жасағанда балаларға көмек жасау.

  1. Тіке бағытта еңбектеу (4 м қашықтықта)

  2. Аяқ алшақ қалпында допты бір-біріне домалату.

  3. Ойын: «Тезірек шеңберге»

1.Бір бағытта еңбектеу арқылы арақашықтық сақтау

2.Допты домалату арқылы аяқ алшағын ескерту. Бір қатарға саппен 4 м қашықтықтығында жүру, жүгіру, көрсту.

3.Қорытынды:

Дем алатын жаттығулар, қатарға тұру, сапқа тұру, сабақты қорыту.













Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу

қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 13.09.2019ж.

Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Пән: Денешынықтыру

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»

Тақырыбы: Тіке жолмен жүру (ені 25 см, ұзындығы 2,5 см)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Шапшандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тіземен қолдың тірегі арқылы еңбектеуде аяқ пен қолдың үйлесуі дағдыларын бекіту.

Оқыту: Шектелген аумақ арқылы жүруде тиянақты сақтауға үйрету

Педагогикалық технологиялар: Денсаулық технологиясы. Ойын технологиясы. Дамыту технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Доп

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Кіру, жүру, амандасу, бұрылу, дем алу, дамыту жаттығуларын бір тізбек жасап жүру.

2.Негізгі бөлімі:

Балаларды шақыру, бір-бірінің артынан жүргізу, бір қатарға тұрғызу, амандасу, сабақтың тақырыбын айту, жаттығу, жасағанда балаларға көмек жасау.

  1. Тіке жолмен жүру (ені 25 см, ұзындығы 2,5 см)

  2. Допты домалату арқылы, аяқ алшағын ескерту.

  3. Ойынның шартын айту.

1.Бір бағытта еңбектеу арқылы арақашықтық сақтау

2.Допты домалату арқылы аяқ алшағын ескерту. Бір қатарға саппен 4 м қашықтықтығында жүру, жүгіру, көрсту.

3.Қорытынды:

Дем алатын жаттығулар, қатарға тұру, сапқа тұру, сабақты қорыту.













Кіші жас «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу

қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 13.09.2019ж.

Тәрбиеші: Молдахметова Г.М.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»

Тақырыбы: «Мен және мені қоршаған орта»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, жаңашырлыққа, табиғаттын байлығын тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.Дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.

Оқыту: Адам мен табиғаттың байланысы, табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін терендете түсу. Қоршаған орта жайлы түсіну.

Педагогикалық технологиялар: тақпақ жаттау, суретпен жұмыс. Ойын: «Кім жылдам»

Ресурстармен қамтамасыз ету: Күз мезгілі жайлы түсінік беру.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балаларға күз мезгілі туралы айтып беру.

Ауа-райының өзгеруі жайлы түсінік беру.

2.Негізгі бөлімі:

Күз мезгілінде үш ай бар «Қыркүйек, Қазан, Қараша»

Күз мезгілінің суреттерін көрсету. Күз мезгілінің ерекшеліктерін атау.

Күзде жеміс-жидектер піседі.

Күз туралы тақпақ жаттау.

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Балаларға көкөністер мен жемістердің суреттерін көрсету.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

3.Қорытынды:

Ойын: «Кім жылдам» Кім тез жапырақ жинайды.

Балаларды мадақтау.