« Менің жанұям»
ата-анамен жұмыс-тренинг
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, зейінділігін, тілін, қиялын дамыту. Өз жақындарына деген сүйіспеншілігін арттыру, оларды қадірлеу, құрметтеуге тәрбиелеу.Ата-аналардың балабақша өміріне етене араласуына жағдай жасау.
Керекті құралдар: 3 дана қағаз./3 бөлікке бөлінген/; әуен жазылған кассеталар,бояулар, қылқалам, дидактикалық ойын: «Суреттерді құрастыр»; жағдаяттар жазылған карточкалар; «Менің жанұям» тақырыбында салынған балалар суреттері; Ата-аналарға арналған анкета, диск «Сөйлесейік».
Алдын-ала жұмыс: Әуенмен салынған балалар суреті, әртүрлі жағдаяттарда балалармен сұхбат, «Менің жанұям» тақырыбында салынған балалар суреттері.
Жүргізуші: - Сәлеметсіз бе құрметті ата-аналар.
- Сіздерге бүгінгі кездесуге қатысқаныңыз үшін рахметімізді айтамыз. Сіздерге отбасыңызға амандық, мықты денсаулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Отбасыңызда баланыңыздың қызығын көріңіз.
Жүргізуші: /Көркем сөз/
-Құрметті ата-аналар бүгін ешқандай баға, балл қойылмайды.Біз бұл жерге танысу үшін, өзімізді және баламызды жақынырақ білу үшін жиналып отырмыз. Бүгінгі сабағымызға балабақша психологы қатысады.
Ол балаларға бақылау жүргізіп, әртүрлі тесттер өткізіп балалармен жеке жұмыстанды.Осы сабақ аяғында біздің психологымыз балалар жөнінде қысқаша мағлұмат беріп, кеңестер айтады.
Сонымен сабағымыздың І бөлімі «Әуен және бояулар» деп аталады.
Құрметті аналар біз сізге әр түрлі әуендер тыңдап, соған қарай сурет салып беруіңізді өтінеміз. /Сіздердің алдарыңызда.../
Осындай жұмысты біз балалармен бірнеше күн бұрын өткізген болатынбыз.Осы тапсырма соңында сіз өз балаңыздың осы тақырыпқа салынған суретін көресіз.
Осы тапсырма аяқталғаннан кейін суреттерді психолог қарайды.
Жүргізуші: Сабағымыздың ІІ бөлімін бастаймыз. «Жағдаяттар мен сұрақтар»
Құрметті аналар сіз балаңыз осы жағдаятты /ситуацияны/ қалай шешкен болар еді деп ойлайсыз? Бірнеше күн бұрын балалардың жауабын біз бейнетаспаға түсірген болатынбыз.Осы тапсырма аяғында сіз «Сөйлесейік» тақырыбындағы дискіні көресіз.
Жағдаяттар /ситуации/.
1. Сен үйге балабақшадан келдің, ал үстел үстінде үлкен, тәтті торт тұр.Сен не істейсің? а/ Өзің жейсің;
б/ Бәрі жиналғанша күтесің бе?
2. Мына екі үйдің суретіне қара, қай үйде тұрғың келеді?
а/ Неге бұл үйді таңдадың?
б/ Бұл үйде кіммен тұрғың келеді?
3. Осы заттардың ішінен қайсысын мамаңа сыйлар едің? /үстел үстінде шоколад,гүл, ойыншық, кітап, жүрекше/
Сұрақтар: 1. Сенің арманың қандай?
2. Өскенде кім болып жұмыс жасайсың?
3. Саған Жаңаөзен қаласы ұнай ма? Несімен ұнайды?
Жүргізуші: Сабағымыздың ІІІ бөлімін бастаймыз. Дидактикалық ойын: «Суреттерді құрастыр»
Ойын мақсаты: Қиындылардан үлгіге қарап сурет құрастыру. Суретті баласы мен анасы бірге құрастырады.
Жүргізуші: Құрметті аналар сабағымыздың 4 бөлімін бастаймыз.
Сіздер балаңыздың «Менің жанұям» тақырыбына салған суретін табуыңыз керек. Бұл суретті балалар кеше салды.
Бұл балаңыздың суреті екенін қайдан білдіңіз?
Аналар жауабы.
Жүргізуші: - Аналарға арналған анкета.Сөз кезегі психологқа беріледі.
Сабақтың қорытындысы. Аналарға және балаларға тілектер жолдау.