СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тіл сабақтарында АҚТ мүмкіндіктерін қолдануа отырып оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейкесті мәселе ретінде  күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып мазмұны да өзгеріп отыр. Сөйтіп Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда.

Просмотр содержимого документа
«Тіл сабақтарында АҚТ мүмкіндіктерін қолдануа отырып оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру»

Тіл сабақтарында АҚТ мүмкіндіктерін қолдануа отырып

оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру


Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі,

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы,

Ахметова М.Ж


Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып мазмұны да өзгеріп отыр. Сөйтіп Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де Президентіміз Н.Ә.Назарбаев назар аударып, республикалық мұғалімдер сьезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе –ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интелектуалды және рухани ахуалын барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады»,- деген болатын[1].

Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев ХХІ ғасырды - «білім ғасыры» деп атауы бекер емес-ті. Ал қазіргі білім берудің стратегиялық мақсаты- өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге қабілетті іскер маман тәрбиелеуді қамтамасыз ету.

«Тіл – ұлттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт.Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең – ол күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу – бұл сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате» ,- дейді Х. Досмұхамедов. Сондықтан, мемлекеттік тілді меңгерту, өркендету, баға жетпес мұрамызды өзге ұлт өкілдеріне дәріптеу, біздің - басты мақсатымыз. Тілді оқыту ісімен шұғылданатын мамандардың арасында тек бір ғана сұрақ : қазақ тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізуге қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған дұрыс. Сөйтіп келе, бұл мақсатты іске асыру үшін оқытушылар жаңа коммуникациялық технологияларды сараптай отырып, тиімдісін өз тәжіріибесіне кеңінен пайдаланады.

Тіл сабақтарында тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым әрекеттері танымдық қабілеттілікті қалыптастырудың құрамдас бөліктері. Оқушылардың білік, дағдылардың барлық түрлерін қалыптастыруда жаттығулар және мәтінмен жұмыстың мәні зор. Олардың негізінде дағдылар автоматтандырылып, біліктіліктер жетіледі. Ал күнделікті, жүйелі жаттығуларсыз білік, дағдылар өз қасиеттерін жоғалтады. Сонымен қатар, өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға көмектеседі. Бұл мақсаттарға жетуде көптеген технологиялар өз септігін тигізеді. Соның ішінде бүгінгі таңда көрнекілік және техникалық құралдарды қолдану әдісін АҚТ-ның бір өзі атқара алады. Себебі ақпараттық технология – ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы. Ең басты назар аударатын мәселенің бірі - компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал оқытушы үшін жұмысшы құралы болып табылады. Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшеленеді. Өзге құралдардан ерекшелігі- оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл мәтінді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.

Тиімді қолданылған электронды оқулықтар- автоматтандырылған оқыту жүйесін, өзіне дидактикалық, ақпараттық анықтамаларды алуға және ұтымды бақылуды қамтамасыз етеді. Ал қолданыстағы мультимедия көпбейнелі әртүрлі ақпараттарды, сөзді және әуенді өнімдерді тиімді қолдануға септігін тигізеді. Бүгінгі таңда электронды оқулықтар, тексеру бағдарламалары, оқыту бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді. Сонымен жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану оқытушының көптеген қызметтерін жеңілдетеді.

Тіл сабақтарында сабақтарда өзім қолданып жүрген танымдық бағыттағы жұмыс жұмыс түрлеріне тоқталып өтейін. Мысалы: Тыңдалым тіл үйретудің негізі болып табылады. Сондықтан оқытушы танымдық және қатысымдық бағыттағы тапсырмаларды кеңінен қолданған дұрыс. Әсіресе сабақта оқытушы өмірде кездесетін тыңдалым жағдайларын оқушы деңгейіне қарап алып, тапсырмаларды да осыған байланысты жасағаны дұрыс.

Бұл жұмыс түрлерін іске асыру барысында мультимедия көпбейнелі техниканың үлесі зор. Себебі, сөзді және әуенді тиімді пайдалана отырып, оқушылар белсенді коммуникацияға түседі. Сонымен қатар бұл жұмыс түрлері сауатты жазу дағдаларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекеттерді біріктіреді. Ал оқытуда жүргізілетін жазба жұмыстар оқушылардың жазылым әрекетін қалыптастырады. Яғни, жазба жұмыстары бұрын өтілген грамматикалық материалдарды оқушылардың санасына тұрақтанып , ақыл-ой әрекеттері арқылы тиянақты меңгеруге бағытталады. Мысалы, мәтінді оқу, талдау барысында жеке сөздерді жаттап қою не мәтінді аудару емес, өз бетімен, дербес жұмыс жасай білу, білімін толықтыру, белсенді болу дағыларын қалыптастыру болып табылады. Осы аталған жұмыс түрлерін компьютердің көмегімен іске асыру барысында оқушының оқуға деген мотивациясын артырып қана қоймай, оқушы бойында жігер, табандылық сияқты жақсы қасиеттерді ұштаймыз. Себебі тіпті нашар оқитын оқушының да басқа қырынан көрінуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар оқу материалын меңгеру кезіндегі ең басты танымдық және ақпарттық құзіреттілікті қалыптастыруға қажетті бірліктер есте сақтағаымыз жөн:

  • ақпаратты жеткізуші құралдармен жұмыс істей білуі;

  • көмекші құралдарды пайдалану арқылы ақпаратты іздестіру білігі;

  • танымдық және ақпарттық құзіреттілікті қалыптастыруға арналған өздік жұмыстарды орындай білуі;

Тіл үйретудің басты мақсаты-ақпараттар алу арқылы танымды кеңейту болғандықтан, сабақ барысында орындалатын жұмыс түрлері осы қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталуы қажет.

Сабақтарда ақпарттық технологияның көмегімен іске асырылған «Ойын-ойға жетелейді» айдары бойынша жүргізілетін ойындар оқушының ойлау қабілетін ұштау, танымдық қабілетін дамыту үшін қолданылатын ең тиімді жұмыс түрі. Бұл ойындар сөз мәйегі болып келетін мақал –мәтелдерді, жаңылтпаштарды, қанатты сөздерді оқушы жадында сақтау мақсатында жүргізіледі. Себебі, тиімді қолданылған ойын арқылы оқушының танымдық қабілетін дамыта отырып, оқушының назарын тоқтатпай тиісті жұмыс түрлерін іске асыра аламыз. Берілген жұмыстың шешімімен математикалық, фонологиялық,синтаксистік талдауды т.б жұмыстарды интерактивті тақтада қаламмен орындау секілді жұмыс түрлерін іске асырамыз.

Тиімді қолданылған грамматикалық, рөлдік ойындар еркін шығармашылық әрекет ретінде оқушының ойын, сөздік қорын молайтып, еңбектенуге дағдыландырады, ұжымшылдыққа тәрбиелейді. Оның үстіне оқушы іскерлік пен түрлі дағдыны меңгеріп, бекітуді, қорытынды жасауды үйренеді. Мысалы «Тіл тірегі» ойыны арқылы берілген сауалдарға тиісті дыбыстардан ғана басталатын сөйлемдер болуы қажет екені шарт болып табылады.Оқушының сөздік қорын, тіл және сөйлеу мәдениетін бағдарлай аламыз.

Сабақта қолданылған қандай жұмыс түрі болмасын ол оқушының танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруы шарт. Ал осы ақпараттық дәуірде оқушының білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сәйкес білімді бағдарлай білуі, саралауы, іріктеуі оқытушының тәжірибесіне байланысты.

Сонымен АҚТ-ның беретін мүмкіндіктері: жауаптары алдын-ала әзірленген әртүрлі жаттықтыру тапсырмаларын (орнына қою, көп нұсқалардың арасынан таңдау жасау, сәйкестікті табу, аударма жасау) белсенді қолдануда. Тек тіл сабақтарында оқытушы сабақтың лексикасы мен грамматикасының байланысын үзбеуі керек.

Тілді АҚТ арқылы оқыту - тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Сонымен қатар оқушының интелектуалдық, шығармашылық , танымдық және қатысымдық қабілеттерін дамыта алады. Оқушының оқу белсенділігін артырады, сабақтың барлық кезеңдерінде оқушыға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады. Осындай талап қойылған сабақтар оқытушының ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, қолданған әдістемелік ізденісі, әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады. Сонымен, оқушы дүниетанымының негізі, рухани әлемінің бастауы болып келетін тілді жаңа уақыт сұранысымен үндестіре оқыту оқытушының дара тұлғалық қабілеттерін жан-жақты дамытатын танымдық шығармашылық әрекетке келіп саяды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға жететін болады. Еліміздің барлық мектептері мен оқу орындарында қазақ тілінде оқу үрдісі жүріп жатыр делінді.[3]

Бұл тіл мамандары үшін үлкен сынақ..Сондықтан оқу орнын бітіргелі отырған маман мемлекетіміздің кадр саясатындағы мақсаттарға сай болып шығуы шарт. Ол үшін елеміздің жоғарға қарқынмен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті жаңа ұрпақты ,өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді есепке ала отырып оқытуымыз қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер :

1.Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық мұғалімдер сьезінде сөйлеген сөзі

2.Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясында ХІІ сессиясында сөйлеген сөзі

3.Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтар

4.Білім №1,2011ж(5)

5.Қазақ тілі: әдістеме №5,2012ж (49)

6.Қазақ тілі : әдістеме №7,2015ж(51)

7.Қазақстан кәсіпкері №1,2016ж(92)



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!