СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Планирование урока для 9 классов по химии по теме "Тотығу-тотықсыздану реакциялары"

Просмотр содержимого документа
«Тотығу-тотықсыздану реакциялары»

Бөлім:

9.2А Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Педагогтің аты-жөні:

Ахмедова Валида

Күні:

09.11.2023ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.2.5 -тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну

9.2.2.6 -тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну

Сабақтың мақсаты:

Тотығу-тотықсыздану реакцияларын ажыраты білу;

Тотығу дәрежесін дұрыс анықтау

Тотығу –тотықсыздану реакцияларының типтерін ажырату;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға «Флешка» әдісі арқылы біріктіру.


Сәлемдесу. Сыныпта жағымды атмосфера орнату

Оқушылар берілген сұрақарға жауап беру:

  • Тотығу-тотықсыздану реациялары дегеніміз не?

  • Тотығу дегеніміз не?

  • Тотықсыздану дегеніміз не?

  • Тотығу дәрежесі дегеніміз не?

Топтық жұмыс: Оқушыларды топқа бөліп, берілген қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежелерін қоюды ұсыну

1 топ: Сl2O7, SO3, H3PO4, P2O5, Na2CO3, CuSO4, Cl2,

2 топ: HClO4, K2Cr2O7, Cr2(SO4)3, Al(NO3)3, CaSO4,


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.



Жаңа сабаққа кіріспе

10 мин


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.




Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Тотығу дәрежесіне сай химиялық реакияларды жіктеу

Фронтальды сұрау:

1.Химиялық реакция дегеніміз не?

2.Химиялық реакциялардың типтерін атаңыз?

Мұғалім:

Яғни бұл химиялық реакцияларды тотығу дәрежесіне сай екі топқа бөлеміз тотығу дәрежесі өзгере жүретін және өзгермейтін.

Мысалы, : NaOH + HCl → NaCl + H2O (тотығу дәрежесі өзгеріссіз)

Na + H2O → NaOH + H2↑(тотығу дәрежесі өзгерген)

• Қосылыстардың құрамында тотығу дәрежесін қалай есептейді?

Мұғалім негізгі ұғымдарды талқылап, анықтама берді.

Тотығу

Тотықсыздану

Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Тотықтырғыш

Тотықсыздандырғыш

Қорытынды: Тотығу және тотықсыздану бір-бірінен бөлуге болмайтын процестер: тотығу тотықсызданусыз болмайды және керсінше, тотықсыздану тотығусыз болмайды.

Тотығу –тотықсыздану процестері табиғат пен техникада маңызды рөл атқарады. Тыныс алу, фотосинтез, зат алмасу және бірқатар биологиялық процестер тотығу-тотықсыздану реакциялары болып табылады.

Оқушыларға тотығу –тотықсызану реакцияларын орындау ережесі көрсетіледі:

  1. Реакция теңдеуін жазу.

CuS+HNO—Cu(NO3)2+ S + NO+H2O

  1. Элементтердің тоотығу дәрежелерін анықтап, көрсетеміз:

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

10 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

1-тапсырма.

Оқушылар жеке жұмыстар орындайды:

Берілген реакция теңдеулерінде тотығу дәрежелерін қойып, тотығу дәрежесі өзгерген элементтерді анықтайды және тотықтырғышпен тотықсыздандырғышты көрсетіп ажыратады.

  1. HNO3 + H2S →  H2SO4 + NO + H2O

  2. КСlO3 → КС1 + КСlO4

  3. KNO3 →  KNO2 + O2;

  4. Mg+ N2  Mg3N2;

  5. KClO3  →  KCl + O2

Дескриптор:

1. Тотығу дәрежесі өзгерген элементтерді анықтайды

2. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіп ажыратады.

Бағалау: Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп жүріп, кері байланыс береді

Презентация

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Топтық жұмыс «жалғасын тап» 6 мин


Жалғасын тап топтық жұмысында тапсырманы орындатад, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-тапсырма.

Оқушылар жұпта берілген реакция теңдеулерін қарастырып, тотығу-тотықсыздану реакцияларын анықтайды

PbO + 2HCl PbCl2 + H2O

PbO2 + 4HCl ⟶ PbCl2 + 2H2+ Cl2

AlCl3 + 3NH3 + 3H2O Al(OH)3 + 3NH4Cl

2CrO2+2OH – + 3H2O2 2Cr2O42- + 4H2O

CaCO3  CaO + CO2

Дескриптор:

1. ТТР түсінеді 2. тотығу-тотықсыздану реакцияларын анықтайды Бағалау: Оқушылар жұпта жұмыстарын тексеріп, кері байланыс береді


Презентация

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Жеке жұмыс

5 мин

Инклюзивті тапсырма

(Мұғалім жеке жұмыс бергеннен кейін, сыныптағы мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушымен жеке жұмыс істеу керек)


3-тапсырма.

1.Тотықсыдану схемасына сай келетін процесс:

N-3 → N+2

Cl+5 → Cl+7

Ba+2 → Ba0

2O-2 → O20

2.Тотығу схемасына сай келетін процесс

Na → Na+

2Cl → Cl02

Al+3→ Al0

P+5 → P+3

Мұғалім оқушылардың жауаптарын талқылай тырып, кері байланыс береді Дескриптор: 1. ТТР түсінеді 2. Тотығу-тотықсыздану түрлерін ажыратады

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі

бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: