Просмотр содержимого документа
«"Төрт түлікті ата"»
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 02.11.2018 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Төрт түлікті ата»
Топ: ересек топ
Тақырып: Мақсаттары:
Тәрбиелік: Балалардың сөзге дыбыстық талдау жасауын одан әрі дамыту:ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Төрт түлік туралы жұмбақтар,ертегіні сахналау арқылы танымын,ойын,тілін дамыту.
Оқыту: Төрт түлік мал өрісімен,тіршілік табиғатымен,қадір-қасиетімен таныстыру.Төрт түлікті қадірлеуге баулу.
Педогогикалық технологиялар:
Ресурстармен қамтамасыз ету: Төрт түлік суреттері,тақырыптық суреттер.
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Ұйымдастыру бөлім.
Қане,қатар-қатар түзеліп
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп
Түп-түзеу болып тұрайық
Бірінші қатар жай отыр
Екінші қатар сенде отыр
Үшінші қатар тез отыр
Негізгі бөлім: Жұмбақ шешу.
Ал, қанекей балалар!
Мен, бір жұмбақ айтайын
Шешуін қай топ тез таба алар?
Қамыс құлақ,тостаған тұяқ
Мінсең қанат,сүті дәрі,еті тамақ (Жылқы)
Екі айнасы бар
Қызық найзасы бар (Сиыр)
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Екі құлағы бар және сақалы бар (Ешкі)
Үстінде екі тауы бар
Өзі қызық жануар (Түйе)
-Бұл жұмбақтың шешуі- Жылқы,Сиыр,Ешкі,Түйе.
-Барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?(төрт түлік мал)
Сергіту сәті.
Бұл кезеңде біз әр төлдің баласын шақыруымыз керек. Мүмкін сендер әнімен шақырарсыңдар, мүмкін сөзбен шақырасыңдар, әйтеуір, анасына баласын шақырып беруіміз керек.
«Сыңарын тап» ойыны
Сиыр сүт береді
Жылқы қымыз береді
Қой - ешкі жүн береді
Түйе шұбат береді
Қорытынды: жақсы сабаққа қатысқан балаларды мадақтау