Басталуы 0-5 мин | Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Ширату жаттығулары арқылы жүреді. Күлімде, күн, күлімде, Күлсін барлық бала шат. Берекелі бүгіндей, Бейбіт болсын болашақ. | Сәлемдеседі Ширату жаттығуын орындайды. | Ауызша бағалау Тамаша! | Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер |
11-20 мин Ортасы 21-40 мин | Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Жаңа сабақ. Тақтада «Сәндік қолданбалы өнер» деп жазулы тұрады. Оқушыларға тақырыпқа сай видео көрсету. https://youtu.be/Eq6cCrdSqmg -Балалар, мына бейне жазбадан не түсіндіңдер? -Үйлеріңде оюлы не бар? Оқушылардың жауаптары. Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ,қалай ойлайсыңдар? Оқушылар сабақтың мақсаттарын түсіндіреді: – біз енді сәндік қолданбалы өнер туралы білеміз; – Қазір біз сабақта торсықты түрлі-түсті қағаздан жасайтын боламыз. Сергіту сәті «»Көңілді күн» биін билеу. Суретпен жұмыс. Суретті қарастырыңдар. Суретте қандай ерекше жағдай бейнеленгенін түсіндіріңдер. Торсықтың пайдасы туралы айтады. Торсықтың жасалу жолдарын айтады. Оқушыларға шаблон таратып беріледі. Олар сол шаблон арқылы торсықты және оюды бастырады. Дескрипторы: -Суретке қарап не бейнеленгендігін айтады; -Дайын шаблонмен жұмыс жасайды; Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі арқылы жүргізіледі. Кейбір оқушыға: - Өз пікіріңді айт. Жасаған торсыққа бастырған оюларын желімдейді. Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе, қырғыз, қазақ, түрікмен, қарақалпақ халықтары пайдаланған. Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері: шимайторсық өркешторсық жанторсық мүйізторсық, т.б. Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды. | Бейне жазбаны көргеннен соң, тақырыпты шығарады. Сұрақтарға жауап береді. Өз бөлмелерінің дизайны жайлы ой бөлісуі мүмкін. Билеп сергиді. - Түрлі-түсті қағаздан торсықтың жасалу жолдарын түсінеді Билеп сергиді. Өздері түрлітүсті қағаздан шаблонның көмегімен торсықты жасайды. | Дискриптор Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | Сурет дәптер Интерактивті тақта. |
40-45 мин Аяқталуы | Рефлексия: «Алтын балық» әдісі. Оқушыларға жасырын сурттер таратылады. Кімге алтын балық түссе, сол оқушы ортаға шығады. Балалар сол оқушыға сұрақтар қояды. Жауап бере алмаса, басқа оқушыларға көмектесуге болады. | «Алтын балық» әдісі бойынша ой қорытып, сабаққа рефлексия жасайды | Оқушылар мүсіндеген заттары бойынша білгендері мен үйренгендерін қорытындылайды. | |
Қабілеті жоғары оқушыларға «Қарқын тәсілі» әдісімен Көркемдеп аралаудың күрделі түрлерін қолдана алады. Қолдауды қажет ететін оқушылар аралаудың қарапайым түрлерін қолдана алады. | 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |