СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Цифрландыру – білім берудегі жаңа негізгі бағыт

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

МЫНЖАСАРОВА АЛИЯ УСЕНОВНА

Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы

директордың ақпараттық-технологиялар ісі жөніндегі орынбасары

Тараз қаласы

ЦИФРЛАНДЫРУ – БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА НЕГІЗГІ БАҒЫТ

Цифрлық технологиялар көптеген елдердің

экономикасын дамытуда маңызды рөль атқарады.

ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры. Қазіргі

таңда білім және ғылым жүйесінің алдында жаңа

мақсаттар мен міндеттер тұр. Оларды шешу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша

бірқатар стратегиялық және бағдарламалық

құжаттарға негізделген, білім мен ғылымды

дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа

мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. ҚР Білім

және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа

мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары

туралы баяндамасында «Бағдарлама жобасы

педагогикалық ұжымдарда мұғалімдермен,

Президент жанындағы Ұлттық кеңестің

өкілдерімен, сарапшылармен және Парламент

депутаттарымен талқыланды. Бұл жобаның

ерекшелігі – PISA, TALIS, PIAAC, PIRLS, ISILS

секілді 5 халықаралық зерттеудің нәтижелері бізге

негізгі проблемаларды анықтауға және олардың

шешімдерін табуға мүмкіндік берді. Мектебімізде

осы жоба бойынша жұмыс өз деңгеінде жүргізіліп

отыр. Оқушылар жобаға дайындық жұмыстарын

күнделікті сабақта тапсырмалар орындау арқылы

жетілдіріп отырады.

Жаңа ақпараттық технологияның басты

тиімділігі – бұл мұғалімге информатика

сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге,

оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте

отырып, оқушылардың дүниетанымдарын

кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны

дамытуға толық жағдай жасауы.

Сабақта компьютерді пайдаланудың

тиімділігін былай саралап көрсетуге болады: 1)

Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста

болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, оқушылар

компьютермен тікелей қатысты болғандықтан

өзін еркін сезінеді. 2) Компьютермен жұмыс

барысында оқушылардың белсенділік,

жауапкершілік және өзіндік шығармашылық

қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше

еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-

өзі қадағалауға мүмкіншілік туады.

Тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз

орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау

қабілеттері дамиды. 3) Берілетін материал

бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін

болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз

аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды

болдырмау үшін қазақ тілі мен әдебиет сабағында

компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін

арттыратын элементтер қолданылады. Мысалы,

СТО стратегияларын, дидактикалық

үлестірмелер, түрлі ребустар, суреттермен жұмыс

кросвордтарды жатқызуға болады.

Мен жұмыс атқарып отырған білім ордасы

қолданылатын бағдарламалық-аппараттық

кешенге және қолданбалы бағдарламалық

қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға сәйкес

жұмыс жасайды. Цифрландыру жүйесімен

жұмыс, өз деңгейінде, жаңа заман талабына сай

толық атқарылып отыр. ҰБДҚ, Күнделік

электронды журналы, басқа да онлайн

платформалармен жұмыс жасаймыз. Үй

тапсырмаларын оқушылар онлайн режимінде

бірге жұмыс істей алады. Мектеп кітапханалары

ақпараттық және компьютерлік орталықтарға

айналды. Оқу үрдісі әрбір білім алушының

идентификаторымен байланыстырылатын

болады, бұл бағалау және бағаларды

қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда

1930 оқушы, 176 педагог жұмыс атқаруда. Бір

компьютерге шаққандағы оқушылар саны – 11.

Үй жағдайында мұғалімдер мен оқушылардың

компьютерлік техникамен (компьютерлер,

ноутбуктар) қамтылу және интернетке қосылу

үлесі 100% құрайды. Бүгінгі күні мектепте 42 оқу

кабинеті бар, олардың 4 (40% ) жаңа

модификацияланған кабинеттер. Олар: биология,

робототехника, физика, химия, мультимедиялық

кабинеті.

Педагогтардың электронды білім беру

саласындағы білім мен біліктерін: базалық

компьютерлік білім мен білік және кәсіби

бағдарланған компьютерлік білімдер мен біліктер

деп қарастыруға болады. Қазіргі білім беру

жүйесіндегі инновациялық өзгерістердің

прогресивті өсімін ескерер болсақ, тек ғана

базалық компьютерлік білік пен дағдыны меңгеру

жеткіліксіз. Ұстаздың әр тарапты ізденушілік

қасиеті үнемі қозғалыста болуы керек екендігін

білсек, инновациялық-технологиялық бағыттағы

ізденушілігі де үнемі үрдісте болуы

тиіс. Мұғалімдер өздерінің кәсіби, цифрлы

біліктік деңгейлерін үнемі, үздіксіз дамытып

отыруы керек. Электронды білім беру жүйесіне

сай педагогтардың біліктілік деңгейлерін

келесідей тараптарға жіктеуге болады:

04 (55) Säuır 2022 jyl 31 QAZAQ BILIMI

қарапайым-бейімдеушілік деңгей. Бұл деңгейде

компьютер және компьютерлік техниканы

қолдану дағдылары, оқу үрдісінде қолданбалы

бағдарламалық құралдарды қолдану

мүмкіндіктері қарастырылады. Екінші іс-

әрекеттік-ізденістік деңгей. Педагог АКТ-мен

жұмыс жасау негіздерін практикалық тұрғыда

меңгереді.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының

шешуші мақсаты инновациялық экономиканы

қалыптастыру, 2050 жылға қарай бәсекеге

қабілетті 30 елдің қатарына қосылу және қоғам

мен өндірісті жаңарту екені белгілі. Білім

саласындағы цифрландырудың ең басты міндеті

білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық

дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде

«жасанды интеллект» және «ауқымды деректер»

жасау саласында бәсекеге қабілетті ел жастарын

дайындау. Қазақстан цифрлы болашаққа нық

қадам басуы үшін көп еңбек етіп, қызмет жасау

біздің басты міндетіміз деп білемін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. С.Т. Мұхаметжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-

тәсілдері. Алматы, 2008ж.

2. Т. Жұмажанова, С. Дүйсебаев, Ә. Мамырова, З. Көпбаева, «Қазақ әдебиетінің» әдістемесі.

Алматы «Білім», 2003.

3. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.

4. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000__

Просмотр содержимого документа
«Цифрландыру – білім берудегі жаңа негізгі бағыт»

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!