СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ЦИКЛОГРАММА Ортаңғы тобы

Нажмите, чтобы узнать подробности

ЦИКЛОГРАММА

Ортаңғы  тобы  1-ші  аптаға (2-6  қазан 2017 ж.)

Өтпелі тақырып «Менің отбасым»   

Просмотр содержимого документа
«ЦИКЛОГРАММА Ортаңғы тобы»

ЦИКЛОГРАММА

Ортаңғы тобы 1-ші аптаға (2-6 қазан 2017 ж.)

Өтпелі тақырып «Менің отбасым»


Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі


Жұма


Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу


Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )


Таңертеңгі гимнастика (5 мин)

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Ата-аналармен жеке әңгімелесу, Жеке балалармен жұмыс, дене қызуы мен көңіл бөлу, жағымды жағдай орнатуға арналған ойындар.

Тақырыбы:«Ғажайып қалта» ойын-жаттығу:

Мақсаты: Ойыншықтардың ажыратып тани білуге үйрету, ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту.

«Қақпақтар» үстел-үсті ойыны:

Мақсаты: балаларды ұқсас заттарды топтастыра білуге үйрету,саусақ моторикаларын дамыту.

.«Достық». саусақ ойын жатығуы

Мақсаты: балалардың саусақ маторикасын дамыту,ересектің нұсқауы бойынша қимылдар жасауға үйрету


«Түрлі – түсті моншақтар» дидактикалық ойын:

Мақсаты: балалардың саусақ маторикасын дамыту. Ойлау қабілетін дамыту.


«Әуе шарлары» дидактикалық ойын

Мақсаты: түстерді танып ажыратуға баулу

Жаттығулар


Таңғы ас

Сабынмен қол, бет жуамыз.

Түрлі микроптарды кетіру үшін.

Мәдени-гигиеналық дағдылар


Астан кейін беті-қолын жуып, сүртінуге дағдыландыру, тазалыққа баулу.






Ойындар,Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

Балалармен ұйымдастырылатын оқу қызметіне қажетті дамытушы орталықтардың (белсенділік орталық) материалдарын, көрнекіліктерін,

дидактикалық ойын материалдарын дайындау



Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі

Дене шынықтыру

Мақсаты:1.Тапсырманы орындай отырып, сапта бір-біреуден жүру және жүгіру. 2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру. Қарамақарсы отырып, аяқты алшақ ұстап допты домалату.


Көркем «дебиет

Тақырыбы:

«Менің отбасым» Мақсаты: әнді айту , дауы

Ыстың биік және төмен ырғақтарын ажырату. Әнді музыкаға ілесіп айта білуге, есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы, ән арқылы дамыта отырып тәрбиелеу

Дене шынықтыру.

Мақсаты:2.Тапсырманы орындай отырып, сапта бір-біреуден жүру және жүгіру. Қарама-қарсы отырып, аяқты алшақ ұстап допты домалату. Қос аяқпен басты затқа тигізіп секіру.

Тіл Дамыту Тақырыбы: «Біздің отбасы» Адырбек Сопыбеков Мақсаты: Отбасында әрекеттердің атауын айтуды, тілдік қарым-қатынаста, зат есімдерді, қолданып, заттарды (Кім? Не?) және сын есімдерді (Не істейді?) қолданып, сипаттауға үйрету.

Сурет салу Тақырыбы: «Әжеге арналған түрлі-түсті орамал» Балаларды шаршы пішінді орамалға өрнектер салуға жаттықтыру.Өздері салған өрнектерді қылқаламмен бояу арқылы эстетикалық талғамының дамуына мүмкіндік туғызу.

ҚМҰҚ Тақырыбы: «Біздің үй ішіміз»

Мақсаты: қанша-сонша ұғымын ажырату, төртбұ ш, үшбұрыш пішіндерін бақылау,ішінде-сыртында кеңестігін ажырату, көлемдерін бақылау.

Музыка.

«Ертегілер елінде»




Дене шынықтыру.

Мақсаты:3.Тапсырманы орындай отырып, сапта бір-біреуден жүру және жүгіру. Қос аяқпен басты затқа тигізіп секіру. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру


Жаратылыстану

Тақырыбы: "Менің отбасым"

Әрбір баланың өз жақын адамдары - оның отбасы болатыны жайында түсінік беру. Ата-аналарының аттарын есте сақтау. Достық қарым-қатынасқа тірбиелеу.

Құрастыру

«Үй және қақпа» Мақсаты: Балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру, құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыра отырып көпір құрастыра білуге үйрету


Музыка





Серуен:


Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.

Бақылау: Күз мезгіліндегі адамдардың киім киісін бақылау.

Мақсаты: Адамдардың неліктен күз мезгілінде жылырақ киінетіндігін балаларға айтып түсіндіру.

Еңбек: Біздің ауламыз.

Мақсаты: Ауладағы түскен жапырақтарды жинауға балаларды тазалыққа, еңбекқорлыққа баулу.

Көркем сөз: «Күзгі киім».

Мақсаты: Күзгі киім атауларын екі тілде үйрету.

Қимылдық ойын: « Күн мен түн».

Мақсаты: Балаларды әр түрлі қимыл-қозғалсын дамыту, шапшаңдыққа, ептілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Бақылау: Желді бақылау

Мақсаты : Желдің түрлерімен

таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру.

Көркем сөз.

Қалың ну халық саулығы

Көк орман Отан байлығы

Еңбек: «Әдемі гүлдер»

Мақсаты:Гүлзардағы гүлдерді суару.Өсімдіктерге қамқор болу, аялау, күту.

Қимылдық ойын: «Орамал тастау».

Ойын барысы:Орамал тастау ойыны қатысушылар араласа шеңбер құрып отырады.Ойын бастаушының қолындағы орамал шиыршықталған,ұруға ыңғайлы болады.Ойнаушылар ән немесе әңгіме айтып отырғанда бастаушы оларды сырттарынан айналып, біреуді белгілеп, оның артына қолындағы орамалды тастап кетеді.Егер қайта айналып келгенде әлгі адам өзінің сырт жағында қалған орамалды байқамаса, басқаоушы оны орамалмен ұрғылайды.




Бақылау: Күзгі көріністі бақылау.

Мақсаты: Күз ерекшеліктерін айыра білуге ; күннің салқындауы, жаңбырдың жиі жаууы, жапырақтардың сарғаюы, адамдардың жылы киінуі туралы түсінік қалыптастыру.

Еңбек: Ойын алаңы.

Мақсаты: Ойын алаңындағы ағаш бұтақтарын жинау.Балаларды еңбексүйгіштікке баулу. Өз алаңдарын таза ұстауға үйрету.

Көркем сөз: «Күз» өлеңі.

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшелігін айтып, тақпақ жаттатқызып, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Көрінеді шалғайдан,

Бел-белестер сарғайған.

Сары жапырақтар төгілген,

Тоғайды да көрдім мен.

Қимылдық ойын: «Қашпа, доп».

Мақсаты: Ойын шартын сақтай отырып, топ болып ойнауға, қимыл-қозғалысын дамытуға , ептілікке, шапшаңдыққа үйрету.


Бақылау: Күнді бақылау.

Мақсаты: Күн көзінің жарығын күннен тараған сәуле ( жарық) оның бүкіл табиғат үшін пайдалы да қажеттілігін ашу.

Қимылдық ойын: «Таяқшадан аттап өт», «Қуаласпақ»

Мақсаты: Жылдамдыққа , ептілікке баулу.

Еңбек: Гүл шоғы.

Мақсаты: Алаңдағы жапырақтарды жинап , олардан әдемі гүл шоғын жасау.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуұлы . «Бағдаршам»

Мақсаты: Бағдаршаммен таныстыру.Жолда жүру ережелерін түсіндіру.

Е.Өтетілеуұлы «Бағдаршам»

Сақта көше тәртібін

Бағдаршамның ал «тілін»

Біліпт алдым мен де:

Жасыл жанса, демде

Алға кетем лезде.

Сары жанса , сабыр

Сақтай тұрам әзір.

Жанса қызыл шоқтай,

Қаламын кілт тоқтай.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1.Төбешіктен-төбешікке секір.

2.Күн мен түн


Бақылау: Көгершінді бақылау.

Мақсаты: Балаларға көгершінің немен қоректенетіні, қайда мекендейтіні , тұмсығы дене пішіні түсі, қалай дыбыстайтынын үйретіп , оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Еңбек:Ауладағы құстарға жем беру.

Мақсаты: . Табиғатты аялай білуге , құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Көркем сөз: Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта,

Жем шашуды ұмытпа!

Мақсаты: Балаларға тақпақ жаттата отырып , есте сақтау қабілеттерін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуге мүмкіндік туғызу.

Ойын: «Шымшық доп».

Мақсаты: Допты қатты тебуге, оны ұстап алуға үйрету.Ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.


Серуеннен оралу

Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті .

Түскі ас

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

Түскі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.


Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

Табанды шынықтыру массажы
Таяқтарды жылжытып,
Массаж жасау білеміз.
Он аяққа 1-2-3,
Сол аяққа 1-2-3.
«Денсаулық» жолымен жүру.
Әдемі ирек жолдармен,
Жалаң аяқ жүреміз.
Табаңға біз нүктелі,
Массаж жасау білеміз.
«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!»

Бесін ас

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс

Ойындар, дербес әрекет

Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс

«Көңілді қаламдар» дидактикалық ойын.

Мақсаты: Балаларды бояулардың түстерін эмоциялы қабылдауға, қаламмен қағазға сурет салуға үйрету.

«Аңдарды табайық» дидактикалық ойын.

Мақсаты: Суреттегі жануарлардың ерекшеліктерін, іс-қимылдарын, дыбысын ажыратуға және сала білуге үйретуді жалғастыру. Жеке баламен жұмыс:

Сөйлеуді дамытудан Әсеммен «Ойыншықтар» өлеңін тыңдап, «ойыншықтар» сөзін дұрыс айтуға,

«ойыншықтар» туралы әңгіме құрастыруға үйрету.

Үстел үсті театры:

Мақсаты: «Менің достарым тақырыбы бойынша сюжетті картиналар қарастыру.

Жеке баламен жұмыс: Сөйлеуді дамытудан Мадияр, Аділмен

Мақсаты: тілдің грамматикалық құрылымы бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Сюжеттік - рөльдік ойын: «Киім дүкені»

Мақсаты:

Тәрбиеші балаларды қабылдап, таңертеңгілік жаттығуды өткізеді Музыкалық -ырғақтық жаттығулар.

Нұр, Айзере музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқынды таныс дене жаттығуларын орындату.

«Қорбаңдаған аю». Дидактикалық ойын:

Мақсаты: Аю туралы түсінік беру, аю образына кіру, жүрісін салу, ойын ойнау арқылы қызығушылығын дамыту.

Дидактикалық ойын жаттығуы: «Дұрыс, бұрыс»

Мақсаты: Тәрбиеші . сөйлемдер айтады. Балалар дұрыс болса

«дұрыс» деп, дұрыс емес болса «дұрыс емес» деп жауап береді.


Серуенге дайындық

Киіну: серуенге шығу.

Серуен

Серуенге қызығушылық туғызу.

Қимылды ойын «Маған қарай жүгір»

Мақсаты: ересектердің ауызша белгісі бойынша қимыл қозғалыс жасай білуге үйрету.

Балалардың үйге қайтуы

Ата-аналарға кеңес:

«Баланы өз-өзіне қызмет көрсетуге үйрету».

Мамандар кеңесі. Мысалы: Психологтың кеңесі

«Отбасындағы үлкендердің іс-әрекетінің бала тәрбиесіне ықпалы»

Ата-анамен:

«Балаңыздың қандай ерекше қасиеті барын білесіз бе?»

Кеңес:

«Үй жағдайында балаға пішіндерді үйрету».

Ата-анаға;

«Балаңызға түстерді үйретесіз бе?»



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!