Просмотр содержимого документа
«Тренинг "Балабақшаға бейімделуі"»
Баланың балабақшаға бейімделу мезгіліндегі жүргізілген жұмыстардың бірі
Баланың балабақшаға бейімделу ұзақтығы қай топқа жататынын анықтау мақсатында мінездеме толтырылады.
Мақсаты: Балабақшаға үйрену ерекшелігін байқау, бейімделу мерзімі ұзақтығы қай топқа жататынын анықтау.
1. Ғалым Дильназ – 3 жас 5 ай
2. Нұрқожа Елдос – 3 жас 2 ай
3. Қожаберді Аршын – 3 жас 7 ай
4. Жетібай Айдар – 3 жас 8 ай
5. Сеид Назерке – 3 жас 4 ай
Осы жұмыс жүргізілу барысында балалардың бейімделу кезеңі бақылауға алынды.
Ғ.Дильназ – эмоционалды жағдайы бірқалыпты. Тамаққа тәбеті жақсы. Үлкендермен қарым-қатынасы жақсы жағдайда. Жаңа ортаға тез бейімделіп кетті.
Н. Елдос – Сөйлеу қабілеті толықтай дамымаған. Балалармен қарым-қатынасы төмен деңгейде. Үйдегі талаптарын орныдатқысы келеді.
Қ.Аршын - Үлкендермен де, балалармен де қарым-қатынасы жақсы. Ұйқысы, тамаққа тәбеті жақсы. Ортаға тез үйренісіп кетті.
Ж.Айдар – Эмоционалдық жағдайы жақсы.Балалармен қарым-қатынасы жақсы. Бірақ күш көрсетіп, өз дегеніне жетеді.
С.Назерке – Сөйлеу қабілеті жақсы. Өз қатарының және тәрбиешілердің сыртынан бақылап отырады. Жыламай келеді. Тамаққа тәбеті төмендеу.
Жалпы алғанда балалардың топқа бейімделу кезеңі ауыр өткен жоқ.
Бірінші топқа ( ауыр бейімделу) – 1 бала
Екінші кезеңге (орташа бейімделу) – 2 бала
Үшінші топқа ( жеңіл бейімделу) – 2 бала
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрінің тағы біріне анкета жатады. Тәрбиеші ата-аналарға анкета таратып, төмендегі сұрақтарға жауап алады:
1. Баланың аты-жөні –
2. Ата-анасының аты-жөні –
3. Жұмыс орны –
4. Баланың денсаулығы туралы мағлұмат –
5. Қандай тағамдарды ұнатады немесе ұнатпайды –
6. Үйде ұйқысы қалай /оңай және тез жатады, ұзақ ұйықтайды/
7. Қандай ойыншықтармен ойнайды? –
8. Үлкендермен қарым-қатынасы қалай? –
9. Өз қатарымен қарым-қатынасы қалай? –
10. Балаңыз кіммен жиі қалады? -
Осы мәтіндегі сұрақтарға жауап алынып, психолог немесе тәрбиеші жауаптарды анализдей келе, әр балаға мінездеме шығарады. Бұл баланың мінез-құлқын, даму ерекшелігін, қызығушылығын анықтауға көмектеседі. Тәрбиешілер ата-аналарға кеңес беріп, баланың нервтік жүйесінің даму кезеңдерін, әр жастағы бала нені білу керек екені айтылады. Ата-аналар жиналысы өткізіліп, жиналысқа балабақша директоры, медбике, психолог қатысулары керек.