Мотивациялық –қозғаушы
|
Тәрбиеші: балалар, бізге біздің достарымыздан кірпі мен жаутаң хат келді оқиды: «Сәлеметсіңдер ме балалар! Біздің орманда бір нәрсе болып жатқан сияқты, тым-тырыс. Құстар көрінбейді, дауыстары естіліңбейді. Балалар біздің құстар сеңдерге ұшып келген жоқ па? Егер келсе бізге хабар беріңдер.
Тәрбиеші: балалар, сеңдер балабақшаға кележатқанда құстарды көрдіңдер ме?
Балалар ойланып жауап береді (тәрбиеші көмектеседі)
Торғай, өарлығаш
Ендеше балалар біздің достарымызға көмектесейік.
Таспа қосылып: құстардың дауыстары шыға бастайды (балалар тыңдайды)
Тәрбиеші: қандай дыбыстар шығып тұр?
(тәрбиеші құстардың суреттерін тақтаға орналастырады)
Тәрбиеші: қараңдар балалар, біздің топқа қандай құстар ұшып келді
Тәрбиеші: Балалар, құстарымызды шошытып алмайық, әйтпесе олар бізден де ұшып кетеді, деп балаларды екі орталыққа бөлуін сұрайды (бірі шығармашылық орталығына барып құстарға ермексаздан, тұзды қамырдан домалатып жем, бидай мүсінің жасайды; қалған балалар көңілді тіл орталығына барады.
|
Балалар жем тыңдап отырады.
Торғай, қарлығаш
Балалар құстардың дауыстарын тыңдайды.
Балалар құстардың дабыстары шығып тұр
Балалар ілініп тұрған құстарға қарап сараптайды.
Балалар шығармашылық орталығына барып құстардың суретін; ермексаздан, тұзды қамырдан домалатып жем, бидай мүсінің жасайды.
|
|
|
Ұйымдастыру іс-әрекеті
|
Тәрбиеші: Балаларға ортаға шақырып жұмбақ жасырады:
Бір-ақ уыс көлемім
Шыбын-шіркей қорегім.
Бау-бақшаны қорғаймын,
Ал атым ше? (Торғаймын)
Тәрбиеші: қандай құс деп ойлайсыңдар
(бір бала шығып суреттердің арасынан керекті құстын суретін алып мольбертке орналастырады)
Тәрбиеші: Дұрыс.Торғай қандай? (бір-ақ уыс көлемі – яғни кішкентай деп түсіндіріп, қайталатып бекітеді.
Торғай не істейді?
Тәрбиеші: Торғай қандай дыбыс шығарады?
Таспаны қосып тыңдатқызады
Торғай мен қарлығаш
Ахмет Байтұрсынов
Торғай жыланның жұмыртқасын тауып алып, ұясына салып басып жүріпті. Бұлай icтеп жүргенін Қарлығаш көріп, Торғайға айтыпты: -Мұның не бейшара? Ақылың алмасқан ба? Мұнан не қайыр, не жақсылық күтіп жүрсің? Өскен соң жамандығы ең әуелі өзіңе тиeдi. Айтпады деме! Басыңа тигенде білерсің. Торғай Қарлығаш сөзің тыңдамай, жылан жұмыртқасын баса бepiптi. Күнi толған соң жұмыртқадан жылан баласы шығыпты. Өсіп үлкейіп, жылан болып алып, әуел бастан Торғайдың өзің шағып өлтіріпті. Сонда Қарлығаш көріп айтыпты: - Айтқаным келмей қалмас, кербаққан тілімді алмас.
Сергіту
Құстардын бет әлпетін имметация арқылы қимыл жасау.
Торғай торғай торғайсың
Таяу келіп қонғайсың
Жем шашайын тойып ал
Сонда аязға тоңбайсың
Қарғаға біз ұқсайық
Қане қанат жасайық
Қарға сияқты жүрейік,
Жан-жағымызға қарайық.
Біз бойымызды жазып болдық, ал біздің топқа тағы бір құс ұшып келді (сауысқанды орналастырады)
Тәрбиеші: Балалар мына құсты танисыңдар ма?
Тәрбиеші: бұл құстын аты сауысқан.
Сауысқанның түсі қандай? Қандай дауыс шығарады?
(тәрбиеші толықтырады: сауысқан сақылдайды, өті сақ құстын бір түрі деп түсіндіреді).
Құралдар: доп
Шарты: Балалар шеңберде тұрады балалар. Допты ұстап алғанда, айтылған сөздерге қарама-қарсы сөзді айтып беру керек.
Мысалы: тәрбиеші
Құрғақ- бала – дымқыл
Үлкен – кішкент
Суық-жылы
Қара-ақ
Тәтті- ащы
Жуан-жіңішк
Ұзын-қысқы
Биік-аласа
Аш-жа
Жұмсақ-қатты
Қорқақ-батыл
Тәрбиеші: жақсы балалар, құстар біздің топқа бекер ұшып келген жоқ. Құстармен танысып, олар қандай екенің білдіңдер. Енді кірпі мен жаутаңға осы құстарды жіберейік.
Тәрбиеші: шығармашылық орталығындағы балалардың салған құстардың суреттерімен ермексаздан жасаған жем мен бидай мүсіндерін қоропшаға салып орманға жіберейік деп түсіндіреді.
|
Балалар ойланып жауаптарын айтады.
Балалардың жауаптары. Кішкентай, жем шоқиды.
Балалар тыңдап қайталайды
Балалар торғайдың шырылдаған дауысын келтіріп айтады: Чик-чирик-чирик
Балалар қарғаның суретін тауып пысықтап мольбертке қояды.
Балалар: қарға үлкен
Балалар ойланып жауап береді
Балалар жаңылтпашты қайталап есте сақтайды.
Балалар допты ұстаған кезде, қарама-қарсы сөзді тауып айту керек.
Балалар ойланып жауап береді (егер балалар айта алмаса)
Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
|
Рефлексивті-түзетуші
|
Балалар, бүгін біз не туралы әңгімелестік, естеріне түсіріңдерші.
Қандай достарымызға көмектестік?
Торғай, қарға, сауысқан бір сөзбен қалай айтамыз?
Қарға, торғай, сауысқан қандай дауыс шығарады?
Балалар ойланып жауап береді.
|
Кірпі мен жаутаңғы көмектестік
Дала құстары
Қарға –қарқылдайды
Торғай – шырылдайды
Сауысқан – сақылдайды
|