Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң қорын тек,
Барша тіршілік қурайды?
Бұл не? (су)- Өлі табиғат және тірі табиғат.
- Өлі табиғатқа су, ауа, жер, күн, бұлт.
- Балалардың жауаптары: Жаңбыр, құм бұл өлі табиғат.
- Топтағы балалар, гүлдер олар тірі табиғат.
- Ал тірі табиғатқа: адамдар, құстар өсімдіктер, гүлдер жатады.
- Балалар міне, менің қолымдағы ыдыста не бар?
- Қар.
- Оның түсі қандай?
- Ақ.
- Қар, қай мезгілде болады?
- Қар, қыс мезгілінде болады.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
1. Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.
Жауабы: Су.
2. Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды.
Жауабы: Күн
3. Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң құшағың тең болмайды.
Жауабы: Ауа
- Мынау не?
- Су.
- Түсі қандай?
- Судың түсі мөлдір таза, сұйық зат.
- Дәмі барма?
- Дәмі жоқ.
- Суды қалай пайдаланамыз?
- Суды ішеміз, кір жуамыз, тамақ істейді.
Су керек пе?
- Балалар судың пайдасы мол. Су түрлі өзгеріске ұшырайды, бұға айналады, бу қайтадан су күйінде жаңбыр болып жауады, су мұз болып қатады.
- Су отты өшіре алады, суды адам барлық тіршілігіне пайдаланады.
Кім су туралы тақпақ біледі.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қанатты жазайық
Құс болып ұшайық,
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
Тақтадағы табиғат көрінісін түсіндіру.
1. Суға құмды салайық ери ме?
Балалар құм бізге керек пе?
Құмға ағаштарды отырғызамыз, құмда өсімдіктер, гүлдер өседі.
Ағаштардан не жасауға болады?
Сонымен су өлі табиғатқа, ағаш, құс, гүлдер, өсімдіктер тірі табиғатқа жатады.
Балалар біз нені жұтып, дем аламыз?
Құстарды атуға бола ма?
Ағаштың талын кесуге бола ма?
2. Мына гүлді құмға қопсытып отырғызамыз да, суды құямыз. Ол сумен өседі, көріктенеді, оттегін шашады, ауаны тазартады.
Бұлар қандай табиғатқа жатады?
3. Енді қантты суға салайық, ери ме?
Дәмі қандай?
4. Суға тұзды салайық тұз еріді ме?
Дәмі қандай болады?
Мақал - мәтел:
Судың да, сұрау бар.
Су - тірліктің көзі.
![]()


Жылқы
Дидактикалық міндет. Балалардың сөйлеуін дамыту; дұрыс дыбыстауға
үйрету; байқампаздықты тәрбиелеу.
Ойын ережесі. Өлеңге сәйкестендіріп қимылдау.
Ойын әрекеттері.
Топбасшыны таңдау; аттың жүрісін салу; белгі
бойынша тоқтау.
Ойын барысы. Тәрбиеші балаларды түзу сызық бойымен тұрғызады, ең
алдында жауынгер. Ол дулыға киіп алады.
- Балалар, қазір біз былай ойнаймыз: Жанат жауынгер-қолбасшы
болады, ал біз – оның жылқыларымыз. Жауынгер қайда барса, сол жаққа
жылқылары да шабады. Біздің бұрын жылқы туралы жаттаған тақпағымызды
еске түсіріңдер. (Өлең бұрын жатталған.) Алғашқыда аттар ақырын жүгіреді,
кейін бірте-бірте жылдамдығын қосады, содан кейін тізгіндерін тартып
тоқтайды – деп тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді.
Тақпақ:
Топ-топ-топ!
Жылқымыз қандай көп,
Өзен-көлді аралап,
Жауынгерді қорғап,
Тұяқтары тарсылдап,
Тағалары сартылдап,
Келе жатыр топ,
Топ-топ-топ!
Балалар бөлме ішінде аттың шабысына ұқсатып жүреді. Жүрістері
барған сайын үдей түседі. Тақпақтың соңында тәрбиеші жауынгермен бірге
«Тпру» дегенде, қалған жылқылар да бірге айтады.
Ойынды әрі қарай жалғастырғанда, санамақпен басқа жауынгерді
таңдап алады. Ал ол өз қалауымен өзінің орнына басқа жауынгерді
таңдайды.





