Тақырыбы «Туған жерге тағзым,мектебіме тағзым»
Армысыздар құрметті қонақтар , ұстаздар және оқушылар.
Елбасымыз өзінің «Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар» мақаласында: «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық», деген еді . Осы негізде бүгінгі біздің «Туған жерге тағзым, мектебіме тағзым» акциясы аясында ұйымдастырылып отырған кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп
Қонақтарды қарсы алайық қарсы ала
2-жүргізуші
Тірлік осы атады жаңа таңдар
Жаңа таңдар алмасқан алақандар
Өмір деген биікке дара самғап
Азамат боп оралған аға –апалар
Олай болса барша қонақтар мен көрермен қауымның құрметіне әсем әнді тарту етеміз қабыл алыңыздар.
Ән «Сыр елім менің »
Орындайтын Ерназаров Азамат
1-жіргізуші
Ұрпағың мақтануға болса лайық
Біз бүгін мақтанайық жар салайық
2-жүргізуші
Қуаныш бүгін мереке
Шуағын шашып тұр әлем
Мектепке келген сағынып
Біздерден сізге мың сәлем
2-жүргізуші
Береке мен бірліктің басын құрап
Жүрген жандар жайқалған жасыл құрақ
Бітіргелі мектепті көп жыл өтті
Сағынысып кездесу асыл –мұрат
1-жүргізуші бүгін біздің ортамызда мектебімізді әр жылда бітірген мектеп түлектері келіп отыр. Құрметті қонақтарымызбен таныс болыңыздар.
Кезседу кешімізді ашып беру үшін мектеп директоры С. Әбуұлына сөз беріледі.
Бүгінгі іс-шарамыз еркін форматта өткізілмек. Оқушылар ойларыңда жүрген сүрақтарың болса, ағаларыңа дайындалып отырсаңыздар болады.
Сонымен алғашқы сөзді осы мектепте талай шәкірт тәрбиелеген ұстаз Құрманай апай сізге қойғым келіп отыр, жалпы мектебіміздің тарихы жөнінде , еңбек еткен ұстаздар жөнінде өз естеліктеріңізбен бөліссеңіз. Ол кезде қазіргідей ақпарат қолжетімді емес, құрал –жабдықтар, көрнекіліктерді әрбір ұстаз өзі дайындайды. Бірақ , талай елге танымал азаматтар сол кезде тәрбиеленді.
Ақыл –білім көп бердің
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім
Сенсің өмір мектебім –дей келе келесі сөзді Бақыт ағайға ұсына отырып, өзіңіздің алдыңыздан өткен шәкірттеріңіздің бірі Аман ағай туралы естеліктеріңізбен бөліссеңіз.
-Төрайым апай , Ботагөз апай жалпы еңбек еткен жылдарыңызда қандай қиыншылықтар мен есте қалатындай қуанышты сіттерді атап өте аласыздар? Қиындық тудырған шәкіттеріңіз болды ма? Ерекше есте қалған.?
Келесі кезекте Балхаева Заринаның орындауындағы «Қос бәйтерегім» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші
Балапандай бауыр басқан ұяда,
Бірге өскен мектебін жан қия ма?
Жолдама алып, болашаққа өзіңнен
Білім іздеп самғап ед сан қияға
Келесі сөз кезегін мектебіміздің түлегі, Аман ағай сіздің пікіріңізді білсек Сіз Латын қарпіне көшу қаншалықты маңызды , қоғамға, елімізге қаншалықты пайдалы деп ойлайсыз.
Қабыл етіп қонақтардың тілегін
Тілегіңді тұмар етіп жүремін
Кейінгі жақсы ісін үлгі етер,
Өздеріңдей болса деймін түлегім,
Келесі кезекті Журналист , жас та болса, қоғамнан орнын таба білген шәкірт Асқарға бергім келіп отыр. Асқар айтшы жалпы қазіргі жастарға көңілің тола ма? Ақпарат қазіргі кезде қол жетімді интернет болса болды кез-келген мәліметті тауып алуға болады, бірақ әннің де естісі бар, есері бар демекші , ақпараттың да оны тарататын порталдар мен сайттардың да жұмысы бақыланып жатқан жоқ. Жастар неше түрлі ақпараттардың шырмауында адасып қалмай ма? Жастарға қандай кеңес берер едің?
Келесі кезекті тағы да бір әсем әуенге бергім келіп отыр.
Ән : «Қазақстаным»
Орындайтын Әбдірәшім Қаламқас
Сенен Басқа алтын ұя таппадым
Өзіңде өтті балғын бала шақтарым
Сағынышпен келіп тұрмыз біз бүгін
Бетке алған соң балалықтың бақтарын- бүгінгі кездесу кешімізді аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге мың алғыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке , еңбектеріңіздің жемісін көрулеріңізге тілектеспіз.