СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"тіл дамыту" ойындары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды? тілдерін,с?здік ?орын дамыту барысында ??растырыл?ан ойындар.Жас ерекшеліктеріне сай.Б?л ойындарды бос уа?ытта немесе ?йымдастырыл?ан о?у іс ?рекеттерінде ?олдану?а болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды? жан-жа?ты дамуы ?шін ойынны? р?лі ерекше. Ойын баланы? барлы? ?абілетіні?, тіліні? дамуына, айналасында?ы д?ние жайлы т?сініктеріні? ке?ейуіне, ??рбылармен жа?ындасуына к?мектеседі. Балалар ойын ар?ылы тез тіл табысып, жа?сы ??ысады, бірінен-бірі ептілікті ?йренеді.

     Ойын ?стінде бала ?зін еркін ?стайды, ал еркіндік дегеніміз барлы? дамуды? баспалда?ы. Сондай-а? ойын баланы? болаша? ?міріне есік ашып, оны? ізденімпазды?, тап?ырлы? ?абілетін оятады, жеке ?асиеттерін ?алыптастырады. 

Просмотр содержимого документа
«"тіл дамыту" ойындары»

«Қатынас»

Тіл дамыту


«Қарама – қарсы сөздер».


1 нұсқа (3-5):

Мақсаты: Балалар ойынды ойнай отырып, қарама-қарсы сөздерді дұрыс тауып айтуды үйрету. Тілдерін және ойлау қабілеттерін дамыту.

2 нұсқа (5-6):

Мақсаты: Антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту,

Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.

Көрнекілігі: Доп, карточкалар.

Ойын шарты: Тәрбиеші шеңбер бойымен тұрған балаларға кезекпен допты лақтырып антоним сөздерінің бірін айтады, ал допты ұстап алған бала тәрбиешіге кері лақтырып, айтылған сөзге қарама-қарсы сөзді айтуы керек.



«Ойлан да аяқта».


1 нұсқа (3-5):

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, сөйлеу барысында қолдануларын қалыптастыру.

2 нұсқа (5-6):

Мақсаты: Тілдің грамматикасын дұрыс сақтауын қалыптастыру, сөйлеу іскерліктері мен сөздік қорын байыту.

Ат шабады, ал қарқа ...(ұшады)

Ит үреді, ал қарға...(қарқылдайды)

Жылан жорғалайды, ал балық...(жүзеді)

Қасқыр ұлиды, ал қой...(маңырайды)

Түйе боздайды, ал жылқы...(кісінейді)

Лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)

Өзен арықтан терең, ал арық...(саяз)

Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық... (үстелден аласа)

Сен аяғыңмен жүресің, ал затты ұстағанда немен ұстайсың... (қолыңмен)

Егер Самал үйден Айманнан бұрын шықса, ал Айман ... (кейін)







«Қажетті суретті тап»


1 нұсқа (3-5 ):

Мақсаты: Логиқалық ойлауға үйрету, күн тәртібіне қажет іс-әрекетті еске түсіру; қай кезде, не істелетінін айтуға үйрету.

2 нұсқа (5-6 ):

Мақсаты: Логиқалық ойлауға үйрету, күн тәртібіне қажет іс-әрекетті еске түсіру; қай кезде, не істелетіні жөнінде сөйлем құрап айтуға үйрету; түрлі жаттығу жұмыстарын өздігінен орындауға төсілдіру.

Керекті заттар: үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арнаған ыдыстар, ермек саздан, балшықтан жасалынған тоқаш, нан, бауырсақ, шұжық, айран, сүт, шәй қораптары.

Ойынның барысы.

Ойын суреттер қатыстырылып жүргізілсе, тәрбиеші үлкен суретті, мысалы, үлкен тәрелке немесе қасық ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттарды алып, үстелге қояды. Не істегені туралы айтады. Мәселен қасықтың суретін алса: «Мен қасық алдым. Қасықпен тамақ ішеді. Қасық ағаштан, (металдан) жасалынған. Бұл үлкен қасық. Онымен сорпа ішеміз»,- деп жауап береді. Ойынның соңында балалар ойынға қатысты заттардың суретін салады.



«Сен нені ұнатасың?»


1 нұсқа (3-5):

Мақсаты: Көкөністер мен жеміс жидектерді таный біліп, дұрыс атату, ұқсас жемістер мен көкөністерді табуға дағдыландыру.

2 нұсқа (5-6):

Мақсаты: Көкөністер мен жеміс жидектерді таный біліп, дұрыс атату, сөздік қорларын молайту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Көрнекі құралдар: көкөністер мен жеміс – жидектер суреттері.

Ойынның барысы.

Көкөністер мен жеміс-жидек суреттері алынған карточкалар тақтаға ілінеді. Үстел үстінде көкөніс, жеміс суреттері аралас жатады. Шақырылған бала өзіне ұнаған жеміс немесе көкөністерді танып алады да, карточкаға (қалтаға) салады. Қайда өсетіні, түсі, пішіні, дәмі туралы сипаттап айтады.










«Жалпы атауын ата»


1 нұсқа (3-5):

Мақсаты: Балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе, ең соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешу арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.

2 нұсқа (5-6):

Мақсаты: Балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе, ең соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен айтқызу. Көкөністер деген сөзге сөйлем құрастыру, көкөністер қалай өсіп шығатынын қимылмен көрсету. Түстеріне, пішініне қарап бір - бірінен айырмашылықтарын салыстыру.

Көрнекілік: жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары, үй жиһаздары.

Ойынның барысы.

Тәрбиеші балаларға хатқалтаның ішіне салынған жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары, үй жиһаздарының суреттері бар бірнеше сериялы дидактикалық материалдарды таратып береді. Осы материалдарды жалпы атауына сәйкес топтастыру қажет. Өзінің топтағанын дәлелдеп айтуы тиіс.

Мысалы: алма, өрік, алмұрт жемістерге жатады. Өйткені олар-жеміс ағаштары.

«Заттың атын ата»


1 нұсқа (3-5):

Мақсаты: Заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын дамыту.

2 нұсқа (5-6):

Мақсаты: Заттың сапасын сипап байқату арқылы ажырата білу және оларды тегіс, кедір – бүдір, жұмсақ, қатты, қою, сұйық, ауыр, жеңіл деп дұрыс атай білуді дамыту.

Көрнекілігі: ыдыс, көкөніс пен жемістердің суреттері, муляждары, қоржын.

Ойынның барысы.

Әр түрлі жемістер немесе көкөністер суреттері және муляждар салынған ыдыстан бір бала осы заттардың бірін алады. Алған затының атын атап, оны жан-жақты сипаттайды. Баланың көзін байлап, қоржыннан кез келген затты алғызуға болады. Бала оны сипалап, не екенін ажыратады да атын айтып, сипаттайды, атын айтады.










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!