Дәріс № 8
Тақырыбы: Ақшалай нысандағы капитал
Қарастырылатын мәселелер:
1. Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
2. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін анықтайтын түсініктер
3. Ақша ағымдарын басқару аспектілері
4. Ақша қаражаттарының қозғалысын жоспарлау
1. Кәсіпорынды барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша - қаражаттары, сондай-ақ фирма қарекеттері негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.
Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар – бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет
Ақша қаражаттары – бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы.
Өндірістік – коммерциялық цикл – ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты басталады және оған байланысты аяқталады.
Пайда алуға бағытталған кәсіпорын қызметі өнімді өткізу процесінде дебиторлық қарызға айналатын ақша қаражаттарының түрлі активтерге ауысуын талап етеді. Бұл қызмет өз нәтижесіне жетті деп есептелінеді, егер инкассациялау процесі ақша қаражаттарының ағымын әкелсе. Осының нәтижесінде пайда табуды қамтамасыз ететін жаңа цикл басталады.
Қаржылық есеп беру аясының талдаушылары атап көрсеткендей, ақша қаражаттары ссудаларды, дивидендтерді, өндірістік қуатты кеңейту сияқты қызметтерде қолданылуы керек. Бұл айтылғандар «ақша қаражаттары ағымы» деген түсініктің мағынасының тереңде екенін көрсетеді
2. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін анықтайтын түсініктерге келесілер жатады:
Тауар (өнім, қызмет) сатудан түскен түсім – бұл, шоттарда «сатылым» және «өзге де кірістер мен шығыстар» есебінде көрінетін, қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша түрінде болатын қарапайым немесе өзге де қызметтен түсетін кіріс есебі.
Сатудан түскен пайда - өндірілген өнімге кеткен шығын мен есепті кіріс арасындағы айырмашылық.
Ақша қаражаттарының кірісі келесілер есебінен жүргізіледі: тауарды сатудан түскен пайдадан, алынған аванстардан, несиелер және займдардан, бағытталған қаржыландыру құралдарынан, қаржылақ салымдар бойынша дивидендтер мен пайыздардан және өзгелерден.
Ақша ағымдарының шығысы – ағымдық операциялық және инвестициялық шығындарды жабу барысында, бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға салымдар жүргізуде, эмиссиялық бағалы қағаздар иегерлеріне пайыздар мен дивидендтер төлеуден, қаржылық салымдардан және өзге де жағдайлар нәтижесінде пайда болады.
Ақша қаражаттарының таза кірісі – ақша қаражаттары бойынша барлық түсімдер мен төлемдердің арасындағы айырмашылық. Осыған орай, кірістерге есепті жыл басындағы қалдық ақша қаражаттары кіреді. Ол кәсіпорынның ағымдық төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді
3. Ақша ағымдарын басқару өзіне келесі аспектілерді қосады:
ақша қаражаттарының қозғалысы есебі;
қолма-қол ақша ағымын талдау;
ақша қаражаттары қозғалысының бюджетін құрастыру;
ақша қаражаттары қозғалысы бюджетінің жүзеге асырылуын қадағалау.
Бұл, кәсіпорын қызметіндегі, айналым және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын қоса алғандағы басты бағыттарды қамтиды.
Кәсіпорын үшін ақша ағымын басқару келесі себептерге байланысты маңызды болып табылады:
баланс өтімділігін реттеу;
қаржылық салымдардың, дебиторлық қарыздардың, қорлардың, айналым активтерінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру;
уақытша капитал шығындары және оларды қаржыландыру көздерін жоспарлау;
экономикалық өсуді жоспарлау.
Жоғарыда көрсетілген себептерді тиімді басқару кәсіпорынның ақша қаражаттарын тиімді пайдалануды және кәсіпорынның тұрақтылығын қамтамасыз етеді
4. Ақша қаражаттарының қозғалысын жоспарлау бухгалтерлік есептің кассалық әдісі негізінде құрылады. Яғни, барлық түсімдер мен төлемдер ақшаның кассаға нақты төленуі немесе банктің есепті шотына аударылуы негізінде есепке алынады.
Ақша қаражаттарының ағымы болжамы, өзімен бірге кассалық әдіс негізінде құрылған пайда және шығындар туралы есепті ұсына отырып, жоспарланатын түсімдер мен шығыстар құрылымын ашады./Қосымша В/
Ақша қаражаттары ағымының есебін құру және болжамдау келесілерге әкеледі:
ақша қаражатының қажетті көлемін анықтау;
сату көлемін болжамдау;
ақша қаражаттарының түсімін болжамдау;
ақша қаражаттарының төлемдерін болжамдау;
есепті кезең соңына арналған бос ақша қаражатын анықтау;
үлкен көлемде қолданылмай тұрған бос ақша қаражатын азайту.
Ақша қаражатының ағымын болжамдау, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп тәрізді тек кәсіпорын басшысының ғана емес, сондай-ақ инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Яғни, олар сол арқылы кәсіпорын өтімділігін, жұмысының тиімділігін және қарыздары мен дивидендттерін төлеуге қажетті көлемде ақша қаражатымен қамтамасыз ете алу қабілеттілігі бағаланады /7,249б./ Осылайша, кәсіпорын басшысы да, инвестор да ақша ағымын зерттей келе:
болашақта ақша қаражаттарымен қамтылу мүмкіндігі туралы;
міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігі туралы;
дивидендттерді төлеу мүмкіндігі туралы;
қосымша қаржыландыру қажеттілігі туралы мәліметтерді ала алады.
Ақша қаражаттары ағымын болжау немесе ақшалай төлемдер мен түсімдер жоспары – бұл кәсіпорынның немесе нақты жобаның дамуы үшін қажетті көлемдегі ақша сомасын анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші жылы ақша қаражаттарының түсімі мен төлемін ай бойынша, екінші жылы тоқсан бойынша, әрі қарай жыл бойынша жоспарлау ұсынады. Егер сату болжамы, әрбір қызмет түрі бойынша түсімдердің сметасы ай бойынша бөлінсе, онда бірінші жылға арнап ай бойынша жоспар құруға болады.
Мұндағы икемділік ақша ағымын жоспарлау үздіксіздігінде. Яғни, жоспарланған көрсеткіштерді өзгеріске ұшырамайтындай етіп емес, барлық уақытта нақты көрсеткіштермен талдау жасала және салыстырыла отырып қажетті өзгертулерді енгізуге және бақылауға база құрылады.
Кезең аяғындағы қажетті қалдық жоспарланбаған шығыстарды жабу үшін қажетті ақша қаражаттарының резервін көрсетеді. Егер, резерв көлемі кәсіпорынның ақша қаражаттарының қалдығынан асатын болса, онда қосымша несие алуға қажеттілік туып және аяқасты ақша қаражаттарының жетіспеушілігі тумауына жоспар құрылу қажет.
Ал егер, ақша қаражаттары қалдығының нақты көлемі резервтен жоғары болса, онда ақшалай ресурстарды тиімді пайдалану үшін қайта бөлу немесе қайта инвестициялау туралы шешім қабылдау қажет.