СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тіл – тіршіліктің бастауы

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Тіл - тіршіліктің бастауы" атты тәрбие сағаты

Просмотр содержимого документа
«Тіл – тіршіліктің бастауы»

Сабақтың тақырыбы: Тіл – тіршіліктің бастауы

Сабақ мақсаты: Тілдің құдіретін, ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілетін арттыру. Туған тілін қастерлеуге, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдісі.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, орыс тілі, тарих, ағылшын тілі

Көрнекі құралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар: интерактивті тақта, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, қосымша мәтін, үлестірмелі қағаздар

Cабақ барысы:

І. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

  • Шеңбер құру арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтады.

  • Оқушыларды топқа бөлемін. Түстер арқылы: көк, сары және жасыл.

  • Топ басшыларына бағалау парағын беремін.

ІІ. «Миға шабуыл»

  • Осы түстерді неліктен таңдап алдыңдар? – Қандай ой келеді?

ІІІ. Мағынаны ажырату

1-топқа: “Тіл – ұлттың жаны” тақырыбы бойынша постер құраңдар.

  • Тілге қатысты азаматтық парыз бен міндет қандай?

Тіл-қатынас құралы

Қазақ тілі –қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап,

ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы 22 қыркүйек айында Қазақстан Республикасы тілдер туралы Заң қабылданып,қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алды.1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Конституцияның 7-бабында былай делінеді:Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.Түркі тілдер ішінде қазақ тіліне

ең жақындары - ноғай (Кавказда), қарақалпақ,татар,башқұрт, қарашай - балқар тілдері. Қазақ тілі – Ресей,Өзбекстан, Қырғызстан,
Түрікменстан, Монғолия,Қытай, Ауғанстан, Иран, Түркия т.б. елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.

Қазақ тіл білімінің негізін салушы атақты ғалымдар Ахмет Байтұрсынов, Нығмет Сауранбаев, Сәрсен Аманжолов т.б. Қазақ әдеби тілінің дамуына үлес қосқан Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин.
Қазақ тілі –бүкіл қазақ халқының игілігі, байлығы. Тілімізді сақтап, дамыту - бәріміздің қасиетті міндетіміз.



2-топқа: «Ана тілдің тағдыры: бүгін және болашақта» деген тақырыпта қазақ тілінің қоғамдағы орны, қолданылуы, мәртебесі және болашақтағы мүмкіндіктері туралы постер жасау.

3-топқа: Берілген мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді үш тілде айтыңдар. (постер құру)

Тіл — адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.

Халқымыздың өткен тарихы, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан-ұрпаққа тарайды. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Халықтың тарихта қалуы тіліне тікелей байланысты.

Дәлірек айтқанда, тіл – халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті.

Қарамен жазылған сөздерді үш тілде айту.

қатынас құралы — средство общения
пікір алмасу — обмен мнением
мамандық — специальность
ұрпақтан-ұрпаққа — с поколения в поколение
өркендеу — развиваться
кескін-келбеті — облик

4-топ: Ағылшын тілінің қазіргі кездегі маңызы қандай? (қазақ тілінде және ағылшын тілінде)

2-тапсырма.

1-топ: Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.

1. Ана тілің алпыс тілге татиды.

2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.  

3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

4. Тіл - достықтың алтын көпірі.

5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі.

6. Тілі өлген ел - тірі өлген ел

7. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

8. Өз тілің - бірлік үшін, өзге тілің - тірлік үшін.

9. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді

10. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.

11. Тіл ақылдың - өлшемі.

12. Ана тілі – бәріміздің анамыз,өйткені ол – ұлтымыздың анасы.

2-топ:

Айналайын боздақтар,
Аралас тілге үнілме!
Баба тілін қадірле,
Болашақтан түңілме!

- Бұл өлең жолдары кімнің өлеңінен алынған?
- Өлең жолдарын бүгінгі күнмен байланыстырыңыз.

3-топ: Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңдар.

Керекті сөздер: өнегесі, бәйгесін, қазақ, баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да, әдебиетін

1. Ана тіліміз дегеніміз – баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың белгісі.
 (Ғ.Мүсірепов.)

 2. Ғұмыр бәйгесінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар. (Әлихан Бөкейханов)

3. Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген,қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. М.Әуезов

4. Тілдің тіршіліктегі мәніне қазақ ежелден көп көңіл бөлген. Сондықтан да «өнер алды – қызық тіл» дейді.

5. Өркениет өнегесі - өз тіліңмен өмір сүру.

Қазақ елі барда қазақ тілі де болады.

Өседі. Өркендейді. Н.Ә.Назарбаев

4-топ. « Адасқан мәтін» Кімнің өлеңі? Өлеңді мәнерлеп оқы.

Күш кеміді, айбынды ту құлады, 
Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады. 
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 
Қан суынған, жүрек солғын соғады. 



Қыран құстың кос қанаты кьірқылды, 
Күндей күшті күркіреген ел тынды. 
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, 
Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды! 



Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың 
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... 
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, 
Нұрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! 



Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, 
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, 
Таралған түрік балаларын бауырыңа 
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!

Кері байланыс:

«Өрмекші торы» әдісімен сабақты бекіту.

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата- 
бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б. Момышұлы.

Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік.

ІҮ. Үйге тапсырма: «Тілім бар жерде – өмір бар» атты тақырыпқа шығарма жазыңдар.

Ү. Бағалау. Топ басшылары бағалау парағын береді.