СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Түбірлес сөздер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Түбірлес жалғау, жұрнақтарға мағлұмат беру

Просмотр содержимого документа
«Түбірлес сөздер»

Сабақ тақырыбы: Түбірлес сөздер.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға түбірлес сөздер жайында берілген түсінікті кеңейтуге, олардың бір-бірінен өзгешелігі неде екенін білдіруге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Өткенге шолу 45-жаттығу, 127-бет. Түбір сөзді табу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ.Жан-жақты білімдерін тексеру «Үйрек анаға өз балапандарын табуға көмектес» ойынын ойнату. Ойын шарты: түбір сөзге тиісті жұрнақты табу.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:

46-жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жазу. Түбірлес сөздерді табу: шежіреші, шежіре, шежіресін. Мағынасын ашу.

47-жаттығу. Берілген сөздерден бірнеше түбірлес сөз жасау.

Бас-басқыш,басшы,баста, бастық

Көр-көргіш, көру,көруге

Ой-ойшыл, ойға,

48-жаттығу. Суретпен жұмыс, түбірлес сөздерді: оқу, оқушы, оқулық, оқуға. 49-жаттығу. Сөздер тобын оқу, түбірлес сөздерді табу, әр сөздің түбірін тиісті белгімен белгілеу.

ҮІ. Бекіту:

50-жаттығу. Суретпен жұмыс.Сұрақтарға жауап бере отырып, түбірлес сөздерді табу: дәріхана, дәрігер, дәрі.

ҮІІ.Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбірлес сөздер деп қандай сөздерді айтамыз? Мысал келтіріңдер.

ҮІІІ.Үйгетапсырма: 51-жаттығу, 129-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау