-Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а)Сәлемдесу. (Мұғалім сөзі)
Қайырлы күн балалар,
Қайырлы күн болсын.
Жұманың бұл күні
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алар бағамыз,
Тек бестіктер болсын.
ә) Психологиялық дайындық
Бәрі бірге:
Қайырлы күн!
Біз сүйкімді баламыз,
Қайырлы күн!
Біз көңілді баламыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Толықтауыштың ережесі
2. 45-жаттығу 59 бет
3. Тұрлаусыз мүшелері бар 5 мақал-мәтел тауып әкелу.
Жаңа сабақ
1. Мұғалім сөзі:
Балалар, жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін сіздерге келген мына хаттардың тапсырмаларын орындау қажет.
(хат ашылады, ішіндегі тапсырмалар)
1 топ- Анықтауыш «Ертең досымызға ..әдемі.. сыйлық сыйлаймыз ».
2 топ-Толықтауыш «Биыл Асан үкілі ..домбыраны .. сатып алды ».
3 топ- Пысықтауыш «Ақылды Қайсар мектепті ... үздікке аяқтады».
Мұғалім сөзі:
-Балалар, өздеріңіз байқағандай әр сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің әр біреуі жетіспейді. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау»
(Тақтаға жаңа тақырыпты жазып қою)
2. Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың тұрлаусыз мүшелер туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану, ауызша білімдерін бекіту;
ә) Дамытушылық:Ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру;
б) Тәрбиелік:Сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Қайталау, пысықтау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, парақшалар, формативті бағалау парақшалары, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиетпен, тарихпен.
Мұғалім сөзі:
-Сонымен балалар, сабақтың өтілу тәртібімен танысып алсақ.
- Өздеріңіз байқап отырғандай сіздер үш топқа бөлініп отырсыздар
1 топ: Анықтауыш
2 топ: Толықтауыш
3 топ: Пысықтауыш
Мұғалім сөзі:
-Әр топ басшыларының алдында бағалау парағы жатыр. Сіздердің міндеттеріңіз әр тапсырма сайын өз топ ішіндегі балаларды бағалау.
Мұғалім сөзі:Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды одан әрі қарай жалғастырайық.
Бүгінгі сабағымды Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесінің желісімен бастайын. Үш жолаушы бір бұлақтың басында кездесіп қалыпты. Біреу бұлақтың басына тас қойып, оған жазу жазып кетіпті. «ей, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, егер алдарыңда кездескен қиыншылықтарды жеңе білсеңдер, мол байлыққа кез боласыңдар». Жолаушылар жазуды оқып. кеңесіп:- Қой, біз үшеуміз бұл қиыншылықтарды жеңе алмаспыз. Одан да анау жердегі балалардан көмек сұрайық,- дейді.
- Ал, балалар, осы үш жолаушыға көмектесеміз бе? Олай болса, алдарымызда кездескен қиыншылықтарды барлық тапсырмаларды орындай отырып жеңе білейік.
-Алдымыздағы бірінші сың сұрақ-жауап, оны біз кубизм әдісі арқылы жүзеге асырамыз.
1 тапсырма «Сұрақ-жауап» кубизм әдісі (шаршы лақтыру)
1. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
2. Толықтауыш дегеніміз не? Түрлерін ата. Сұрақтары қандай?
3. Тура және жанама толықтауыш дегеніміз не?
4. Анықтауыш дегеніміз не? Мысал келтір. Сұрақтары қандай?
5.Пысықтауыш дегеніміз не? Мысал келтір.Сұрақтары қандай?
Мұғалім сөзі: -Жақсы балалар, жарайсыңдар! Бұл сыңнан сүрінбей өттік.
2 тапсырма. « Мені тап! »
Мақсаты: Берілген мақал-мәтелдерді оқып, 1-топ сол оқылған мақал-мәтелден анықтауышты, 2- топ пысықтауышты , 3-топ толықтауышты табады.
1-топ ( анықтауыш )
Жаман жолдас жауға қалдырар.
Гүл- жердің көркі,
Қыз- елдің көркі.
3. Байлықтың атасы –еңбек, анасы – жер.
2- топ (пысықтауыш):
Қорыққан бұрын жұдырықтар.
Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі. (қалай?)
Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады.
3-топ (толықтауыш)
Темірді қызған кезде соқ.
Талаптыға нұр жауар.
Қайғысыз қара суға семірер.
Мұғалім сөзі:
-Ал балалар тапсырмамыздың дұрыс-бұрыстығын тексеріп көрейік.
Мұғалім сөзі:
-Балалар, жарайсыңдар! Сөйтіп сіздермен екінші сыңнан да сүрінбей өттік.
3 тапсырма. «Шығармашылық әлемінде» мақсаты:
1 топ «Тұрлаусыз мүшелер елінде» атты әңгіме құрастыру.
2 топ Бүгінгі тақырыпты байланыстыра отырып, өтірік өлең құрау.
3 топ «Бүгінгі сабақ » атты диалог құру.
Сергіту сәті: видео (көзге арналған жаттығу)
4 тапсырма. «Ойлан,тап»
Мақсаты:
Мақпал 5 сөзден құралған бір сөйлем ойлап жазыпты. Оның бастауышы - қазақ халқының атақты ағартушы ақынының аты, тура толықтауышы - кәрі сөзінің антонимі, жанама толықтауышы - қос сөз, оның бірінші сыңары білім сөзімен қосарлана айтылатын сөз, баяндауышы - үндеді сөзінің синонимі.
-Мақпалдың жазғаны қандай сөйлем?
Жауабы: (Ыбырай – жастарды оқу - білімге шақырды.)
5 – тапсырма. Семантикалық кестені толтыру.
1 топ:
Құстар шыршалы орманды ерекше жақсы көреді.
Сөйлем | бастауыш | баяндауыш | толықтауыш | анықтауыш | пысықтауыш |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Құстар | + | | | | |
шыршалы | | | | + | |
орманды | | | + | | |
ерекше | | | | | + |
жақсы | | + | | | |
көреді. | | + | | | |
2 топ:
Талабы бар жігіт әрқашан жерде қалмайды.
Сөйлем | бастауыш | баяндауыш | толықтауыш | анықтауыш | пысықтауыш |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Талабы | | | | + | |
бар | | | | + | |
жігіт | + | | | | |
әрқашан | | | | | + |
жерде | | | | | + |
қалмайды. | | + | | | |
3 топ:
Қазір құдіретті қазақ тілі мейлінше дамып, байып, жетілді.
Сөйлем | бастауыш | баяндауыш | толықтауыш | анықтауыш | пысықтауыш |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қазір | | | | | + |
құдіретті | | | | + | |
қазақ | + | | | | |
тілі | + | | | | |
мейлінше | | | | | + |
дамып | | | | | + |
байып | | | | | + |
жетілді | | + | | | |
тапсырма. Сызба бойынша сөйлем құрастыру:
топ Анықтауыш - бастауыш – пысықтауыш – пысықтауыш – баяндауыш.
топ Пысықтауыш – бастауыш – пысықтауыш – баяндауыш.
топ Бастауыш – толықтауыш – пысықтауыш- баяндауыш.
7 тапсырма. Тест жұмысы. (Енді көршілеріңмен алмасып, қарындашпен тексерейік).Дұрыс жауабын шығару.
Сөйлем мүшелерін қаншалықты меңгергендерінді тексеру үшін және сабақты қорыту мақсатында 2 нұсқада тест тапсырмасы беріледі. (Тест тапсырмасы 6 сұрақтан, әр сұрақ 6 жауап нұсқасынан тұрады.
1-нұсқа.
1.Сөйлем мүшесі атқаратын қызметіне қарай қалай бөлінетінін көрсет.
1) Бастауыш, анықтауыш. 2) Тұрлаулы, тұрлаусыз . 3) Бастауыш, баяндауыш .
4) Тұрлаусыз, пысықтауыш.
5) Толықтауыш, пысықтауыш . 6) Анықтауыш,толықтауыш
2. Сөйлем мүшелері құрамына қарай қалай бөлінетін көрсет.
1)Дара, күрделі, үйірлі . 2) Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш. 3) Тұрлаулы, тұрлаусыз.
4)Бастауыш, баяндауыш. 5) Анықтауыш,толықтауыш, үйірлі . 6) Дара, күрделі, тұрлаулы.
3. Бастауыш қай сөз табынан екенін көрсет. Сендер бақытты адамсыңдар.
1) Зат есім . 2) Сын есім . 3) Сан есім. 4) Етістік . 5) Есімдік . 6) Үстеу.
4. Тура толықтауыш қай септікте тұратынын көрсет.
1)Барыс септік . 2) Ілік септік . 3) Табыс септік . 4) Жатыс септік . 5) Шығыс септік . 6) Көмектес септік.
5. Мекен, мезгіл, қимыл-сын, мен себеп жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін көрсет..
1) Бастауыш . 2) Баяндауыш . 3) Толықтауыш . 4) Анықтауыш . 5) Тура толықтауыш . 6) Пысықтауыш.
6. Сөйлемдегі анықтауыштың байланысу түрін көрсет.
1) Қиысу . 2)Қабысу, матасу. 3) Меңгеру. 4) Матасу, жанасу. 5) Жанасу. 6) Жанасу, қабысу.
2- нұсқа.
1. Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаны білдіретін сөйлемнің мүшесін көрсет.
1) Бастауыш. 2) Баяндауыш 3) Толықтауыш. 4) Анықтауыш. 5) Пысықтауыш.
6) Тұрлаусыз мүшелер.
2. Бастауыш пен баяндауыштың сөйлемдегі байланысу түрін көрсет.
1) Матасу . 2) Меңгеру. 3) Қиысу. 4) Жанасу. 5) Қабысу. 6) Меңгеру, жанасу
3. Баяндауыш қай сөз табынан екенін көрсет. Бүгін күн суық.
1) Зат есім. 2) Сын есім. 3) Сан есім. 4) Есімдік. 5) Етістік. 6) Есімше
4. Қашан? Қалай? Қайда? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін көрсет.
1) Бастауыш. 2) Баяндауыш. 3) Толықтауыш. 4) Анықтауыш. 5) Пысықтауыш.
6) Тұрлаулы мүшелер
5. Мына сөйлемдегі тура толықтауышты көрсет.
Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер, он бес жасқа дейін құлдай жұмса.
1) Бес жасқа . 2)Хандай. 3) Балаңды. 4) Көтер. 5) Он бес жасқа. 6) Құлдай жұмса.
6. Дара бастауышы бар сөйлемді көрсет.
1) Ұлы ақын Абай Семей өңірінде дүниеге келген.
2) Қазақстан жері - пайдалы қазбаларға бай.
3) Қазақ халқы өзінің тәуелсіздігін 1991 жылы жариялады.
4) Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті.
5) Менің ол кітапты оқығым келді.
6) Тәуке хан ел басқару ісіне беделі зор билер мен батырларды топтастырған.
Рефлексия (ой толғау) : Балалар, сабағымызға үміт етіп келген жолаушыларымызға көмектестік деп ойлаймын, сіздермен талай қиыншылықтарды жеңе білдік. Ал сендер қалай ойлайсыңдар?
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Қандай әсер алдыңдар?
- Не білдіңдер?
-Қандай тапсырма сендерге қиындық туғызды?
Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма:
Сөйлем мүшелеріне талдап, тұрлаусыз мүшелерін түрлеріне қарай ажыратыңдар.
1. Күлипа жылап жүріп айналадан тас іздей бастады.
2. Бүгінде олардың басына ескерткіш белгі қойылған.
3. Мұғалімнің тақтаға жазған хаттарын айна - қатесіз тез жаттап алып жүрді.
4. Есі кіргеннен бастап Шоқан олардың да сөздерін тыңдауды жақсы көрді.
5 – тапсырма. Орындаңыз.
Семантикалық карта.
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш Сабақ түрі – сын тұрғысынан ойлау жобасының сабағы
Сабақтың мақсаты: Білімділік- тақырыптың мазмұнын меңгерте отырып, толықтауыштың өзіне тән белгілерін, түрлерін таныту; дамытушылық- шығармашылық белсенділігін, танымдық дербестігін арттыру, жазу арқылы сөз байлығын молайта отырып, іздену қабілеттерін дамыту; тәрбиелік- туған жерді аялай білуге, сұлулыққа, адамгершілікке баулу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу
Қажетті құралдар: ватман, маркер, техникалық құрал-жабдықтар
Сабақтың әдісі: топтастыру, елес жетелеу
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй жұмысы тексеріледі. Тақырыбы: бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша
1. Қандай жағдайда бастауыш пен баяндауыш арасына қойылады?
2. Мақал-мәтелдерден мысал келтіру.
І саты. Қызығушылықты ояту.
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш дегенде ойларыңызға не келеді? (жеке, топта, жариялау)
ІІ саты. Мағынаны ажырату. Топқа нұсқау беріледі.
І топ. Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдай отырып, толықтауыш қызметінде тұрған сөздің мағынасын анықтаңдар.
Құлыншақ Абайға қарай түсіп, үлкен сары шақшасын тырнағымен сыртылдата қағып отырып, бір кезде көк бұйра насыбайын танауына құшырлана тартып қойды.
ІІ топ. Морфологиялық талдау жасай отырып, толықтауыш қызметіндегі сөздер қай сөз табынан жасалатынын анықтаңдар. Жаман сыйлағанды білмес. Татулықта табыс мол. Жүз-жиырма беске бөлінеді.
ІІІ топ. Толықтауыш қатынастағы сөз тіркестеріне талдау жасап, оларға тән белгілерді атаңдар. Қазіргі оқығаннан сіз ойлаған адамды таппадым.
ІҮ топ. Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестеріне талдау жасап, толықтауышқа тән белгілерді анықтаңдар.
Өз мамандықтарың туралы батыл қиялдай беріңдер. Бұл мәселе жөнінде бес адам сөйледі. (жеке, топта, жариялау)
Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері мыналар:
1. Толықтауыш атау жіне ілік септіктерден басқа септіктерде тұрып, затты нұсқайды. Кейде толық мағыналы сөзден кейін туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірі қосақталып тұрады.
2. толықтауыш болатын сөз заттық мағынаны білдіреді. (көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі)
3. сұраулары аталғанг септіктердің Кім? Не? түбірлес болады.
4. Байланысу түрі –меңгеру, жанасу. (ереже шығартылады)
Толықтауыш тұратын септіктер және толықтауыштыңтүрлері Толықтауыштың сұрақтары
Тура толықтауыш
Табыс септігінде Кімді? Нені?
Жанама толықтауыштар
Барыс септігінде
Жатыс септігінде
Шығыс септігінде
Көмектес септігінде
Кімге? Неге?
Кімде? Неде?
Кімнен? Неден?
Кіммен? Немен?
Елес жетелеу:
1. Күз мезгіліндегі ауылыңды еске түсірші.
2. Табиғаты қандай?
3. Ауылдағы адамдар нені кәсіп етеді?
4. Қазір олар не істеп жатыр деп ойлайсың?
5. Ауылда болсаң кімге көмектесер едің?
6. Кімді, нені сағындың?
7. Ауылға не тілейсің?
ІІІ саты. Ойтолғаныс (жұмыстарын жариялау)
Мәтіннен толықтауыштардың астын сызып, қай сөз табынан жасалғанын анықтаңдар. Сөз тіркесіне талдау жасаңдар (ауызша)
Қорытынды.
Бағалау
Үйге тапсырма: ереже 55-56 бет. 46-жаттығу. Мәтіннен тура және жанама толықтауыштарды теріп жазып, қай сөз табынан жасалғанын әрі құрамын анықтаңдар.