| Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2-минут | Сабақ басында: «Ертеңгілік шеңбер» Т) Қайырлы таң, көздерім! Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды). Қайырлы таң, құлақтарым! Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды). Қайырлы таң, қолдарым! Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды). Қайырлы таң, аяқтарым! Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу). Қайырлы таң, күн! Мен ояндым!. (Күлімсіреп, күнге қолдарын созады) | Қимылмен көрсету |
| Қызығушы-лықты ояту 3-минут | Оқушыларға екі түрлі суретті көрсетемін. 2.  Суретке байланысты қойылатын сұрақ: қалай ойлайсыңдар, қайсы сурет заңдылықты сақтауға, ал қайсысы заңдылықты бұзуға арналған? Оқушылардың жауабы тыңдалады. Жол жүру ережесін сақтамау – заңдылықты бұзуға жатады. Заңдылықтың бұзылуы деп қандай дабір ереженің бұзылуын немесе сақталмауын айтамыз. Ережені түсіндіріп болғаннан кейін кәмпит түрлері арқылы оқушыларды 4 топқа бөлемін (шоколад, ирис, мұз кәмпит, мармелад). | Суретпен жұмыс |
| Сабақтың ортасы 8-минут 5-минут Ширату жаттығуы: Логикалық ойлау 2-минут 5-минут 7-минут | (Оқу мақсаттарын еске түсіріп отыру) 1-тапсырма: «Жеке жұмыс» Алашаны тоқы. Жолақтарын көрсетілген ретпен боя. Алашаның шетінде қандай жолақ болады? Бағалау: «Сен –маған, Мен -саған» әдісі 2-тапсырма: Жұптық жұмыс. Қай фигуралар мен жемістердің орны ауысып кеткен? Жіберілген қателерді тап және оны түсіндір.            Бағалау:Парталас көршің үшін «жақсы сөз» айт Оқушылар заңдылықты сақтай отырып,көше бойындағы үйлердің нөмірін айта отырып, жазады. Көшенің қарсы бетіндегі үйлердің нөмірі қандай болады? Жауап бергеннен кейін оқушыларға өз үйлерінің нөмірі туралы айтқызу  Сергіту сәті. «Аяқпенен топ-топ-топ...» 3-тапсырма Топтық жұмыс.    Оқушылардың алдына заңдылықтар бұзылып жазылған тапсырмаларды тастаймын. 1-топ:Жыл мезгілдерін атау қыс, күз, жаз, көктем. 2-топ:Апта күндерін атау(дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сейсенбі, жексенбі, сенбі) 3-топ:Дөңгелек сандармен тура санау 10, 40, 50, 20,70, 30, 60, 90 4-топ: Ай аттарын ата. Қазан, қыркүйек,қараша, қаңтар, ақпан, желтоқсан, шілде, маусым, тамыз, наурыз. Бағалау: «Бұрыштар» әдісі Əр бұрышқа дұрыс жауаптар ілінеді. Оқушылар өздерінің жауаптарына жақын бұрышқа барып тұрады және салыстырады. Сосын өз жауаптарын береді. «толықтай келісемін» , «толықтай келіспеймін». 4-тапсырма Ұжымдық жұмыс: Оқушылар тапсырманы оқиды, жалаушаларды салу және бояу ұсынылады. Іңкәр жалаушалар тізбегін салып отыр: Ол жалаушаларды бояуда мына заңдылықты сақтады: Көк, сосын қызыл,сосын жасыл, сосын сары,сосын күлгін түспен бояды.Әрі қарай да солай көк, қызыл, жасыл, сары,күлгін болып кете береді. 9-шы жалаушаның түсі қандай болады    Жапондық бағалау әдісі  Бағалау: «Жапондық бағалау» әдісімен бағаланады. | Сурет үлестірмелі кесте Геомет-риялық фигуралар, жемістер Үйлердің суреттері  Үлестірмелі карточкалар «т.келіс-пеймін» сары стикер «т.келісе-мін» көк стикер бояу қарындаш-тар |