Трайбализм, рушылдық – қоғамдық жікке бөлінушілікті тудыратын этнос ішіндегі ру-тайпалар мен жеке адамдар бойындағы тайпалық, рулық сезім, құбылыс.
Трайбализм негізінен билікке таласушылықты, сепаратизмді қоздыратын құбылыс ретінде саяси мәдениеті төмен, демократиялық институттары нашар дамыған елдерге (Азия, Африка елдері, т.б.) тән.
Этногенетикалық тегі тайпалық-рулық құрылыс негізінде қалыптасуына және ғасырлар бойы жүздік құрылымдар бойынша басқарылуына байланысты қазақ халқында тайпалық, рулық сезім осы күнге дейін сақталған. Қазақ дәстүрлі әдет құқығы бойынша әр адам өз шыққан тегі мен жеті атасын білуі тиістігі тұқым тазалығы мен тектілік қасиеттің орнығуына, адамдар арасында туыстық қатынастардың жойылмауы мен сол арқылы халықтың өзін-өзі сақтап қалуына жағдай жасады, мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландырды. Дегенмен, жеке адамдар арасындағы ірілі-ұсақты билікке таласушылық ру-тайпалардың залалды бақталастығы мен бәсекелестігіне, дау-жанжалға ұласып, рулық сезім рушылдық-жікшілдікке соғып отырды.
Қазақ еліндегі трайбализм өзге елдердегі жершілдік, этностық жікшілдік секілді құбылыстарға ұқсас қызмет атқарды, тиісінше қазақ мемлекеттілігін нығайта түсуге кедергі жасады. Қазақ хандығы дәуірінде Тәуке ханның “Жеті жарғысы” рушылдық құбылыстарға батыл тосқауыл қоюымен ерекшеленді.
Әр кезеңдерде өмір сүрген қазақ зиялылары рушылдықты “мемлекетке іріткі салатын қоғамдық дерт” ретінде бағалап, оны біржола жоюды, елдік, мемлекетшілдік сананы жоғары қойып, орнықтыруды ұсынды. 20-ғасырдың соңынан бастап қазақ қоғамында урбанизация және нарықтық үдерістердің күшеюі трайбализмнің бәсеңдеуіне ықпал етті.[1][2][3]
- Қазақты үш жүзге бөлу;
- Бөліну кішкенеден басталады:
Бір аулылда көшеге бөлініп төбелесу, ауыл-ауыл болып, қалада болса ауданға бөлініп, оңтүстік-солтүстік болып бөліну, басқа елге барса ұлтқа бөлініп төбелесу.
ВИДЕО (Түркістандағы төбелес)
Шоқандағы балалар төбелесі.
Бұл ақылға қонымсыз нәрсе. Футбол фанаттары.
ВИДЕО (ДРАКА ТОЛПА НА ТОЛПУ)
Заңды білмегендік жауапкершіліктен босатылмайды.
ВИДЕО (жауапкершілік, жаза)
ВИДЕО (балалар калониясы)
Не себеп? (білімсіздік, надандық, ақымақтық, кинолардың әсері)