СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тұқымның сыртқы және ішкі құрылысы. Тұқымның типтері. Қос жарнақты және дара жарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдардың құрылысы .

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды тұқымнын құрылысымен таныстыру. Қос жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың қызметтерін айқындау.    

Дамытушылығы: Генеративті мүшелер туралы алған білімдерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларға пәнге деген көзқарасын, білімге деген құштарлықтарын , адамгершілік қағидаларын бойына сіңіре отырып табиғатты қорғауға тәлім тәрбие беру . 

Просмотр содержимого документа
«Тұқымның сыртқы және ішкі құрылысы. Тұқымның типтері. Қос жарнақты және дара жарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдардың құрылысы .»

Пән мұғалімі: Калдыкулова Карлыгаш Жанабаевна

Сабақтың тақырыбы: Тұқымның сыртқы және ішкі құрылысы. Тұқымның типтері. Қос жарнақты және дара жарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдардың құрылысы .

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тұқымнын құрылысымен таныстыру. Қос жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың қызметтерін айқындау.
Дамытушылығы: Генеративті мүшелер туралы алған білімдерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларға пәнге деген көзқарасын, білімге деген құштарлықтарын , адамгершілік қағидаларын бойына сіңіре отырып табиғатты қорғауға тәлім тәрбие беру . 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,баяндау. 
Сабақтың типі: жаңа сабақ 
Сабақтың барысы: 
I Ұйымдастыру 

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

1.Өсімдік ұлпаларын ата?

2.Ұлпа дегеніміз не?

3. Өсімдікте жабын ұлпаның 3 қабаты болады, соларды атап, анықтама бер?

4.Түзуші ұлпа өсімдікте қандай миристемалар болады?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі


Тұқым – жатынның тұқым бүршігінен дамиды.

 

Қос жарнақты тұқымның құрылысы. Қос жарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық (1-сурет). Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді. 

Тұқым қабығы (қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.

 

Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады. Қос жарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т. б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.

 

Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады.

 

Дара жарнақты тұқымның құрылысы. Дара жарнақты тұқымға алдын ала суға жібітілген бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен (қауыз) қапталған. Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен дәнек дейді. Бидай қабығы (қауызы) тез сылынбайтындықтан, өткір ұстарамен ұзынынан тең екіге жарады (2-сурет). Дәнектің едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады. Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген ұрық бар (құрылысы үрмебұршақтікіндей). Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір жарнақ орналасады (бітеу бидайдың сыртынан сәл білеуленіп белдік тәрізді білінеді). Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады. Сұйылтылған қоректі жасушалары арқылы сорып, бастама тамырша мен бүршікшеге өткізеді. Ұрықтағы май қоры да өнуге жұмсалады.

 

Дара жарнақты өсімдіктерге лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан, қияқөлең, пальма, жүгері, күріш, тары жатады. Тұқымда бір тұқым жарнағы бар өсімдіктер дара жарнақтылар деп аталады.

ІV. Бекіту.

5 Зертханалық жұмыс

Қосжарнақты және даражарнақты  өсімдіктердің тұқымдарының

құрылысын зерттеу

Мақсаты: тұқым құрылысын зерттеу, үрме бұршак пен бидай дәнегінің арасындагы айырмашылық пен ұқсастықты анықтау; Зерттеу жұмысын жүргізудегі практикалық дадыларды қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: үрмебұршақ, пен бидайдың құрғақ және өсқен тұқымдары, олардың өскшдері, микропрепарат «Бидай дәнегінің ұзына бойғы тілігі, (ұзынынан қақ; жарылған», қысқыш, ұлғайтқыш қол әйнек (лупа) және пышақ

Жұмыс барысы:

 1.Құрғақ және суға жібтілген үрмебұршақ тұқымын қара. Осы тұқымдардың ұзындығы мен енін сызғышпен өлше. Қай тұқым үлкенірек? Осыны сен қалай түсіндіре аласың? 

2-сурет. Бидай дәнегінің ұзынынан (қақ жарылған) құрылысы.

1-сурет. Үрмебұршақ тұқымының құрылысы (ұзынынан қақ жарылған).



Тұқым

Ұзындығы

Ені

 Түсінік беру

Құрғақ тұқым




Жібітелген тұқым








 

Үй тапсырмасы. §9 оқып, тақырыптар соңындағы тапсырмаларды орындап келу.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!