СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тірі табиғат. Өсімдіктер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тірі табиғат. Өсімдіктер.Тірі табиғат. Өсімдіктер.

Просмотр содержимого документа
«Тірі табиғат. Өсімдіктер.»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2- бөлім:Тірі табиғат. Өсімдіктер.


Мектеп:


Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып:1

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Өсімдік тіршілігіне не қажет?


Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.2.1.3 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

Өсімдікке өсу үшін қандай қажетті жағдайлар керек екенін біледі;

Көпшілігі:

Болжамдар мен бақылау нәтижелерін салыстырады;

Кейбір оқушылар:

Түрлі жағдайда өсімдіктердің өсу нәтижелерін салыстырып, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері:

1.Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды біледі.

2.Түрлі жағдайда өсімдіктің өсу нәтижесін салыстырады.

Тілдік мақсаттар


Жағдай, топырақ, су, жылу, жарық

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек,сауат ашу

Алдыңғы меңгерілген білім


Өсімдік бөліктері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы










Психологиялық ахуал орнату

Оқушыларды топқа бөлу. (күн,бұлт,гүл)

Ширату жаттығулары.

Өткенді қайталау.

(Ж) «Он сұрақ» әдісі (Оқушының сұрақ қоюға бағдарлануы)

.Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады,оған «Иә» не «Жоқ».

Бағалау «Бас бармақ»

(Ж) Тапсырма “Ойлан,талда,талқыла” әдісі

Өсу үшін өсімдікке не қажет? Тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырып сызыңыз.

СУ ЖАПЫРАҚ АУА ҚОРЕК ЖЫЛУ КӨЛЕҢКЕ ЖАРЫҚ ТОПЫРАҚ Дескриптор:

Білім алушы - өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтайды;

- тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырып сызады.



Суреттер, қима-қағаздар,презентация.

Сабақ ортасы


Жаңа сабақ:

(Ж) Суреттерді салыстыру.

Екі суреттегі өсімдіктерге не болды? Оларға не жетпейді?

Ал тағы өсімдіктердің тіршілігіне не керек? Бүгін сабақта не туралы айтамыз?

Тақтаға: ТІРШІЛІГІНЕ, ҚАЖЕТТІ, ӨСІМДІК, ЖАҒДАЙЛАР сөздерін ілу. Оқушылар сөздерді ретімен қойып, сабақтың тақырыбын атайды.

(Б) Мультфильм көру.

Өсімдіктерге не қажет?

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп –үлкен боп өседі.

( Т) Тапсырма.Зерттеу жұмысы“Болжау әдісі”

(Т) 3 құты, оған «су, жарықсыз», «су, жарық», «сусыз, жарық» деген жазуларды жабыстыру, тұқым, топырақ, қорап.

Құтыларға сабақ өткен күнді, топтың атын жазып қою. Топырақ салып, әрқайсысына тұқым салу. Құтыларды терезенің алдына қою. «Су, жарықсыз» дегенге су құйып, қораппен жауып қою. «Су, жарық» дегенге су құйып, жарық жерге қою. «Сусыз, жарық» дегенге су құймай, жарық жерге қою.

Оқушылардың болжамдарын сұрау. Қағазға жазып қою. Келесі аптадағы сабаққа дейін бақылау жүргізу. Су құйятын құтыларды күнара бір уақытта суарып отыру керектігін айту.

Бағалау «Бағдаршам» әдісі

(Ж) «Ойлан,талда,талқыла» әдісі

Өсімдікке өсу үшін не керек екенін тауып, суретпен байланыстыру керек.

(Ұ)“Орнын тап”ойыны

Суреттегі берілген өсімдіктерді өсетін ортасына қарай жіктеу.(шөл,орман,бөлме)

Бағалау «Күлегеш»


http://imektep.kz/osimdik-musheleri


презентация

карточкалар

суреттер

жемістер

көкөністер

су, топырақ, құтылар, суреттер

Сабақтың соңы


  • Рефлексия

«Тұқым?» әдісі

Егер сабақ түсінікті болса, ыдысқа тұқым мен өскіннің суретін салады.

Егер сабақ жартылай түсінікті болса,ыдысқа тұқымның суретін салады.

Егер сабақ түсініксіз болса, ыдысты бос қалдырады.





Суреттер:ыдыс,тұқым,өскін

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Зерттеу жұмыс барысында сұрақтар қою арқылы

Оқушылардың өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтай алуын бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.