СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тренинг "Менің ең қиын оқушым"

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тренинг

Просмотр содержимого документа
«Тренинг "Менің ең қиын оқушым"»

  4. «Менің ең қиын оқушым» жаттығуы.

    Мақсаты: Мұғалім бойында балаға деген жағымды-эмоцияналды қатынасын дамыту, қиын балалармен қарым-қатынаста тәжірибе алмасу.

Топ мүшелерін шеңбер бойымен өздерінің тәжірибесінде кездескен бір қиын оқушы жайлы оның түр әлпетін, өзін сабақта қалай ұстайтындығы, оның үлгерімі, соған байланысты қандай қиын ситуациялар болған және т.с.с. жайттарды баяндап беру тапсырылады. Мұғалім оған әсер ету үшін қандай амалдар қолданғанын суреттеуі керек. Топ мүшелері өздерінің тәжірибесін пайдалана отырып ол балаға әсер етудің эффективті тәсілдерін табуға көмек береді.

  4.  «Баға» жаттығуы.

     Мақсаты: Оқушыларды бағалаудағы өзара әрекеттесудің эффективті коммуникативтік амалдарын өндіру.

     Топ шеңбер құрып тұрады, әрбір қатысушы бір позитивті және негативті баға айтуы қажет. Алдымен негативті баға айтылады, мысалы, «отыр екі».

     Әркім бұл фразаны айтуда өз сөздерін, интонациясын, мәндерін қолдануға мүмкіндік береді. Психолог мұғалімге оқушыға негативті баға қойған кезде оған өзіндік жеке қарым-қатынасының көрініс табуын және тәрбиеленушінің жақсырақ оқуға мүмкіндігі барына сенім білдіру керектігін көрсетеді. Негативті бағаны мынадай фразада айтуға болады: «Өте өкінішті, Анар бүгін саған нашар баға қоюға тура келіп тұр, сен өте қабілетті қызсың, жақын күндері өзінің екіңді жөндейтіндігіңе сенімдімін».

    Оқушыны позитивті бағалағанда да баланың жетістігіне шынайы қуанышы мен психологиялық қолдаудың жаңа формаларының  кәсіби амалдарын жетілдіруге болады. Мысалы, позитивті баға қойған кезде позитивті баға қойғандағы фраза төмендегідей болуы мүмкін: «Жарайсың, бүгін сені бес деп бағалаймын, ары қарай осылай оқуыңды жалғасыра бер».

       5. «Алақан» жаттығуы (сергіту жаттығу).

      Бастапқы қалып: тік тұрып, алақанды «көрермендерге көрсету», шынтақты төмен түсіріп, қолды денеден алыс ұстамау керек – «экстрасенс» кейпі. Мұрнымен қысқа, шулы, белсенді дем ала отырып, алақандармен жұдырық түйіңіз (қармау қимылы). Қолдар қозғалмайды, тек қана алақандар жұмыс жасайды.

     Белсенді дем алудан соң бірден дем шығару мұрыннан немесе ауыздан еркін де жеңіл орындалады. Бұл уақытта жұдырықтар ашылады.

     Тағы да мұрнымен «пысылдап» (дыбыстатып, бөлменің бәріне естілетіндей) және бір уақытта алақандарды жұмылдыру керек. Шулы дем алу мен жұдырықты жұмғаннан соң тағы да еркін де жеңіл дем шығарылады, қолдардың саусақтары жазылады, қолдарды босаңдатамыз.

Дем шығарғанда саусақтарды тарбиту керек емес. Әрбір дем алудан соң дем шығару қалай еркін шығарылса, жұдырық та соншалықты босаңдайды.

    Ең бастысы дем шығару туралы  ойлауды үйрену. Тек дем алу ғана белсенді рол атқарады, ал дем шығару пассивті болу қажет. Ауаны кеудеде ұстап қалмау қажет және де итеріп шығару керек емес. Ауаны толық шығаруда организмге кедергі жасамаңыз, ол өзі-ақ шығарады.

     Қысқа 4 шулы дем алу жасай (және осыған сәйкес 4 пассивті дем шығару) отырып, үзіліс жасаңыз да 3-4 секунд демалыңыз