Күн тәртібі | Дүйсенбі 9.12.19г | Сейсенбі 10.12.19г | Сәрсенбі 11.12.19г | Бейсенбі 12.12.19г | Жұма 13.12.19г |
Балаларды қабылдау Ата – аналармен әңгімелесу Ойындар ( үстел үсті, саусақ және т.б) Таңертеңгі гимнастика (5 мин) | Д.о.«Осы өткен, келер уақыт» Мақсаты: Балалардың осы, өткен, келер уақыт туралы түсініктерін нығайту. Сәйкес сөздер туралы білімдерін тексеру. | Балаларды қабылдап, денсаулықтарына назар аудару. Балаларды көрген түйгендерін мазмұнды әңгімелеуге баулу, байқампаздық қабілеттерін дамыту. | Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой Ал қанекей бәріміз Сәлем дейік үлкенге! | «Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз. Біз әдепті баламыз». Балаларды әдептілікке үйрету | Балалардың көңіл-күйлеріне, назар аудару. Танертеңгілік ауа-райы жайлы әңгімелесу. |
Жаттығулар кешені Шеңбер бойымен жүру, жеңіл жүгіру Тік тұрып қолды жоғары көтеру Сапта тұрып бір – бірінің артынан аяқ ұшымен жеңіл жүру Дем алып, жәй жүріспен кету |
Таңғы ас. | Астың алды үнемі, Сабынмен қол жуамыз, Таза болды мұнтаздай, Тағамға қол созамыз. Астарыныз дәмді болсын! |
Ойындар.Ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық (ҰОҚ) | Балалардың ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын - жаттығулар |
«Ұқсасын тап» Мақсаты: Түр–түсін , пішінін ажыратуға уйрету ҚР ның рәміздері туралы әңгімелсу Сөздік ойын «Қимылын көрсет» | Үстел үсті ойыны «Ұқсасын тап» Мақсаты:Түр–түсін , пішінін ажыратуға уйретуҚР ның рәміздері туралы әңгімелсу Сөздік ойын «Қимылын көрсет» | Тақырыбы: «Қардың түсі қандай?» Дидактикалық ойын Мақсаты: Әр түске боялған (агқ,сары,жасыл)біртекті заттардың суреттерін таныстыру. | Бұл қай кезде болады? Мақсаты:Балалардың жыл мезгілдеріне бай ланысты білімдерін аңықтау және әрі қарай дамыту. | «Сиқырлы суреттер» мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту. Отан туралы әңгімелесу |
Ұйымдастырылған оқу қызметі | Дене шынықтыру Қол ұстасып, арқаннан ұстап жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. Орындық аяқтарының арасымен еңбектеу. Допты көлденең нысанаға лақтыру. К.О.«Көги-гөк» Орыс тілі Аппликация. Тақырып:«Ақ ұлпа қар» Мақсаты: Балалардың саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, қағазды умаждау арқылы қар кесектерін жасауға болтынын түсіндіру, табиғат құбылыстары жайында қарапайым түсініктер беру, сүйіспеншілкке тәрбиелеу. | Дене шынықтыру Қол ұстасып, арқаннан ұстап жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. Допты көлденең нысанаға лақтыру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепетеңдікті сақтау. К.О .«Аққу қаздар» 2. Тіл дамыту Тақырыбы: Мен тұратын қалам» Мақсаты: Туған қала жайлы, оның назар аударлық ғимараттар туралы білімдерін толықтыру. /балабақша орналасқан көшенің аты, демалыс және ойын – сауық орындары, мәдениет орталықтары, белгілі құрлыстар: ғимараттар, ескерткіштер/. Отаншылдыққа, туған қалаға деген сүйіспеншілікке, онда тұратын адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу. 1.Сурет салу Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою өрнегінің екі элементі» Мақсаты: Өрнекті кілемшені қазақтың қю –өрнек элементтерімен әшеккейлей білуге үйрету. Ою-өрнек туралы түсініктерін дамыту. Кілемшені «қой ізі» және «ирексу» өрнегімен әшекейлеудә үйрету. Бояуды дұрыс пайдалана білуге , әсемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. | ҚМҰҚ Тақырыбы:Әртүрлі заттар тобын салыстыру және тенеу. Мақсаты: заттарды саны бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Музыка «Ертегілер елінде» | Дене шынықтыру Қол ұстасып, арқаннан ұстап жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепетеңдікті сақтау. Лақтырған допты қағып алу. К.О.«Кім баяу?» Жаратылыстану Тақырыбы: Қысқы ағаштар Мақсаты:Ағаштардың түрлерімен таныстыру. Оның ішінде шыршаның әдемі болып өсуі үшін адамдардың көмегінің қажеті екендігін балаларға түсіндіру. Шыршаны суару, түбін тазалау сияқты жұмыстар туралы түсіндіріп, қарапайым еңбек іс- әрекетіне дағдыландыру. | Қоршаған орта Тақырыбы:Менің елім Қазақстан. Мақсаты:Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы туралы әңгімелеп беруге үйрету. Отанына оның өткені мен бүгініне қызығушылығын мен сүйіспеншілігін арттыру. |
Серуен: | Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру. Қар жауып тұрған құбылысты бақылау. Мақсаты: қардың жауып тұрғанын бақылау, ауа райына байланысты құбылыстарды түсіндіру, аязды күнде қар жеңіл болады, олар ауада би билегендей, жылырақ күнде қар ауырлау тартады,- қалықтап жерге түседі, суық күнде қар ұшқындары жеделдеп жауады. Көркем сөз: Тазалашы мұз болған, Есік алды тайғанақ жата берсін. Біз оған теуіп жүрміз сырғанақ, Шыға беріп жалтақтай, Ұшып түсті қалпақтай. |
Серуеннен оралу | Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті . |
Түскі ас | Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі. |
Ұйқы | Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. |
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары | Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру. Білімді кеңейту және мәдени-гигеналық дағдыларды орындау. Мәдени-гигиеналық әдеттері мен дағдыларын кеңейтіп, жетілдіру. Шынықтыру: 1.Сулы жолмен өту. 2.Жолақша жолмен өту. Мақсаты: Денесін дұрыс ұстауға, жеке бас гигиенасын сақтау дағдыларын арттыру. |
Бесін ас | Үстелге жақын отыру, орындыққа дұрыс отыру, нан қоқымын шашпау, досына кедергі жасамау, қасықты оң қолға ұстау |
Ойындар, дербес әрекет Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс | Үстел үсті театры: «Жеті лақ пен қасқыр » ертегісі Мақсаты: балаларға үстел үстінде ертегі кейіпкерлерін көрсету арқылы әңгімелеп беру | «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны. Мақсаты: Баланың сөздік қорын молайту, бір - біріне деген жағымды қарым - қатынас жасау, ой - қиялын одан әрі дамыту.Дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілділігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білуге тәрбиелеу. | Ойын – жаттығу «Қуыршықты қыстық киімдері» Мақсаты:балаларға тазалық туралы үйрету. . | Ойын «Кімнің заттары?» (жақын адамдарының заттарын анықтау); Суретті кітапшаларды бояу, пазлдар, мозаика және т.б. |
Жыл мезгілі туралы әңгімелесу «Кыс»(сурет қарастыру) Мақсаты: қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету. | Әңгіме құрастыру «Менің елім Қазақстан» | «Үстел үсті ойыны: Қай сурет тығылды?» Мақсаты:Сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйрету. Жыл мезгілі туралы әңгімелесу Мақсаты: қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету. | Дидактикалық ойын: «Көңілді таяқшалар» Мақсаты: балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамыту |
Серуенге дайындық | Киіну: серуенге шығу. |
Серуен | Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу: «Анаң мен әкеңнің есімдерін ата», « Кімнің үйінде мысық бар?» және т.б. |
Кешкі ас | Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі. |
Балалардың үйге қайтуы | Отбасы мүшелеріи туралы әңгімелесу | Балалармен демалыс күндері әріптерді, цифрларды жазып жаттығу. | Балалардың денсаулығына, тазалығына көңіл бөлу жайында әңгімелесу. | Ата аналарға тапсырма беру, жақсы демалуға тілек білдіру. |