Сабақтың мақсаты:
- Тұздар, олардың құрамы, жіктелуі және химиялық қасиеті жайлы түсінік беру
- Өмірде пайдалануға үйрету.
- Теориялық білімдерін практикамен
ұштастыра білу
«Ой шақыру»
- Химиялық диктант:
- 1.Фосфордың (V валентті) оксиді мен су әрекеттескенде ....... түзіледі.
- 2.Оттексіз қышқылдарға мына қышқылдар жатады :......,.......,.......,.......,
- 3.Екі негізді қышқылдарға ...........,..........,........, жатады.
- 4.Тұрмыста мынадай ..................қышқылдар қолданылады.
- 5.Сутек атомына байланысты қышқылдар .............. болып бөлінеді.
Жауаптары :
1. H₃PO₄, фосфор қышқылы
2. H₂SO₄, HNO₃, H₂SiO₃,H₂CO₃,H₃PO₄
3. H₂S, H₂CO₃, H₂SO₄, H₂SiO₃
4. Сірке, лимон қышқылдары қолданылады.
5. Бірнегізді, екі негізді және үш негізді
Қышқылдардың алыну реакцияны іске асырып, оларды теңестіріңдер:
Р₂О₅ +Н₂О→
Н₂ + Сl ₂ →
Жауаптары:
1. P 2 О 5 +3Н 2 О →2H 3 PO 4
2. Н 2 + Сl 2 → 2НСl
ІІІ. «Қызығушылықты ояту»
Су бетінде қалықтап,
Қандай металл жүзеді?
Айтшы ойланып денеңде,
Жетпейтін қай тұз еді?
1. Тағамның дәмін келтіру үшін не қосамыз?
2. Тұздың дәмі қандай?
3. Тұз суда қалай ериді?
Тұздар дегеніміз – металл атомы мен қышқыл
қалдығынан құралған күрделі заттар.
Швед ғалымы Йёнс Якоб Берцелиус
(1779 - 1848)
Тұздар ерте заманнан белгілі.
1812 жылы Я.Берцелиус тұздардың
электрхимиялық теориясын құрды.
Тұздардың түрлері:
Орта тұздар – сутек атомдары толық ауысса (Na 2 CO 3 , K 3 PO 4 , MgSO 4 );
Қышқыл тұздар – сутек атомдары металл атомдарымен біртіндеп алмасса
(NaHCО 3 , K 2 HPO 4 );
Негіздік тұздар – құрамына гидроксил тобы енсе (MgOHCl, A1(OH) 2 Cl),
Қос тұздар – сутектің орнын бірнеше металл катиондары басса (KAl(SO 4 ) 2 , NaK 2 PO 4 );
Кешенді тұздар – құрамында кешенді катион
( [Cu(NH 3 ) 4 ]SO 4 ) немесе кешенді анион (K[Fe(CN) 6 ]) болса түзіледі.
Мөлдір ерітінді
Қатты кристал заттар
Ащы
Суда жақсы ериді
Тамаққа қосады
Тұз
Табиғи суда
0,1-3,5%
Адам организм
де 5,5%
Сілтімен әрекеттеседі: СuCI 2 +2NaOH = 2NaCI+Cu(OH) 2 ↓
Кейбір тұздар қыздырғанда айырылады. СаСО 3 → CaO + CO 2 ↑
металдармен әрекеттеседі:
Fe+CuCl 2 =FeCl 2 + Cu
Тұздардың химиялық қасиеттері
Қышқыл мен тұз әрекеттеcеді: Pb(NO 3 ) 2 +H 2 SO 4 =PbSO 4 ↓+HNO 3
Тұздар бір–бірімен әрекеттеседі: CaCl 2 +Na 2 CO 3 =CaCO 3 ↓ +2NaCI
Тұздың қолданылуы:
-Тамақ өнеркәсібінде,
- ауыл шаруашылығында
- медицинада
- металлургия
- шыны т.б. өнеркәсіп салаларында,
-тұрмыста
кеңінен қолданылады.
Ү. Көрнекілік тәжірибелер
Тұздардың металдармен әрекеттесуі:
Fe + CuCl 2 = FeCl 2 + Cu
Тұздар мен тұздар арасындағы алмасу реакциясы.
NaCl + AgNO 3 = NaNO 3 + AgCl ↓
ҮІ. Бекіту
Сәйкестік тест
1.Калий хлориді А. Li 3 PO 4
2.Алюминий фосфаты Ә.K CI
3.Натрий силикаты Б.Mg (NO 3 ) 2
4. Магний нитраты В.FeS
5. Темір сульфиді. С. CaSO 4
6.Кальций сульфаты Д.AlPO 4
7.Литий фосфаты Е.Na 2 SiO 3
Жауабы:
1.Калий хлориді А. Li 3 PO 4
2.Алюминий фосфаты Ә.K CI
3.Натрий силикаты Б.Mg (NO 3 ) 2
4. Магний нитраты В.FeS
5. Темір сульфиді. С. CaSO 4
6.Кальций сульфаты Д.AlPO 4
7.Литий фосфаты Е.Na 2 SiO 3
Кім жылдам?
Мына тұздардың формулаларын құрастыру:
кальций сульфаты,
натрий фосфаты,
барий нитраты,
мырыш сульфиді,
мыс хлориді,
магний сульфаты
1. CaSO 4 2.Na 3 PО 4 3. Ba(NO 3 ) 2 4. ZnS 5. СиCI2 6. МgSO 4
Жұппен жұмыс : Оқушылар бірлесе отырып, реакция теңдеулерін аяқтайды.
1. Na + ...... → NaNO 3 + ….
2. CaO + CO 2 → .......
3. Си + ...... → СиСl 2
Жауабы:
1. 2Na + 2HNO 3 →2 NaNO 3 + H 2
2. CaO + CO 2 → CaCO 3
3. Си + HgCl 2 → СиСl 2 + Hg
3. Массасы 20г кальций гидроксидіне CO 2 жібергенде түзілетін тұздың массасын есептеңіз.
Бер: Шешуі:
m(Са(OH) 2 ) =20г Са(OH) 2 + CO 2 = СаCO 3 +H 2 O
т/к: m( СаCO 3 )-? M(Са(OH) 2 )=74 г/моль
M(СаCO 3 )= 100 г/моль
m(СаCO 3 ) = 0.27 • 100 = 27г
Деңгейлік тапсырмалар. Үш деңгейлі тапсырма
«3» - мына тұздардың формулаларын жаз: натрий силикаты, алюминий (III) фосфаты, натрий гидросульфаты, барий динитраты,
«4» - Мына химиялық реакцияны аяқтап, алынған өнімдегі тұздардың атын ата.
CuSO ₄ + H ₂ S → …….
CO ₂ + NaOH → …….
KCl + AgNO ₃ → …….
«5» - 51 г натрий хлоридін алу үшін қанша моль тұз қышқылы мен неше грамм натрий гидроксиді реакцияға түседі.
Үйге тапсырма беру
§35 оқу. №4, №7 есептер 95-бет