СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тіл және сөйлеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға сөйлеудің қажеттілігі, сөйлеу түрлерімен таныстыру

Просмотр содержимого документа
«Тіл және сөйлеу»

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлеудің қажеттілігі, сөйлеу түрлерімен таныстыру; сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне, үлкендерді құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ақпараттық коммуникативтік оқыту әдісі

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту.

-Психологиялық дайындық кезеңі:

ІІ.Ой шақыру:

-Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды? Жазбаша сөйлеуді қай кезде қолданады деп ойлайсың? Ауызекі сөйлеуді ше?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Жазбаша сөйлеуді кішкентай бала жүзеге асыра алады ма?

Неліктен? Ауызекі сөйлеуді сәби кімнен үйренеді?

Ү.Мағынаны тану:

а) Оқулықпен жұмыс. Тілжәне сөйлеу

сөйлеседі

Тіл арқылы хабар береді

Пікірлеседі

Білмегенін сұрайды.

кеңеседі

1-жаттығу. Суретпен жұмыс:

-Қыз не істеп тұр?

-Қыз ән шырқап тұр.

-Бала не істеп отыр?

-Бала айнаға қарап сөйлеп отыр.

-Хабарландыруда не жазылған?

-Кішкентайақкүшіктің жоғалып кеткені туралы жазылған.

Суреттегілерді ауызша және жазбаша сөйлеу түрлеріне ажырату.

ә) Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: ң ң ң аң.

Құстар қалай дыбыстайды? Ойыны:

Қаз шаңқылдайды

Шағала қаңқылдайды

Тырна шырылдайды

Торғай шықылықтайды

Сауысқан тыраулайды

2-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу.

-Ақтан неге мәзболды?

-Құстардың сөйлегеніне мәзболды.

-Шынындақұстар сөйлей ала ма?

-Жоқ.Құстар тек дыбыс шығарады..Олар сөйлей алмайды..

3-жаттығу Мәтіндітүсініп оқу,көшіріп жазу.

-сергіту жаттығуы.

ҮІ. Ой толғаныс:

4-жаттығу: Сөйлеу түрлерін ажырат.

Рефлексиялық бағалау кезеңі:

«Ойлан ,тап!» ойыны:

Аяғы жоқ-жүреді,

Аузы жоқ-сөйлейді. (Хат)


Сөзі дана,үні жоқ,

Сөйлемейді-тілі жоқ.

Қолыңа алсаң-шешен,

Ақылы асқан көсем.

(Кітап)

Әрі шешен,әрі әнші,әрі күйші,

Әр үйде бар,тапқышым,кәне,білші.

(Радио)

Құлағында-құлағым,

Аузында-аузым.

Күндеестіп тұрамын,

Жолдасымның даусын.

(Телефон)

ҮІІ.Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ.Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 5-бет.

ІХ.Оқушыларды бағалау