Просмотр содержимого документа
«Тренинг "Менің көңіл күйім"»
Танымдық қабілетін дамытуға арналған тренинг-жаттығулар
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
«Суреттің жұбын тап» ойыны.
Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту
Қажетті құралдар:
Құралдар: Магниттік тақта, магниттер, 9 жұп суреттер: алмұрт - алма, шәйнек - кесе, аққу – торғай, ешкі – қой, қасқыр – аю, картоп – сәбіз, кітап – дәптер, машина – жол, үстел – орындық
Ойын өтілу барысы:
Психолог магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына – алма, шәйнек, аққу,машина, үстел, ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына – кесе, әтеш, торғай, қой, картоп,жол, орындық, аю, дәптердің суреттерін қояды.
Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенің түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы: картоп суретіне мен сәбіздің суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде асқа жатады.
Психолог негізгі дұрыс жауапты алғанан соң, суреттің орның ауыстырып жұбтарын бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің жұбтары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды.
«Керісіншелер елі».
Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас. Доп-под. Ас-са. Қар-рақ. Алма-амла. Аққу-уққа. Әтеш-шетә.). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
1. «Ине мен жіп»
Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір - бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
2. «Бұл қашан болады?.»жаттығу
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.
Кесте, құрал - жабдықтармен жұмыс
1. Айлардың аттарын ата;
2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата;
3. Әр мезгілде неше ай бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
3. «Не үлкен?.» ойын
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды айтады. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.
4. «Сиқырлы қапшық» ойын
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина, т. б. Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарадығ, ойын осылайша жалғасады.
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
1. «Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.
2. «Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.