Тәрбие сағатының жоспары
Тәрбие сағатының тақырыбы Туберкулездің алдын алу жолдары | Тәрбие сағатының бағыты: профилактикалық |
Формасы: талқылау | Күні: 02.04.2018 ж. | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Тәрбие сағатының мақсаты: | Туберкулез туралы дерек бере отырып студенттердің өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру,жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру |
Тәрбие сағатының міндеттері: | Білімділік: Студенттердің сана - сезiмдерiн ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру Дамытушылық: Студенттердің ой-өрісін, рухани жан дүниесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған проблеманың түйінін ашу. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету. Тәрбиелік: Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу. |
Тәрбие сағатының жоспары: | Жоспары: І бөлім – Туберкулез жайлы жалпы түсінік ІІ бөлім – Туберкулездің алдын алу жолдары ІІІ бөлім – Қорытынды |
Барысы |
Кезеңдері | Стратегиялар | Топ жетекшісінің іс-әрекеті | Топ студенттерінің іс-әрекеттері |
Мотивациялық-қызығушылықты ояту | Миға шабуыл | Туберкулез жайлы түсінік. | Тыңдайды, талқылайды |
Ізденушілік- зерттеушілік | Ой шабуылы. Шығармашылық жұмыс. | Туберкулездің алдын алу жолдары | Студенттер пікірлерімен бөліседі. |
Қорытынды-рефлексиялық | | Қорытынды сөз | Қорытынды сұрақ-жауап жүргізіледі |
Қорытынды бағамдау. Топ жетекшісінің рефлексиясы: не табысты, не табыссыз болды? |
Балалар дүние жүзінде халық санының көбеюіне байланысты туберкулез ауруы бұдан 20 - жыл бұрынғыға қарағанда едәуір көбейіп отыр. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерi бойынша дүниежүзінде туберкулез ауруымен 8 - 10 млн адам тiркелiп, 3млн адам қайтыс болады екен.
- Ал, енді тәрбие сағатымызды бастамас бұрын дәрігер - фтизиатор рөлін ойнайтын сыныбымыздың оқушысы Ерғали Нұршат дайындап әкелген мәлімдемесін тыңдалық.
Туберкулез өкпе қабынатын ауыр жұқпалы ауру. Ежелгі ғалымдар мен ойшылдарының жазбаларында туберкулез « көкжөтел – чахотха» ретінде айтылады. Туберкулез қоздырғышын неміс ғалымы Р. Кох ашқан. Сондықтан бұл бактерияларды Кох таяқшалары деп атайды. Олар әр түрлі мүшелерді зақымдайды: өкпе, сүйек, буын, бүйрек т. б. зақымдайды. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады - ластықта, қақырықта, күнделікті пайдаланылатын нәрселерде, қоршаған ортада көп уақытқа дейін сақталады (топырақта, суда, кітапта). Туберкулез – аса қауіпті дерт. Ауру белгілері көпке дейін білінбейді. Алғашында аздаған құрғақ жөтел пайда болып, кейін күшейеді, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйықтағанда терлеп, кешке қарай дене қызуы көтеріледі, тез шаршайды. Содан кейін жөтел, қан аралас қақырық пайда болады. Осы белгілер біліне салысымен, неғұрлым ертерек дәрігер - фтизиаторға қаралу керек. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады, топырақта 2 апта, кітап беттерінде 3 ай, суда 5 айға дейін сақтала алады. Туберкулез таяқшаларын ұзақ уақыт қайнату, тура түскен күн сәулесі, хлорамин және хлорлы әк өлтіреді.
Туберкулез- ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру. Туберкулез ауруының қоздырғышы-туберкулез таяқшалары.
Қазіргі кезде туберкулез ауруының қауіптілігі туберкулез ауруы адамнан адамға ауа арқылы таралып жұғатын болғандықтан, туберкулезбен тыныс жолдары ( кеңірдек, кеңірдекше ) және өкпесі зақымданған науқастар жоғары қауіп тудырады. Туберкулез ауруының бұл түрлеріне шалдыққан науқастар сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырық тастағанда қоршаған ортаны тірі бактериялармен ластайды. Ауаны ластаған тірі туберкулез микробактериялары сау адамның ағзасына өтуі үшін осы ауамен аздап қана тыныс алудың өзі де жеткілікті. Яғни, туберкулез таяқшалары барлық адамдар үшін қауіпті, өйткені біз тыныс алатын ауа бәрімізге ортақ!
Туберкулез ауруымен кімдер ауруы мүмкін? Туберкулез таяқшалары жұққан адамдардың тек қана пайызы туберкулез ауруына шалдығуы мүмкін екендігі дәлелденген. Туберкулез таяқшалары жұққан адамдардың қорғаныс жүйесі әлсіз болса, олардың туберкулез ауруына шалдығу қауіпі жоғарлайды. Жанасқан АИТВ және ТБ жұқпалары болған жағдайда ТБ ауруына шалдығу қауіпі 21-34 есе артады. Иммундық қорғанысты әлсірететін басқада ауруларға шалдыққан адамдарда туберкулезбен ауыру қауіпі жоғары болады.Мысалы, қант диабеті мен тамақтанудың басқа да бұзылыстары туберкулезбен ауыру қауіпін кез келген жаста арттырады. Темекі тарту туберкулезбен ауыру және оның салдарынан қайтыс болу қауіпін едәуір арттырады. ТБ ауруына шалдығудың 20 пайызынан астам жағдайы темекі тартумен байланысты екені белгілі. Туберкулезбен ауырмау үшін не істеу керек ? Туберкулез таяқшаларының жұғуынан, яғни тыныс алу жолдары арқылы туберкулез ауруының қоздырғышының ағзаға түсуінен сақтану керек ( бөлмені жүйелі түрде желдетіп отыру, жөтеліп жүрген адамдардың бетперде тағуы, туберкулездің ашық түріне шалдыққан адамдармен қарым-қатынаста болмау) Есірткі заттарды қолданбау Арақ-шарап пен темекіні қолданбау Тамақтану тәртібі мен жиілігін сақтау, зиянды және улы қоспаларды қолданбау Стресстерге қарсы тұра білу Жыл сайын емханада тексерістен өтіп отыру Ағзаның қорғаныс күштерін төмендететін кез келген ауруды ( қабыну үрдістері қанның азаюы, гормондық бұзылыстар, қалқанша безінің аурулары және басқаларды) уақтылы емдеп отыру.
Топпен жұмыс
1 топ Аурудың алдын алу үшін сақтық шаралары
2 топ Денсаулықтың достары
3 топ Денсаулықтың қастары
(Жұмысқа берілген уақыт аяқталған соң оқушылар жұмыстарын қорғайды)
Иә, мақал-мәтелдер ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген асыл сөзі, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.
1. Ішпеген, шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген.
2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
3. Темекінің кермегі,
Еріккеннің ермегі.
4. Шарап-арақ ішіңе көшеді,
Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5. Жалқаулықтың жан күтімі.
Екі қолды ұстайды.
Темекінің көк түтіні,
Екі өкпені ыстайды.
6. Ішпеген, шылым тартпаған,
Денсаулығын сақтаған.
7. Жабылады шарабыңды ішерде,
Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.
8. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
9. Адам арақты ішеді,
Арақ ақылды ішеді.
10. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтандыр
Конец формы