СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Толағай спорттық сайыс

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныптар арасындағы жарыс. Толағай спорттық сайыс

Просмотр содержимого документа
«Толағай спорттық сайыс»

Толағай спорттық сайысы

Флэшмоб (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің практикант-студенттері орындауында)

( Толағай әні ойнап тұрады )

1-жүргізуші: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!


2-жүргізуші:Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда.

1-жүргізуші: Осы мақсатта біз бүгін ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІнің биолог-практиканттары мен

2-жүргізуші: АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІнің дене шынықтыру-практиканттарының ұйымдастыруымен және СҮЙІНБАЙ АТЫНДАҒЫ №143 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІнің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Толағай» спорттық сайысын ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: Сайысымызға 4 топ қатысқалы отыр.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Топтарымызды шақырамыз.

2-жүргізуші: Ендеше сол командалармен таныс болайық.

( Әр түрлі әндер орындалып тұрады)



1-жүргізуші: Қыран тобы

2-жүргізуші: Сұңқар тобы

1-жүргізуші: Бірлік тобы

2-жүргізуші: Барыс тобы

1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 7 кезеңнен тұрады. Осы сайысымызға төрелік ететін, әділ бағасын беретін әділде, өз мамандарының шебері, әрі сыйлы қонақтарымыз таныс болайық:

2-жүргізуші: Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің тәрбие-ісі меңгерушісі: Жумахметова Айжан апай

1-жүргізуші: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, жаратылыстану факультенің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары: Тулегенов Ердаулет Асқарбекұлы

2-жүргізуші: Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің әдіскер-ұстазы: Қадырбеков Руслан Бақытжанұлы



1-жүргізуші: Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

2-жүргізуші: 1 тур Үй тапсырмасы
Шарты: топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру 3 - 5 минут;

Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

1-жүргізуші: 2 тур Кім жүйрік?
Шарты: Кедергілерден өтіп, қаппен жүгіру, аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.

Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

2-жүргізуші: 3 тур «Мергендер» сайысы

Шарты: Кедергілерден жүгіріп өтіп барып, «Шарды жару»,

Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

1-жүргізуші: 4 тур «Кім епті»?
Кедергілерден жүріп, бір үлкен қасық суды алып төкпей әкелу керек,команданың жинаған су мөлшеріне қарай ұпай беріледі.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.

Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!


2-жүргізуші: 5 тур «Көпірлерден өту»
Шарты: әр топқа екі картон қағазды беріп, сонымен жүріп өтіп, берілген тапсырманы орындау, яғни мақал - мәтелді жалғастыру.

1-мақал: Ауру аздырады,

Суық тоңдырады.

2-мақал: Тұмау аяғы құрт,

Тұман аяғы жұт.

3-мақал: Ауру кісі күлкі сүймес,

Ауыр жүкті жылқы сүймес.

4-мақал: Ауру астан,

Дау қарындастан.

5-мақал: Білім таппай мақтанба,

Өнер таппай баптанба.

6-мақал: Адам жүрген жерден адам жүреді,

Біреу білмегенді біреу біледі.

7-мақал: Өнер алды бірлік,

Ырыс алды тірлік.

8-мақал: Асыл тастан шығар,

Өнер жастан шығар.

9-мақал: Жалғыз ағаш үй болмас,

Жалғыз жігіт би болмас.

10-мақал: Ойнап сөйлесеңде,

Ойлап сөйле.

11-мақал: «Сіз» деген әдеп,

«Біз» деген көмек.

12-мақал: Адам құлақтан азады,

Көңілден семіреді.

13-мақал: Ескі бай аяншақ келер,

Жаңа бай мақтаншақ келер.

14-мақал: Батыр бір өледі,

Қорқақ мың өледі.

15-мақал: Күшті кісі алып та жығады,

Шалып та жығады.

16-мақал: Қоянды қамыс өлтіреді,

Ерді намыс өлтіреді.





Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

1-жүргізуші:
Ойынымызды жалғастырамыз, 6 тур «Жылан» деп аталады. Шарты: Топ басшысы допты алып артында тұрған топ мүшелеріне беріп отырады.

Әділ - қазылар алқасы, бағаларыңыз!

2-жүргізуші: 7 тур әрі шешуші турымыз «Бәріміз біріміз үшін» сайысы.
Шарты: Топ басшысы шығып, білек күшін сынайтын болады.

1-жүргізуші: Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау

2-жүргізуші: Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
Әділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!



Би: «Қазақтың ұлттық»


Марапаттау рәсімі!

(Келген қонақтарға сөз кезектері беріледі)

1-жүргізуші: Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Біз жастар ел қамын сақтап жүрген – дей келе

2-жүргізуші: Бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» спорттық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір топқа, келген қонақтарға алғысымызды білдіреміз!

1-жүргізуші:: Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!























Тексерілді______________