СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тісің болса, тіске басар табылар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Денсаулық күніне арналаған ересек топтың технологиялық картасы.балалар,а тіс жайлы және оны қалай күту керек екені жайлы түсіндіріледі.

Просмотр содержимого документа
«Тісің болса, тіске басар табылар.»

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру сапасы: «Денсаулық»

Бөлімі: Валеология

Тақырыбы: «Тісің болса, тіске басар табылар»

Мақсаты: Тістің құрылысымен таныстыру. Тіс аурулары туралы мәлімет беру. Тісті күту ережелерін үйрету.

Билингвальдік компоненті: Тіс –зуб.

Ауыз-рот.

Ерін-губы.

Дидиактикалық құрал: интербелесенді тақта


Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

1-кезең

Мотивациялық

қозғаушы

Балалар, оң қолымызды жүрегімізге қояйықшы! Жүрегіміздің соғысын сезінеміз бе? Жүрегіміз қандай?



Олай болса жүрегіміздің жылуын достарымызға сыйлаймыз.



Әділет айтады: Менің жүрегім ыстық, нәзік, бақытты, мейірімді, қамқоршы, сезімтал.


2 кезең

Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

Балалар, досыңа не тілейсің?


Жұмбақ жасырады:

Өзі аппақ маржандай,

Тамақ өтпес шайналмай,

Айдын көлде алтын тас,

Ау салса да алынбас (тіс)

Балалар мен сендерді кәзір «Тіс» аялдамасына шақырамын.

Дүниеге келген сәби тіссіз туылатынын тістің алты ай болғанда шығатынын, оны сүт тіс деп аталатынын айтады. Алты жасқа толғанда тістер түсе бастайды. Оның орнына негізгі тістер шығады. Бұл тістердің көлемі үлкендеу, барлық тісі сиып тұруы үшін жақтары да өседі. 12 жасқа толғанда барлық тіс жаңарып болады. Көпшілік үлкендерде 20 жасқа толғанда 32 тісі шығып болады, Алманы немесе ірімшікті тістеп көріп таңбасына көңіл аударуларын сұрайды.

Әліппе дәптерінен тістің және жақтың құрылысын көрсетеді. Тістің негізгі қызметі –тамақты шайнау. Тіс – біздің сөйлеуімізге көмектеседі. Тістің барлығы жақ сүйектен өседі. Тіс қабығын эмаль жауып тұрады. Тіс біздің денеміздегі ең қатты зат. Тамақты шайнаған кезде ауыз қуысынан қышқыл бөлінеді, бұл эмальді бұзады.

Балаларға айна беріледі.



Кейбір балалардың тісінің бұзылғанына көңіл аударады. Тіс жегісі – тістегі жиі кездесетін ауру. Оны ауыртпай емдеуге болады.


Күту ережелерін естеріне түсіреді:

1.Тісті күніне екі рет тазалау

2.Тамақтан кейін ауызды шаю.

3.Ыстық тамақтан кейін суық ішпеу.

4.Қатты заттарды шақпау.

5.Тәтті көп жемеу.

6.Әркім өзінің жеке щеткасымен пайдалану. Сонымен қатар «С» дәруменіне бай жемістер мен көкөністер және «Д» дәрумені кездесетін тағамдар (балық, ірімшік, айран, май). Тіс ауруына ұшырамауына қатты және сау болып өсуіне көмектесетінін айтады.


Әліппе дәптерімен жұмыс .




«Ақ тіс ашулы тіс жегісінен қалай қорықты » атты ертегі ойластырып, ертегі бойынша суреттер салып үйретеді.

Дені сау болсын, еш жері ауырмасын.









Түсінік береді


















Қарайды.

Тістің негізгі қызметі мен танысады.









Өз тістеріне қарап, қандай екенін (ақ, тегіс, қатты) деп айтады.



Суретке қарап тіс ауыратын жағдайларды көреді.





















Тапсырмаларды орындайды.



Ертегіні өз ойымен құрастырады.


Сурет салады.

3кезең

Рефлексивті

түзетуші

-Бүгін сабақта көңіл-күйің қандай болды?

-Қай кезеңі ұнады?

-Жаңа білген тақырып бойынша не айтар едің досыңа?

Жарайсыңдар!



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Тістің құрылысын, күту ережелерін сақтай білу.

Түсінеді: Тіс дәрігерінің жұмысы жөнініде

Қолданады: Жұмбақтар, ертегі, суреттер, айна, әліппе дәптері.































Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.





Тіс дәрігері күніне ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Кіші сала: Валеология

Тақырыбы: «Тісің болса, тіске басар табылар»


Тәрбиеші: Бижанова П.Г.












2015 – 2016 оқу жылы




















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!