СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Тіл – ақылдың өлшемі».doc

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
««Тіл – ақылдың өлшемі».doc»



АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ



«№57 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі









ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КҮННІҢ ІС ШАРАСЫ:

«Тіл – ақылдың өлшемі»





Жауапты: Омариева Гүлнұр Забенқызы -

директордың ғылыми-әдістеме ісі

жөніндегі орынбасары





















19 қыркүйек 2008 жыл

Тақырыбы: «Тіл - ақылдың өлшемі».

Қонақтар: Ақын - Мұхтар Шаханов, Төлеген Айбергеновтың қызы - Айбергенова Хорлан Төлегенқызы, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы, Астана қаласы Білім басқармасының бастығы.

Ақпараттық бұқаралық арналар: Қазақстан телеарнасы,ЭРА TV,Айқап газеті,Астана ақшамы газеті

Өткізілетін күн: 19.09.2008 жыл

Басталу уақыты: 10:00

Ашылу салтанатының өткізілетін орны: Акт залы.

Өтілу барысы:

Жүргізушілер: Шнанов Өтелбек Ризабекұлы және Ойшыбаева Айбала Саянқызы

Өтелбек: Құрметті, бүгінгі қонақтар, оқушылар «Тілдер мерекесіне» арналған кешімізге қош келдіңіздер! 22-қыркүйек тілдер мерекесі құтты болсын!

Айбала: Қазақ тіліміздің мәртебесі биік, тамыры терең болғай, әрдайым!

Хор «Атамекен»:

Жетекшісі: Әбет Елена - музыка пәнінің мұғалімі.

Айбала: Бүгінгі кеш қонақтары:

1. Қазақ ұлтының сүйікті ақыны - Мұхтар Шаханов ағамыз.

2. Ақын, ұлт жанашыры Төлеген Айбергенов ағамыздың қызы -

Айбергенова Хорлан Төлегенқызы.

3. Тілдерді дамыту басқармасының басшысы, тіл жанашыры - Оразкүл Асанғазы.

4. Астана қаласы Білім басқармасының басшысы - ұлт болашағының тәрбиелеушісі - Бимендина Әсима Темкенқызы.

Өтелбек: Төлеген Айбергенов ағамыздың армандаған тойы бүгін біздің №57 мектептің шаңырағына келіп жеткендей, халайық!

Төлеген Айбергенов «Бір тойым бар». Орындайтын 10-сынып оқушысы - Өскенбаева Ұлбике.

Өтелбек:

Пайымдаймын, мойындаймын, сен - данасың, мен - бала,

Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана.

Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала,

Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты.

Толғандырған, таң қалдырған Махамбет пен сен ғана,-деп Төлеген ағамызға арнап Мұхтар Шаханов ағамыз жырлаған.

Бүгінгі кеш тіл жанашырларын дәріптейтін, тіл мәртебесін көтеретін кеш.

Өтелбек: Қонақтарды бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз мекемеміздің басшысы, мектеп директоры Жүсіпова Зәуре Ғинаятқызына беріледі.

Айбала:

Не жақсылық болса алдымен елге болсын дегенсің,

Сондықтан да сенің даңқың сенің салтың көгерсін,- деп жырлаған халқымыздың сүйікті ақыны Мұхтар ағаға сөз береміз.

Өтелбек:

Ұлт рухы қай кезде қанаттыға Астана,

Айбергенов шыңын көрсең, атыңнан түс, жас бала!

Төлеген Айбергенов ағамызға қашанда бас иеміз! Сөзді, Төлеген ағаның қызы Айбергенова Хорлан Төлегенқызына береміз.

Жыл өткен сайын тіл мәртебесінің өсуіне тікелей еңбек етіп жүрген апаларымыз, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы - Оразкүл Асанғазы мен Астана қаласы Білім басқармасының басшысы - Бимендина Әсима Темкенқызына сөз береміз.

Мұхтар Шаханов «Төрт ана». Орындайтын 8-сынып оқушысы Боданов Амангелді.

Өтелбек: Ананың тарту күші, жердің тарту күшінен мың есе артық деп Төлеген аға жырласа, дұрыс жырлаған. Бала тәрбиесі ана қолында, ана тілі ана сүтімен дариды.

Төлеген Айбергенов «Ана». Орындайтын 9-сынып оқушысы Жұмабаев Алтынбек.

Айбала: Өтелбек, осы оқушылар мұғалімді екінші анамыз дейді ғой.

Өтелбек: Иә, ол дұрыс айтылған сөз. Тілді бірінші ана дәріптесе, екінші дәріптеуші - ұстаз.

Айбала: Біздің мектебімізге басқа ұлт ата-аналары балаларын оқуға беріп жатқаны қуантарлық жағдай. Тіл мәртебесі өсті деген осы! Жыл сайын ол балалардың саны көбеюде.

Ортаға 4-сынып мұғалімі Тағыберген Жұлдыз Өміртайқызын оқушысымен шақырайық.

Ән «Қазақтың елі».

Өтелбек: Ортаға бүлдіршіндерді шақырамыз.

Тақпақтар оқылады.

Саржанов Айтмұхамбет: Балалар мен сендерге аға ретінде өсиет айқым келеді.

Айбала: Келесі әнді кеш қонақтарына арнаймыз!

Ән «Туған ел». Оқушылар - Саламат пен Еркеназ.

Өтелбек:

Бақытты ғой - шынында ел сенімін артқандар,

Туған жерде пайғамбардай қасиетті қарттар бар.

Бүгінгі ұрпақтан ағаларымызға мың алғыс! Біздің шалғайда орналасқан мектебімізге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз! Бүгінгі Сіздермен болған аз ғана уақытты оқушылар мәңгі естерінде сақтайтыны һақ!

Айбала: Құрметті, қонақтар, «Тілдер мерекесін» мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары және жас мамандары өз сабақтарымен жалғастырады.

Ортада мұғалімдеріміз:

Бастауыш сынып мұғалімдері:

  1. Омарова Нағима Тұрғынбайқызы.

  1. Әлжанова Сабира Жайсаңбайқызы.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:

  1. Шнанов Ризабек Шаймерденұлы,

  1. Даулетова Гулфайруз Ермекбайқызы.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:

  1. Саденова Майра Ғабдуллақызы.

  1. Усенбаева Жазира Сабырқызы.

Шет тілі пәнінің мұғалімдері:

  1. Байкенова Гүлзада Ерікқызы.

  1. Қожанова Салтанат Орынтайқызы

Жаратылыстану пәнінің мұғалімдері:

1. Иманбаева Жанат Бопайқызы.

2. Садықбекова Ләззат Амангелдіқызы.

Өтелбек: Құрметті, қонақтар, сыныптарға өтулеріңізді сұраймыз.