Мырзаханова Сандуғаш Жумагазиновна
« Тірек- қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»КММ
КГУ «Центр оказания специальных социальных услуг реабилитации детей с нарушением опорно-двигательного аппарата»
Тірек – қимыл аппараты бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы.
Жоспар
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім:
2.1) Баланың тірек жүйесінің маңызы, қызметі және дамуы
2.2)Тірек қимыл жүйесінің ауытқулары
3.Балалардың сал ауруы 3.1)Церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері 3.2)Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигенасы және оның маңызы
4. Қортынды
Баланың тірек-қимыл жүйесі, маңызы және дамуы
Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.
Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.
Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта үстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады
Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады. Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл – қозғалыс (локомоторлық) функциясы өте қарапайым формаларында іске асады.
Бір – екі жастағы бала жүрісін еске түсірейік. Оның қимыл белсенділігі,көптеген спорт түрлеріндегі немесе әртістік өнердегі қимыл – қозғалыстарға мүлде ұқсамайды.
Қимыл – қозғалыс функциясының дамуы біркелкі емес. Туғаннан соң бір жасқа деін бала өте тез өседі. Тұнғыш балалық шақта тұлға бұлшық еттерінің массасы тез артады. Тек мектептке дейінгі жаста ғана (5-6 жаста) қолдарының ұсақ бұлшық еттері тез дамиды. Бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік қимыл – қозғалыстарға ие бола бастайды.
Тірек – қимыл аппаратының және орталық реттеуші механизмдерінің жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл – қозғалыстарды меңгеру қабілеті артады. Бастауыш сыныптағы балалар,шапшаң шешім қабылдап орындауды талап ететін,аяқ астынан пайда болатын қимыл – қозғалыс жағдаяттарына салыстырмалы тез бейімделеді. Қимыл – қозғалыс дағдыларын үйрену және оларды орнықтыру жеделдігі көптеген жағдайларда оқытушының шеберлігіне,қуаттау әдістерінің ебін табуына,баланың сабаққа деген ынта – жігерін арттыра білуге байланысты. Сондықтан физиологиялық әрі педагогикалық тұрғыдан алғанда да,түсінік беріп,жаттығулардың орындалуына баға беріп,баланың қимыл әрекеттеріне тұрақты бақылау жасап отырғанымыз дұрыс.
Балалардың сал ауруы
Кейінгі жылдары балалардың церебральдық параличі (сал болуы) (БЦП) нерв жүйесінің көп таралған ауруларының бірі болып табылады. Орта есеппен 1000 жаңа туған нәрестенің 6-да аталмыш аурудың белгілері байқалады. «Церебральдық паралич деген термин пренетальды, интрантальды және ерте постнатальды кезеңдерде мидың жетілмеу немесе зақымдану нәтижесінде пайда болған біршама синдромдардың тобын біріктіретін дерт. Негізгі патологтялық ошақ - көбінесе мидың «жас» бөлімдерін- ерікті қозғалыстарды, сөйлеуді сонымен қатар басқа да әрекеттерді реттейтін мидың үлкен жарты шарлары зақымданады.
БЦП-ның нгеізгі клиникалық белгілері: түрлі қимыл - қозғалу кемістіктері, психикалық бүзылулар және тіл мүкістері.
БЦП-ның нгеізгі себептері: ананың жүктілігі кезінде немесе босану кезінде, немесе бала өмірінің алғашқы жылдарында әртүрлі әсерлері.
Пренетальды кезеңде үрыққа зиянды әсер ететін келесі факторларды атап көрсетуге болады:
-жүкті ананың инфекциялық аурулармен ауруы (вирусты жүқпалы аурулар, қызамық, токсоплазмоз);
-ананың жүрек - қан тамыр және әндокринді жүйелерінің аурулары;
-үрықтың жарақаттанулары мен зақымданулары;
-ана және бала қанының резус-фактор бойынша сәйкес келмеуі;
-физикалық факторлардың әсері (қызыну мен өте қатты тоңу, вибрацияның әсері, оның ішінде ультрафиолетті сәулелер
-кейбір дәрі-дәрмектердің әсері;
-экологияның жағымсыз әсері (ауаның, судың ластануы, азық-түліктегі нитраттардың, уландырғыш заттардың, радионуклидтедің, әртүрлі жасанды қоспалардың көп мөлшерде болуы).
Соңғы жылдары БЦП-нің әтиологиясы болып балаға күрсақта және босану барысында әсер еткен бірнеше себептердің жиынтығы саналады. Көбінесе босану барысындағы жарақаттарға асфиксия қосыла жүреді.
Асфиксия деп - баланың тууы кезінде механикалық қысылу әсерінен оның қанында оттегінің жетіспеушілігі мен көміртегі мөлшерінің тым артық болуы, тыныс алу және жүрек қызметінің бүзылуымен сипатталатын патологиялық жағдай. Асфиксияны, әсіресе клиникалық өлімді бастан кешкен балаларда БЦП-нің пайда болу қаупі өте жоғары болатыны анықталған факт.
БЦП кейбір жағдайда туғаннан кейін нейроинфекциялармен (менингит, әнцефалит аурулары) ауырғанда, бас жарақаттарын алғанда болуы мүмкін. Анықталғандай, БЦП-нің 100-нен 30-ы туа біте, 60-ы туу барысында, 10-ы туғаннан кейін пайда болады.
БЦП-мен ауыратын балаларда барлық қимыл - тірек әректтерінің қалыптасуы тежеледі немесе бүзылады: басты үстау, отыру, түру, жүру әрекеттері мен дағдылары, сонымен қатар манипулятивтік әрекеті өте қиын және кеш қалыптасады. Негізгі клиникалық өзгерістер: бұлшық еттер тонусының бүзылуы (спастика, сіреспелік, гипотония, дистония түрлері).
БЦП аурунда өте жиі бүлшық еттері тонусының жоғарылауы байқалады - спастика немесе жиырылу. Мүндай жағдайда бүлшық еттер жиырылып қалғандықтан аяқтары тізе буындарында бүгіле бір біріне қосылып, сонымен қатар қолдары денесіне жабысып, шынтақ буындарында бүгіле қол саусақтары жиырылып қалады.
Сіреспелік кезінде бүлшық еттері тым артық күшпен жиырылып тетанус жағдайы байқалады. (Тетанус - бүлшық еттің барынша көп артуы). Аталмыш жағдайда қозғалыстардың саздығымен үйлесімі бүзылады.
Гипотония кезінде (бүлшық ет тонусының төмендеуі) аяқ - қол еттері босаңсып күштері кемиді. Бүл кезде пассивті қозғалыстардың көлемі әдеттегіден артық болады.
Дистония - бүлшық ет тонусының ауыспалы түрі. Бүл жағдайда аталмыш бүзылу түрақсыз, ауыспалы болып келеді. Тыныштық кезде бүлшық еттер босаңсып, ал қозғалуға талпынғанда тонусы кенет жоғарылағандықтан қозғалуға мүмкіншілік болмайды.
Ерікті қимылдардың шектеуімен мүмкінсіздігі (парездер мен параличтер)
Мидың зақымдану ауырлығына байланысты қимыл - қозғалыстардың жартылай немесе толығымен жоқтығы байқалады. Бас миының қозғалтқыш аймақтары мен қозғалтқыш жолдары зақымдануының салдарынан ерікті қозғалыстардың жоқтығын - орталық паралич,ал қимылдар шектелуін орталық парез деп атайды.
Зорлық қимылдардың болуы. БЦП-нің көп түрлеріне зорлықпен атқарылатын қозғалыстар тән, әсіресе жиі кездесетіндері: гиперкинездер және тремор (қол саусақтарының қалтырауы).
Гиперкинездер - ауыспалы бұлшық ет тонусының салдарынан пайда болган еріксіз зорлықпен атқарылған қимылдар, жасанды тұрыстар және аяқталмаған қозғалыстар. Гиперкинездер ерікті қозғалу актісін тежеп, кейбір жағдайда мүлде қимылдай алмай қалады. Зорлық қимылдар артикуляциялық аппарат, мойын, бас, әртүрлі аяқ - қол бөлімдерінде және дененің бүлшық еттерінде де байқалады.
Тремор - қол саусақтары мен тілдің дірілдеуі. Мүндай бұзылу мақсатты қимылдарда орын алады (мысалы, жазу кезінде). Мақсатты қимылдың соңында тремор өрши түседі. Мысалы, көз жұмып қол саусағын мұрынға тақаған кезде (треморды айқындауға арналған саусақ - мұрын әдісі) анықталады.
Қозғалыстар теңдігі мен координациясының бұзылулары (атаксия). Дененің атаксиясы отыру, тұру, жүру тұрақсыздығымен білінеді. Мұндай жағдайда балалар кемістіктерін өтеу мақсатымен талтайып, теңселіп, тәлтіректеп жүруге мәжбүр болады. Координация бұзылуы қимылдар дәлме-дәлдігінен көрінеді (біріншіден қол қимылдарының).
Қозғалыс түйсігінің бұзылуы (кинестезиялар). Қозғалтқыш қызметттерінің дамуы қозғалыс түйсікпен ет-буын сезіммен байқалады. БЦП-мен ауыратын балаларда тік тұру сезімі нашарлайды, кейбіреулерінде жүру бағытын қабылдау да бұрмаланады (мысалы, қол саусақтарының тік көтерілуі шеңбер бойынша жүргізілетін болып сезіледі).
Статикалық-кинетикалық рефлекстердің кеміс дамуы. Қалыпты жағдайда статикалық - кинетикалық рефлекстер бала денесінің тік тұруын және ерікті моторикасын қамтиды. Аталмыш рефлекстердің жетілмеуінде балалның бас пен денесін керекті ыңғайлы күйде ұстауы қиынға түседі. Сол себептен өз-өзін дамытуда және еңбек пен оқу дағдыларын игеруде қиналады.
Синкинезиялар - белсенді қимылдарды сүйемелдеп жүретін ерікті ынтымақтастықты қозғалыстар (мысалы, белгілі бір затты бір қолмен алмақ болғанда екінші қол да қосымша бүгіле жүгіреді; бүгілген қол саусақтарын бірден жаза алмайды, ал қол сүйегін толық жазғанда қол саусақтары да жазыла бастайды).
БЦП ауруында қозғалыс кемістіктері түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Ауыр дәрежесінде бала жүру және манипуливтік дағдыларын игере алмайды. Өз бетімен өзін қамти алмайды. БЦП ауруының орта дәрежесінде балалар жүре алады, бірақ жүргенде сенімсіз және арнайы қүралдарды қажет етеді . Осымен қатар олар өз бетімен қала жолдарында да, көлікпен де жүре алмайды. Өзін - өзі күту дағдылары манипулятивтік әрекет сияқты толығымен қалыптаспайды. Жеңіл түрінде балалар өз бетімен үй ішіндегі, сыртқы кеңістікте және қалалық көлікте жүре алады. Бүл балаларда манипулятивтік әрекет толығымен дамып, олар өз өздерін күтеді. Алайда, оларда терім патологиялық тұрыс пен жүрістің бүзылулары және тежелген қимылдар байқалады.
БЦП-ні түзету жүмыстарының негізгі мақсаты - балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық, логопедтік және әлеуметтік көмектердің көрсетуі, олардың толық және мүмкіндігінше ертерек әлеуметтік бейімдеу шараларымен қатар жүргізілуі, жалпы және кәсіби оқытуды үйымдастыру болып табылады. Емдеу және педагогикалық шаралардың тиімділігі нақтылы уақытымен, өзара байланыстығымен, үздіксіздігімен және әр жүмыс бөлімдерінің әрі қарай дамуымен белгіленеді. Емдеу - педагогикалық шаралар комплексті болуы қажет. Комплексті ықпалдың ең маңызды шарты - әр профильді мамандардың келісушілігі, яғни бірлесе көмек беруі болып табылады: невропатолог, психоневролог, емші дәрігер, логопед, дефектолог, психолог және тәрбиеші сияқты мамандардың біліктілігі, нақтылы жоспармен жүмыс істеуі өте маңызды.
Компексті қалыптастыру - емдеу шараларына дәрі-дәрмектер қабылдау, массаждың әр түрлері, емдеу - дене шынқтыру (ЕДШ), ортопедиялық көмек, физиотерапевтік процедуралар кіреді.
БЦП-мен ауыратын балалармен жүргізілетін түзету педагогикалық жүмыстың бірнеше негізгі принциптері бар:
-түзету - педагогикалық жүмыстың кешенді жоспарын сақталған қызметтерге сүйене отырып, онтогенетикалық жүйелі ықпалды ерте бастау;
-ең негізгі қызметке үйене отырып, қажет жұмысты үйымдастыру;
-психикалық даму барысында, тілі қалыптасу кезеңінде баланы қадағалап байқау
баланың қоршған ортасымен, ата-аналарымен тығыз байланыста болуы өте қажет.
Ерте және мектепке дейінгі жастағы балалармен жүргізілетін түзету-педагогикалық жүмыстың негізгі бағыттары:
-коршаған ортамен әмоционалдық, сөйлеу, зат-әрекеттік және ойын арқылы қарым-қатынастарын дамыту;
-сенсорлық қызметтерді (көру,есту,кинестетикалық қабылдау және стереогеноз) ынталандыру;
-кеңістік және уақыттық елестерді қалыптастырумен қатар оның бұзылулары айқындап, оларды түзету;
-интеллект қызметтерінің шарттарын дамыту (зейін, зерде, қиял, есте сақтау, ойлау т.б.);
-математикалық әрекеттерді қалыптастыру;
-көру-қимыл координациясын және қол, саусақтардың әрекеттік мүмкіндіктерін дамыту;
-жазу әрекетін игеруге дайындау;
-өзін-өзі қамту дағдыларын игеруге тәрбиелеу.
БЦП- да қимыл-қозғалыс және сенсорлық жүйелер арасындағы, қимыл-қозғалыс жүйесінің буындары арасындағы,ырықты және ырықсыз қозғалыстар арасындағы өзара әрекет бұзылады.Бұл науқас ми қыртысының жоғары қызметінің бұзылуымен,пирамидалық жолдардың және қыртысасты өзектердің зақымдануымен сипатталады.Көп жағдайда, баланың мүгедек болуына әкеп соқтырады. Кейінгі жылдары бұл ауру балалар арасында кең таралуда. БЦП-мидың ерте онтогенездегі жетілмеуінің немесезақымдануының нәтежисеінде пайда болады БЦП түрлеріне ортақ спецификалық бұзылулар
1. Паралич пен парез
Орталық паралич-ырықты қимыл-қозғалыстар жасаудың мүмкін болмауы. Бала денесін өз қалауымен қозғалта алмайды. Парез-салдың жеңіл түрі, ырықты қимыл-қозғалыстардың шектелуі.Орталық паралиятер мен парездер ,мидағы қимыл-қозғалыс аймағы мен қимыл-қозғалысты жеткізуші жолдардың зақымдануы салдарынан болады.
2.Бұлшық ет тонусының бұзылуы.
Кез-келген қимыл-қозғалыс актісі үшін қалыпты, дұрыс бұлшық ет тонусы қажет.Бұлшық ет тонусының реттелуі,жүйке жүйесінің әртүрлі буындарының, өзара үйлескен қызметімен жүзеге асырылады. БЦП-да бұлшық ет тонусы жоғарылайды.
Бцп-ның гиперкинетикалық формасы,бұлшық ет дистониясымен сипатталады. Дистония-бұзылу, яғни бұлшық ет тонусының құбылмалығы.
3.Сіңірлік және периостальды рефлекстердің күшеюі
Мұндай гиперрефлекция пирамидалық долдардың зақымдануу белгісі болып табылады. Ахиллес нүктесі өкше,тізе,басқа сіңірлік және периостальды рефлекстер өте жоғары, оларды туғызатын аймақтар кең.
4. Синкинезиялар.
Бұл ырықты қимыл-қозғалыстармен қатар жүретін, яғни солармен және патологиялық түрлері болады. Физиологиялық синкинезияларға, мысалы, жүріп келе жатқандағы қолдың қабаттаса қозғалуын жатқызыға болады. 5.Тізбекті тіктелу рефлекстерінің жеткіліксіз дамуы – бұл рефлестер дененің вертикальды күйін және ырықты моторикасын қамтамасыз етеді. Бұл рефлекстердің жеткіліксіз қалыптасуына, баланың денесің, басын қажетті күйде ұстауына кедергі келтіреді.
6. Тепе-теңдік реакциясының қалыптасуы мен қимыл-қозғалысының бұзылуы-Дененің кеңістіктегі орнықты күйі. Дененің тепе-тендігің сақтау, күрделі перифериялық жүйемен, орталық механизмдермен жүзеге асады.
Кез-келген қимыл-қозғалыс актісі үшін қалыпты, дұрыс бұлшық ет тонусы қажет.Бұлшық ет тонусының реттелуі,жүйке жүйесінің әртүрлі буындарының, өзара үйлескен қызметімен жүзеге асырылады. БЦП-да бұлшық ет тонусы жоғарылайды.
Бцп-ның гиперкинетикалық формасы,бұлшық ет дистониясымен сипатталады. Дистония-бұзылу, яғни бұлшық ет тонусының құбылмалығы.
7.Қозғалыс түйсіктерінің бұзылуы – қимыл - қозғалыс функциясының дамуы, қимыл сезімдерімен тығыз байланысты. Қимылды сезіну, арнайы сезім клеткаларының, яғни рецепторлардың көмегімен жүзеге асады.
8. Ырықсыз қимыл – қозңалыстары - БЦП-ң гиперкинетикалық
формасында өте айкын, гиперкинездер түрінде корінеді.
9. Қорғаныс рефлекстері-сал болып қалған аяқ – қолға тітіркендіргіштер әсер еткен кезде, ырықтан тыс жазыулы мен бүгілуі.
10. Патологиялық рефлекстер деп, ересек сау адамда пайда болмайтын, тек жүйке жүйесінің зақымдануында ғана байқалатын,мидың тежеуші әсерінің төмендеуімен байланысты.
11. Позотондық рефлекстер туа біткен, шартсыз рефлекстік қимыл-өозғалыс автоматизмдеріне жатады.
БЦП-мүлде қозғала алмау емес, бұлшық ет қозғалысы үдерісін еркін басқара алмау.Балалардың сал ауруында кемістіктің күрделі құрылымы орын алады. Қимыл – қозғалыс кемістігінің туралы жаң-жақты
қарастырғанымызда, бұл кемістіктің психикалық даму бұзылуымен өзара байланысы бар. асында өте айкын, гиперкинездер түрінде корінеді. Кеңес Одағында мұндай балаларды емдеу әдістерін жасауға айрықша үлес қосқан ғалым К.А.Семенова, оларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу жүйесін жасаған М.В.Ипполитова. Қазіргі кезде тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың клиникалық-психологиялық ерекшеліктері туралы, оқыту мен тәрбиелеу мәселесі туралы деректерден, үлкен көлемді материал жинақталған,сөйтіп, арнайы психологияның бұл саласы шетелдерде, біздің елімізде де жедел даму үстінде.
Церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері Қимыл - тірек аппаратының жүйесі бүзылған балалардың негізгі кемістігі - қимыл-қозғалысының ауытқуы (қозғалу, қимыл әрекетінің жетілмеуі, зақымдануы немесе мүлдем жойылуы). Осы сияқты ауытқулары бар балалардың көпшілігін церебральдық сал ауруымен ауыратын балалар қүрайды (89%). Бүл балаларда қимыл - тірек аппаратының кемістіктері көбінесе психикалық бүзылулармен, тіл мүкістерімен тіркесе жүреді, сондықтан олардың көпшілігі тек қана медициналық - әлеуметтік жәрдемді ғана емес, сонымен қатар психологиялық - педагогикалық және логопедтік көмектерді де қажет етеді. Әдетте, тірек - қимыл аппараты бүзылған балалардың ішінде танымдық қабілеті сақталған, арнайы оқыту мен тәрбиені қажет етпейтін балалар да кездеседі. Дегенмен, аталмыш балалардың барлығында ерекше өмір сүру жағдайын, оқытуды және келешек еңбек әрекетінің дүрыс қалыптасуын қажетсінеді. Оларды әлеуметтік бейімдеуде екі бағыт белгіленеді. Біріншісі - қоршаған ортаны балаларға бейімдеу. Ол үшін арнайы техникалық жылжу қүралдар (арбалар,балдақшалар, таяқтар, велосипедтер), түрмыстық заттар (ыдыс - аяқ, әлектроаспаптардың арнайы сөндіргіштері), арнайы сатылар, жол жиектерінен арнайы түсу жолдары болады. Ал қимыл - тірек аппаратының кемістігі бар балаларды бейімдеудегі екінші бағыт - ол балалардың жеке бастарын әлеуметтік ортаның қалыпты жағдайларына бейімдеу.
Баланың дамуына қимыл қозғалыстардың әсер етуі. Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті әсер етеді. Нәрестенің қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды және кешігеді. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылғмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру жаттығулары, спорт, сабақ кезінде, белгілі еңбек әрекетіне байланысты пайда болған қозғалыстар жатады. Ал ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі, өзін-өзі күтуге байланысты, қыдырған кездегі қозғалыстар жатады. Адам денесі үшін ұйымдастырылған қозғалыстар маңызы зор. Сондықтан мектеп жасына дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап іске асыру арқылы балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастыруға, саналы қозғалыстарын көбейтуге болады. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болуына байланысты соңғы жылдары балаларда гиподинамияның белгілер пайда бола бастайды. Гиподинамияның деп бұлшық еттердің қозғалыс белсенділігінің төмендеуін айтады. Бұл көбінесе бала аз қимылдағанда пайда болады. Қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып кеткенде, мысалы, ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылданғанда, гиподинамия пайда болады. Гиподинамия организмнің қызметін, қалыпты жағдайын бұзады. Себебі нерв-ет, жүрек-қан тамырлары, т.б. жүйелердің қызметі осы шекиен тыс қозғалыс барысында қалпына келіп үлгермейді де, олардың зорығу белгілері байқалады. Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігін гигиеналық талапқа сәйкес жасына лайықтап ұйымдастырған жөн. Бүгуге қатысатын бұлшық еттері әлсіз болғандықтан және олардың қозғалыс нейрондарының еңбек қабілеті төмен болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балалар сурет сабағында немесе басқа сабақта 4-5 минөттен кейін-ақ жиырылатын еттері босайды да, мазасыздана бастайды: дұрыс отырмайды, сондықтан омыртқалары қисайып кетуі мүмкін. Әсіресе ұзақ түрегеліптұра алмайды. Осыған байланысты балаларды 2-3 минуттен артық тік тұрғызуға болмайды.
Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигенасы және оның маңызы. Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға, төсекте дұрыс жатуға дағдыландыру қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдыланғанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.
Қолданылған әдибиет: .
«Актуальные проблемы диагностики ЗПР» под.ред. К.С.Лебединский М.,1982г.
Леонтьев А.Н: «Принципы психического развития ребенка и проблема умственной недостаточности» /Проблемы развития психики/ М., 1972г
Власова Т.А., Певзнер М.С. Дети с отклонениями в развитии. М., 1973г.
Особенности психофизического развития детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата. \Под. ред. Власовой Т.А., \ М., 1985г.
Коррекционная педагогика: Основы обучения и воспитания детей с отклонениями в развитии: Учебное пособие Для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений \Под. ред. Пузанова Б.П.\ М., 1998 г.