СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тұқым. Тұқым құрылысы

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға табиғатта өсімдіктердің тұқым арқылы таралатынын, қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың ерекшеліктері, тұқым жарнақтың маңызы жөніндегі теориялық білімін практикада пайдалануды іске асыру.

Просмотр содержимого документа
«Тұқым. Тұқым құрылысы»

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы

Алтын ауыл орта мектебі

Биология пәнінің мұғалімі Бекжанова Маржан Жұматайқызы


6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Тұқым. Тұқым құрылысы.

Сабақтың мақсаты:

  • Тұқым құрылысы, дамуы және қос жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың құрылысы ерекшеліктері жөнінде жалпы мағлұмат беру.

  • Оқушыларға тұқымның құрылысы туралы мағлұмат бере отырып, зертханалық жұмыстар арқылы негізгі ұғымдарды қалыптастыру.

  • Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп, талаптануын арттыру.

  • Оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымын қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың міндеті: Табиғатта өсімдіктердің тұқым арқылы таралатынын, қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың ерекшеліктері, тұқым жарнақтың маңызы жөніндегі теориялық білімін практикада пайдалануды іске асыру.

Сабақтың көрнекі құралдары: Алдын-ала суға жібітілген тұқымдар (үрмебұршақ пен бидай), өткір ұстара, ұлғайтқыш қол әйнегі, сызбанұсқа, тұқым құрылысы-аппликация, тест, биологиялық есеп.

Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ, биологиялық ойын, зертханалық жұмыс.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың әдісі: Ұжымдық ойлау әрекеті технологиясы, тірек-сызба, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың пән-аралық байланысы: Математика, экология, биология.

Сабақтың құрылымы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды 4 топқа бөлу. Топ жетекшілерін сайлау. Топ жетекшілері жауап беріп отырған оқушыны белгілеп отырады. Әр топқа ұжымдық ойлау әрекетінің ережесі таратылады.


Топ ережесі:

  1. Тыңда және басқаны түсіне біл.

  2. Сұрақтың мазмұнын түсін, қайшылықты тап.

  3. Оған дәлелді жауап құрастыр.

  4. Дауысыңды көтермей, заңдар мен ғылыми фактілерге сүйене отырып, өз көзқарасыңды қорғай біл.

  5. Қателесуің мүмкін-бұл заңдылық, маңыздысы оны байқап, кемшілікті түзеу.

  6. Кім өз көзқарасын ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, сол әділ.


ІІ. Биологиялық ойын. «Кім жылдам?».

«Экологиялық соқпақ» бөлімі. Бұл соқпақта үш кедергі бар. Әр біреуінде екі сұрақтан жасырынған.

  1. «Қышқылды жаңбыр» кедергісі:

а). Жемістер қалай бөлінеді?

ә). Шырынды жемістер неге бөлінеді?

2. «Ядролық сынақ аймағы» бөгеті:

а). Құрғақ жемістер неге бөлінеді?

ә). Тозаңдану дегеніміз не?

3. «Бетін мұнай жапқан теңіз» бөгеті:

а). Ұрықтану дегеніміз не?

ә). Айқас тозаңдану дегеніміз не?



«Сәйкестік тесті» (5 мин). «Кім жүйрік?»

Жұптық жұмыс (қатар отырған екі бала бір-бірінің жұмысын тексереді).

І. Шырынды жемістердің сәйкесін тап.

  1. Жидек а). Мандарин

  2. Жидек тәрізді ә). Өрік

  3. Сүйекті б). Қызанақ

ІІ. Мына құрғақ жемістерге анықтама бер.

  1. Бұршаққап а). Бір тұқымды жеміс

  2. Бұршаққын ә). Бір ұялы тұқым саны

біреу немесе бірнешеу

3. Дәнек б). Қос ұялы

ІІІ. Мына құрғақ жемістерге анықтама бер

  1. Қанатты жеміс а). Жеміс серігі тұқымымен

бірікпеген

  1. Тұқымша ә). Жеміс қабы ағаштанып

қатайып кетеді.

3. Жаңғақ б). Серігінің біраз бөлігі

жұқарып, қанатқа

айналған тұқымша.

IV. Құрғақ жемістерге қайсысы жатады?

  1. Бұршаққап а). Меңдуана.

  2. Бұршаққын ә). Асбұршақ

  3. Қауашақ б). Орамжапырақ.

V. Құрғақ жемістерге қайсысы жатады?

1. Қанатты жеміс а) Бидай.

2. Дәнек ә). Күнбағыс

3. Тұқымша б). Үйеңкі

«Тапқыр болсаң, тауып көр».

Дұрыс жауабын тап.

1 топ

Қауашақты құрғақ жемісті өсімдік;

а).Картоп ә). Күнбағыс

б). Көкнәр б). Бұршақ

Ұрықтану-

а).Тозаңданудың алдында болады.

ә). Тозаңданудан кейін жүреді.

б). Тозаңданумен қатар жүреді.

2 топ

Мақта жемісі:

а). Жидек ә). Жаңғақ

б). Дәнек в).Қауашақ

Ұрықтану дегеніміз-

а). Тозаңның аналық аузына түсуі:

ә). Тозаңның өнуі:

б). Тозаң түтікшесінің тұқым бүршігіне жетуі:

в). Тозаң түтікшесіндегі жасушаның жұмыртқажасушаға қосылуы.

3 топ

Орамжапырақ жемісі:

а). Қанатты ә). Тұқымша

б). Қауашақ в). Бұршаққын

Бір гүлде аталық пен аналық болса:

а). Бір үйлі ә). Қосжынысты

б). Даражынысты в). Екі үйлі


4 топ

Бақбақ жемісі:

а). Дәнек ә). Жидек

б). Қауашақ в). Тұқымша

Гүлдің көбеюге қатысатын мүшесі:

а). Аналық ә). Күлте

б). Аталық в). Тостағанша


III - жаңа сабақ.

Жұмбақ.

Біреуін бердім, онын тердім (тұқым)

Сабақтың тақырыбы: Тұқым. Тұқым құрылысы.

Тұқым – тұқым бүршігінен дамитын көбею мүшесі.

.


IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

Қос жарнақты тұқымның құрылысы.


Қабығы Екі жарнағы Ұрығы

алғашқы тамырша алғашқы сабақша бүршікше

Дара жарнақты тұқымның құрылысы



қабығы бір жарнақ эндосперм ұрық

(қауызы)


V. Бағалау.

VI. Рефлексия.

VII. Үйге тапсырма.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!