Мақсаты: Балаларға Мақтану-мақтаншақтық емес екендігін дұрыс әрекет құндылығы арқылы түсіндіру. Міндеттері: Білімділігі:Оқушыларды үлкендерді сыйлауға үйрету. Дамытушылық:Оқушылардағы таза қасиеттерін дамыту. Тәрбиелілігі:Оқушыларды батылдыққа тәрбиелеу Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз әлі өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз ..... (тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай колымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз. Сізге «тыныштық мезеті» ұнады ма? | Ресурстар: (материалдар, Дерексөздер) Ы.Алтынсарын «Кел, балалар, оқылық»кітабы, фотосуреттер, үнтаспа,маркер, ватман,видеобейне,үлестірме қағаздар, «Құндылықтар ағашы» суреті. Ескерту: Балалар ережені еске түсіріп,сыныптың тәртібін сақтайық. «5»-Т Тәртіп Тазалық Татулық Талап Тыныштық
|
8. Соңғы тыныштық сәті Баяу музыка қойылады. Тыныс алуға зейін қою. Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізде сақтайық. Рахмет! | |