Солтүстік Қазақстан Облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Новоишим қазақ орта мектебі
Рамазанова Женя Нургазиевна
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сабақ тақырыбы: Мәтінді кешенді талдау-шығармаға бастар жол.(Негізгі мектеп курсын қайталау сабағы, 9-сынып)
Мақсаты: Оқушыларға мәтінді кешенді талдату арқылы шығарма жазу дағдыларынқалыптастыру, өткенді еске түсіру арқылы ҰБТ-ға дайындық жүргізу.
Нәтижесі:Оқушыларға мәтінді кешенді талдату арқылы шығарма жазу дағдылары қалыптасады, өткенді еске түсіріп, ажырата алады. Өзара және өзін-өзі бағалау арқылы оқушылар сабақта белсенділік танытады. Қатемен жұмыстың нәтижелі жүруіне жағдай туады.
Көрнекілігі:Интерактивті тақта, қима қағаздар,бағалау парағы.
Әдісі: Сұрақ –жауап, талдау, жинақтау
Барысы:
Ой қозғау.Мен үшін бүгін ең маңызды нәрсе?
(Жауап: ҰБТ-ны жақсы тапсырып, оқуға түсу, тестілеуде жақсы нәтиже көрсету т.с.с. )Осы мақсаттың іске асуы үшін мен не істеуім керек?
Топқа бөлу. Қима қағазда әр түрлі пішінде қиылған жыл мезгілдерінің суреті беріледі, құрастыру арқылы өз тобын тауып алу қажет. Әр топ мүшесі өзіне сан жазылған қағазды алады.
116-жаттығу . Мәтінді дауыстап оқу.
Жаңбырсыз жаз еді
Шіліңгір шілдеде әуеге алақандай бұлт жоламады. Жалындаған шарболат күн көз қарыды, ауа көңірсік сасыды. Бидайықтың басы сарғайып,ойдың шөбі жапырыла жығылып, аяқ астында шырма-шату бытысып жатты. Теміреткі орнындай сары ала өң күш алды, жайлаудың өңі тайып, жас баланың жаялығығындай жалқақ тартты. Әр жерде қурай сораяды. Сай, қолаттың қойбүлдіргені, өзен жағасының сиырбүлдіргені, шатқал-шатқалдың тікенек тошаласы, қан түйіріндейқызылқат, итмұрын, сия көк бояу қарақаттың алды қарайып, ата бастады. Беткейдегі сояу-сояу сарымсақ биыл ерте діңгектеді. Тек қою жасыл шыршалар мен сыптығыр қарағайлардың түгі қурамаған, сол қалпы. Көкшулан орман тал түсте, ұзақ қарасаң, өз-өзінен түтіндеп тұрады. Қарағай, шырша арасына кіре берсеңіз, мұздатқышты ашып қалғандай, өңез салқын бетке ұрады. Қатып үлгермеген шайыр жас баланың танауындай жылтырайды. Ауа күйген шөп пен шайыр, бүлдірген аңқиды. Тас-тастан ырғып, ақ көбік атқан өзен аңғары ғана қоңыр салқын.
Күрделі сөздерді тап. Сөз таптарын ата. (шарболат,шырма-шату,сары ала, қойбүлдірген, сиырбүлдірген, шатқал-шатқал, қызылқат, итмұрын, сия көк, сояу-сояу, мұздатқыш, өңез салқын, астан-тасқа, биыл).
2. Туынды сөздерге морфологиялық талдау жаса.
2. Мына кестеге сәйкес сөздерді табу.
1.Түбір,жұрнақ, жалғау, жалғау (Мысалы: қарағайлардың).
2. түбір, түбір, жалғау (қарақаттың).
3. түбір-түбір (сояу-сояу).
4. түбір,жалғау, жалғау (жағасының).
5. түбір (бұлт).
6. түбір, жұрнақ, жұрнақ, жалғау (мұздатқышты).
3. Сөз ішінде кездесетін кейінді ықпалды сөздерді көрсет (Мысалы: шығып, құшағында, мылтығының, иығына, төсегінен, білезігінен, қағады).
4. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса. (1-сөзбидайық І топ; 2-сөз жайлау ІІ топ; 3-сөз жаялық ІІІ топ; 4-сөз бүлдірген ІҮ топ)
5. Жаялық сөзі неше әріп, неше дыбыс?(6 әріп, 7 дыбыс; себебі: я-йа дыбыстарының қосындысы)
6. Қиын сөздерді тер. (Түсіндірме сөздікпен жұмыс)
Шарболат-қалқан
Көңірсек-майдың иісі
Шіліңгір-өте ыстық (знойное лето)
Теміреткі-тері ауруы(лишай)
Тошала- жеміс (крыжовник)
Сыптығыр-түзу, тік
Шайыр-сіресіп қатқан (смола)
Қолат-жер бетіндегі бір бағытқа қарай төмендейтін, ұзынша келген жайпақ ойпаң.
Көкшулан-түс (қасқыр, жылқыға, ешкіге байланысты, серый)
Шіліңгір шілдеде әуеге алақандай бұлт жоламайды. Қатып үлгермеген шайыр жас баланың таңауындай жылтырайды. Ауа күйген шөп пен шайыр, бүлдірген аңқиды. Тастан-тасқа ырғып, ақ көбік атқан өзен аңғары ғана қоңыр салқын.
7. Көркемдегіш құралдарды тауып жаз(Жас баланың таңауындай, жас баланың жаялығығындай ,теміреткі орнындай, қан түйіріндей -теңеу).
Айтылу мақсатына қарай қандай сөйлем? ( Толғаныс)
Мәтіннің тақырыбы қандай?
Автордың қозғаған тақырыбы қандай?
Қандай көркемдегіш құралды пайдаланған? (теңеу)
Жазылу ерекшелігі ? ( пейзаж)
.Стиль түрін анықтаңыз (Көркем әдебиет).
Ойтолғау (Үзіндіге талдау жүргізілгеннен кейін оқушылардың өздеріне ойтолғау жаздырту үшін төмендегі критерийлерге назар аударту керек).
1-критерий. Қызықтыру керек , ол үшін ... ол болуы мүмкін.
Мысалы:Қыс. Қар жауып тұр.,т.с.с
2-критерий. Риторикалық сұрақтар.
3-критерий. Осы тақырып төңірегіндегі белгілі адамдардың ойлары.
4-критерий. Өзіңнің көзқарасың.
5-критерий. Тақырыптың маңыздылығы
Үйге: Ойтолғау жазу . Бағалау қорытындысын шығару.
(қосымша, оқушыларға үлестіру үшін)
Оқушының сабақта орындайтын тапсырмалары және бағалау
Оқушының аты-жөні_____________________________________
Оқушы сабақ соңында орындаған тапсырмаларына қарай өзін-өзі бағалайды.
| Топтық жұмыс | Жеке жұмыс | Ой толғау | Ұпай | «5»баға | «4»баға | «3»баға |
| | | | |
| | | | | | | | | | |
35-40 ұпай -«5» 30-34 ұпай –«4» 24-29 ұпай –«3»
2.Топтық жұмысты бағалау( Бұл бағалау сабақ басында белгіленген топты бағалау арқылы жүзеге асады).
-Тақырыптың толық қамтылуы;
-Баяндау жүйелілігі;
-Сөйлеу көркемдігі, сауатылығы.
(3 Критерий толық болса-5ұпай , 2 критерий толық болса-4ұпай, 1критерий толық болса-3ұпай).
3.Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды орындау/технологиялық карта/ (Оқушының орындаған жеке жұмысын сыныптасы бағалайды).
| № | Блум таксономиясы | Оқу тапсырмалары | Уа қыт | Табыс критерийі ұпайлар | Жалпы ұпай | Сынып тасы ның /бағалауы |
| 5ұ | 4ұ | 3ұ | | |
| 7 сөз | 5 сөз | 3 сөз | | |
| 1 | Білу | Жеке жұмыс. Күрделі сөздерді тап. Олардың сөз таптарын ата. Туынды сөздерге морфологиялық талдау жаса. | 5мин | | | | | |
| 2 | Түсі ну | | | 6 сөз | 4 сөз | 2 сөз | | |
| | | Топтық жұмыс. Мына кестеге сәйкес сөздерді табу. 1.Түбір,жұрнақ, жалғау, жалғау 2. түбір, түбір, жалғау 3. түбір-түбір 4. түбір,жалғау, жалғау 5. түбір 6. түбір, жұрнақ, жалғау жалғау | 3 минут | | | | | |
| 3 | Қолдану | | | 7 сөз | 5 сөз | 3 сөз | | |
| Жеке жұмыс. Сөз ішінде кездесетін кейінді ықпалды сөздерді көрсет.Мысалы: шығып, | 3 мин | | | | | |
| 4 | Талдау | Топтық жұмыс. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.(1-сөз бидайық І топ, 2-сөз жайлау ІІ топ, 3-сөз жаялық ІІІ топ, 4-сөз бүлдірген ІҮ топ) 5. Жаялық сөзі неше әріп, неше дыбыс? | 5 минут | | | | | |
| | | | | | |
| 5 | Синтез Жинақтау | - Түсініксіз сөздерді тер. -Көркемдегіш құралдарды тауып жаз | 2мин | 5-7 | 4-3 | 1-2 | |
| | | | | |
| 6 | Баға лау | Ойтолғау | 5 мин | 5сөйлем | 4сөйлем | 3с | Топ бағалай ды |
| | | | | |