Күні:19.11.2016ж.
Сыныбы: 6 «А»
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға циклдік алгоритм туралы түсінік беріп, ережелерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:Компьютер, тақта, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Жаңа тақырып:
Қоршаған ортада көптеген процестер жүйелі түрде ретімен бірнеше рет қайталанып отырады. Мысалы, аптакүндерініңауысуы: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбінемесеауа-райыныңмаусымдықауысуы. Қайталанукомандалары бар алгоритмдерциклдікдепаталады. Қайталанукомандаларын цикл құрайды, яғнициклдербірнешереторындалады.
Циклдік алгоритм – бұл командалары бірнешерет қайталанып орындалатын алгоритм.
Қайталау санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл екі түрге бөлінеді. Қайталау санының алдын ала белгілі циклі арифметикалық циклдеп, орындалу саны белгісіз цикл командалық (интерациялық) цикл деп аталады. Арифметикалық цикл ең қарапайым цикл болып табылады және ол практикада жиі қолданылады. Мысалы, дене шынықтыру сабағында сендер алаңды бірнеше рет айналып жүгіріп келулерің керек 5-сурет

5-сурет
Арифметикалық цикл алдыналашарты бар циклгежатады.
Арифметикалық циклдік алгоритм мына түрде орындалады:
Шарты тексеріледі.
Егер шарты дұрыс болса, онда циклдің барлық командалары орындалады.
Соңғы циклдегі жолға өткен кезде шарт қайтадан тексеруден өтеді, 1-пункт орындалады.
Шарт ақиқат болмаған жағдайда, циклдің келесі жолына шартты орындау үдерісі жүреді.


Үйге тапсырма:Циклдк алгоритм.