Тренинг тақырыбы: « Адами қарым-қатынас»
Мақсаты: Жеке тұлғаға өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің
адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін
дамыту, ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілігі: Ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, сөздер жазылған карточкалар,
музыка, слайд.
І.Шаттық шеңбері.Сәлемдесу , әр қатысушы параққа өзінің бойындағы бес қасиетін жазып келесі қатысушыға береді,ол дауыстап оқиды,әрі қарай тізбекпен жалғасып кете береді.Топқа бөлу санау арқылы, 1,2,3
ІІ.Психологиялық ахуал жасау. Музыка тыңдау
Мақсаты: Тұлғаның өмірге деген құлшынысын арттыру,жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.
ІІІ. «Бұл мен...»
Мақсаты: қатысушылардың өздері туралы айтуына, жақынырақ танысуға көмектесу.
Әрбір қатысушы 5мин ішінде өзін мінездейтін 5 сөз жазып, оны кеудесіне тағып қояды. Біршама уақыт бойы қатысушылар әрі-бері сапырылысып, бір-бірінің мінездемесін оқуға кіріседі. Барлық жазулар оқылған соң, барлығы дөңгелене отырады. Сосын пікірталас басталады: әрқайсысының қандай ерекше мінезі есте қалды, таңқалдырған нәрсе бар ма?, күлкілі нәрсе ше? т.б айтып шығады.
ІҮ. «Өзіңді тереңірек тани біл»
Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы«Өзіңді білгің келсе» тақырыбында берілген сөздерді қатыстырып сурет салу ұсынылады: күн, тау, үй, ағаш, қапшық ,жол ,сақина ,гүл , жылан.
Егер күн дәл ортасында салынса –балалық шағы қызықты , батысқа салынса- кәрілік шағы қызықты болады.
Тау дөңгелек салынса –мінезі жұмсақ,мейірімді сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш ,тік мінезді адам. Егер аралас салынса –басында қар болса, өзгермелі адам.
Үй- суретте ағаш үй салынса , арманың орындалады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса ,ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын ,өсек құмар адам.
Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды.Егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді,оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қаншалықты әдемі салынса сұлулыққа құштар.
Қапшық – қалта қаншалықты үйге жақын жатса , байлық та жақын. Керісінше болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық .Қапшық жерде жатса жалқау ,түрегеліп тұрса еңбекқор адам.
Жол- үйге жақын жатса жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса , тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа ,айналасына тарататын адам.
Сақина- көзсіз болса қонақ қабылдағанды ,қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды . Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.
Гүл- үйге жақын болса, қуаныш , той болады, үйдің жиегінде болса- қызықты күндерін алыста.
Жылан үйден алыс салынса- жаулары алыс ,егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте қайсысы үлкен салынса сенің өмірің үшін маңызы зор.
V Сергіту сәті.
ҮI.Ой қозғау. Адам бойындағы қандай қасиеттер көшбасшы екенін білдіреді? Көшбасшының қасиеттері қандай болуы тиіс?
10 мин қорғау Топтық жұмыс. Эссе жазып, топпен бір ойға келіп, қорғау.
Көшбасшы жаңашылдық енгізеді,дамытады,болашаққа бағыт түзейді, жеке тұлға, сенім қанаттандырады, не, неліктен деп сұрайды, құрастырады, өзгертеді,т.б
Көшбасшы –мұғалімнің функциялары: өзінің мұғалімдік қызметін үздіксіз жетілдіру, оқу бағдарламасын әзірлеу-дамыту жөніндегі біліммен қамтамасыз ету, мектепті басқаруға қатысты шешім қабылдауға қатысу, әріптестерінің біліктілігін арттыру,Осы көшбасшылықтың 4 сипаттамасы н/се бағыты көрініс тапқан ( орындаушы, қатысушы, делдалдық, қарым-қатынас) Сондықтан да мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас құру, арқылы олар бірін-бірін оқытып, өзара білім алады.Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болыптабылады.Сенімді қарым-қатынас орнату және білімді тарату көшбасшылықтың басты міндеттерінің бірі.
ҮІ. Кері байланыс.Күту ағашы
Не ұнады?
Қандай қиындық болды?
Тілегім.