СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тұрақты ток заңдарын қайталау. ҚМЖ

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тұрақты ток заңдарын қайталау барысында оқушылар өтілген тақырыптарды жақсы меңгереді. Алған білімдерін өмірде, техникада, тұрмыста қолдана алады.

Просмотр содержимого документа
«Тұрақты ток заңдарын қайталау. ҚМЖ»

Қысқа мерзімдік жоспарлау 10 сынып

Тараудың тақырыбы:

Мектеп: Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейі

Сабақ тақырыбы:

Тұрақты ток тарауына қайталау.есептер шығару.

Күні: 17.02.17 ж

Мұғалімнің есімі: Балабекова Г.Т.

СЫНЫП: 10 «а,б,»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Тұрақты ток тарауындағы негізгі заңдарды, формулаларды қайталау, олардың түрлері, физикалық ұғымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастырады, есеп шығару барысында қолданылу аймақтарын меңгереді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-тұрақты ток тарауындағы формулалар,заңдар, оның түрлері туралы біледі, ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

- формулаларды есептерге қолдана біледі, желіге қосылып мәліметтерді алады

Кейбір оқушылар:

  • Тарауға байланысты формулаларды, заңдарды ажыратып, өз беттерінше есептер шығара алады, қажеттісін таңдайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

- тақырыпқа сәйкес формуланы қолдана отырып, есептер шығара алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Заңдар, формулалар.

қазақша

орысша

ағылшынша

Токтың жұмысы

Работа тока

Current work

Токтың қуаты

Мощность тока

Power of current

Ток мөлшері

Количество тока

Amount of cuurent

Кедергі

Сопротивление

Resistor

Жылулық әсер

Тепловое действие

Heating action


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Алдыңғы оқу

9.1-9.8 қайталау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

10 мин

«Ток күші, Кернеу, Кедергі» шамалары арқылы үлкен топқа біріктіру.


Миға шабуыл «Бинго әдісі» бойынша термин сөздіктерді ағылшынша кестеге толтырады.Толған кесте мұғалімнің сұраған шамалары сәйкес келген оқушы Бинго деп айтып,жеңіспаз болады.

«Сұрақ жауап» әдісін қолдану.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

1. Электр тогы дегеніміз не?

2.Ток күшінің формуласы?

3.Кедергінің өлшем бірлігі?

4.Ом заңын пайдаланып кедергіні тап?

5.Тізбектеп қосқанда жалпы кедергі неге тең?

6.Параллель қосқанда жалпы кедергі неге тең?

7.Толық тізбек үшін Ом заңы.

8.Ток жұмысының формуласы?

9.Токтың қуаты деп нені түсінеміз?

10.Джоуль-Ленц заңы?

11.Ток көзі деп нені атайды?

12.Өткізгіш ұштарындағы кернеу?

13.Өткізгіштің кедергісі неге тең?

14.Меншікті кедергінің формуласы?

Ток күші,Кернеу; Кедергі» шамаларын айту арқылы топқа біріктіледі.


Кесте толтырады.


Сұрақтарға жауап береді.




Ортасы

20 мин

Практикалық бөлім

«Кім жүйрік» әдісі арқылы үлкен топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.

«Физикалық тәжірибе» үш топқа берілген тапсырманы оқушылар электр тізбегін құрастырып, шартты белгісімен схемасын сызу керек.

«Ойлан тап» топтастыру стратегиясымен берілген тақырыпты оқушылар топпен бірге орындайды.


Плакат, маркер.кеспе қағаздары.


Оқулықтар,интернет желісі,түрлі түсті қарындаштар

Аяқталуы

10 мин


Кері байланыс

5мин


Үйге тапсырма

« Тестпен жұмыс» үш топ оқушыларына тест беріледі. Жеке жұмыс бойынша әрбір оқушы орындайды.



Критерий бойынша өзін-өзі бағалау. Топ бір бірін бағалау.

«Екі жұлдыз бір тілек»


9.1-9.8 материалдарын қайталау.

Кеспе қағаздары

Тест жұмысы




Стикер

Қосымша ақпарат оқулық, интернет көздері.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

-аралап жүріп толықтыру

-ашық сұрақтар қою

-

- өзін-өзі

бағалауды ескеріп, қорытынды жасау

- -қауіпсіздік ережесін ескерту

Рефлекция. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтаға жауап беріңіз.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқудыда ескеріңіз)?

1.


2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқудыда ескеріңіз)?

1.


2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?






Қосымшасы. Bingo












«Сұрақ жауап» әдісін қолдану.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

1. Электр тогы дегеніміз не?

2.Ток күшінің формуласы?

3.Кедергінің өлшем бірлігі?

4.Ом заңын пайдаланып кедергіні тап?

5.Тізбектеп қосқанда жалпы кедергі неге тең?

6.Параллель қосқанда жалпы кедергі неге тең?

7.Толық тізбек үшін Ом заңы.

8.Ток жұмысының формуласы?

9.Токтың қуаты деп нені түсінеміз?

10.Джоуль-Ленц заңы?

11.Ток көзі деп нені атайды?

12.Өткізгіш ұштарындағы кернеу?

13.Өткізгіштің кедергісі неге тең?

14.Меншікті кедергінің формуласы?








«Кім жүйрік» деңгейлік тапсырмалар


А

1. Өткізгіш ұштарындағы кернеу 6 В, ал оның кедергісі 2 Ом, ток күші неге тең? (1балл)

2. Егер тізбектегі ток күші 5A өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 2с ішінде өтетін заряд? (1балл)

В

1. Ток 32мКл болса, 1с ішінде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қанша электрон өтеді? (1балл)

2. Өткізгіштің ұзындығы 1,2м көлденең қимасының ауданы 0,4мм², ал кедергісі 1,2 Ом болса оның меншікті электр кедергісін тап? (2балл)

С

1. Егер 10 сек ішінде 6 Ом кедергі арқылы 3 кл заряд өтетін болса кедергідегі кернеуді тап. (2балл)

2. Сыртқы кедергісі 3,9 Ом болғанда тізбектегі ток күші 0,5A, ал сыртқы кедергісі 1,9Ом болғандағы ток күші 1A болса ток көзінің ішкі кедергісімен ЭҚК тап? (2балл)


Физикалық тәжрибелер

І топ










ІІ топ





ІІІ топ










«Ойлан тап» топтастыру стратегиясы
























ІІ топ





























Тестпен жұмыс

І топ

Электр тоғы ұғымын физикаға енгізген ғалым?

а. Ампер б. Вольта с. Кулон

2. Тізбек бөлігіндегі кернеуді қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?

а. Амперметр, тізбектей б. Вольтметр, тізбектей с. Вольтметр, параллель

3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады

а. Тізбектей б. Аралас с. Параллель

4. Кедергісі 30 Ом электр қайнатқыштан 5 ампер тоқ күші өтетін болса ол қандай кернеуге есептелген?

а. 15В б. 150В с. 6В

5. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер пайдаланыды?

а. 220В б. 120В с.360В

ІІ топ

1. Үтік тоқтың қандай әсеріне негізделіп жасалынған?

а. Магниттік б. Механикалық с. Жылулық

2. Өткізгіштегі тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?

а. Амперметр, тізбектей б. Амперметр, параллель

с. Вольтметр, тізбектей

3. 6 кА болатын тоқ күшін ампермен өрнекте?

а. 0,6 а б. 600 А с. 6000 А

4. Шамнан 5 сек ішінде 45 Кл заряд өткенде тоқ күші неге тең?

а. 225 А б. 9 А с. 15 А

5. Металл өткізгіштердің температурасын арттырғанда тоқ күші қалай өзгереді?

а. Кемиді б. Артады с. Өзгермейді


ІІІ топ. 1. Металдардағы электр тоғын қандай тасымалдаушылар тудырады?

а. Оң иондар б. Протондар с. Электрондар

2. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?

а. R=U/I б. R=UI C. R=I/U

3. Кедергілері 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда жалпы кедергі неге тең болады?

а. 6 Ом б. 5 Ом с. 1,5 Ом

4. Егер изоляциясы жоқ өткізгіштерді ортасынан бүктеп ширатып қойса, оның кедергісі қалай өзгереді?

а. Артады б. Кемиді с. Өзгермейді

5. Өткізгіштің меншікті кедергісінің өлшем бірлігі?

а. Ом/ метр б. Ом*метр с. Ом