СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Туған өлке батырларына тағзым"

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұлы Отан соғысы туралы түсіндіру. Батырлар ерлігін сипаттау

Просмотр содержимого документа
«"Туған өлке батырларына тағзым"»

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жарма ауылы

Нарқызыл негізгі орта мектебінің 8 сынып

білім алушысы Еркінғали Құралай Елікқызы


Туған жердің батырларына мың тағзым

(Эссе)


Гитлерлік Германия өзінің агрессиялық соғыс жоспарын жүзеге асыруды 1939 жылы бастады. 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жеріне басып кірумен Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Еуропа елдерін бірінен соң бірін бағындыра отырып, 1941 жылы өзінің басты қарсыласы деп есептеген КСРО шекарасына жақындады.

1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында фашистік Германия әскері КСРО-ның батыс аумағына баса-көктеп кірді. Ең алдымен жаудың шабуылына ұшырағандар батыс шекарашылар болды. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол сол бойынша КСРО-ны қысқа мерзім ішінде жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам қоры көзіне айналдырмақшы болды. Кеңес халқы тарапынан әділетті бұл соғыс тарихи әдебиеттерде «Ұлы Отан соғысы» деп аталды.

Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен Кеңес одағының халқы, оның ішінде қазақ халқы, бір адамдай Отан қорғауға аттанды. Соғысты жеңіспен аяқтау үшін барлық күш-жігерін жұмсады.

Соғыс туралы хабар қазақ даласына тез тарады. Қазақстандық ұл-қыздар соғыстың алғашқы күндерінен қолдарына қару алды. Отан алдындағы парыздарын өтеуге өтініш білдіріп, өз еркімен майдан даласына аттанды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды.

Қазақстан еңбекшілері тылда «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!»деген үндеумен маңдай терлерін төге, күн демей, түн демей жұмыс істеді.мҰлы Отан соғысы жылдарында балалар да жауды жеңуге өз үлестерін қосты. Олар майданға аттанған азаматтардың орнына тылда қажырлы еңбек етті. Ыбырай Жақаев күріштен, Шығанақ Берсиев тары өсіруден рекорд жасады. Жазылбек Қуанышбаев төл алудан жоғары көрсеткішке жетті.

Қазақстанның ауыл еңбеккерлері жауды жеңу үшін өздерінің отансүйгіштік және еңбек парызын жанқиярлықпен өтеді. 1941-1945 жылдары олар майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. Ұлы Отан соғысы жылдары 1 млн 200 мың қазақстандық армия қатарына алынды. Яғни әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды деген сөз.

Әсіресе Мәскеу, Сталинград, Ленинград үшін болған қанды шайқастардың тарихында қазақстандық батырлардың ерлігі алтын әріпімен жазылды. Бұл жылдары жарамды ер-азматтың көпшілігі соғысқа аттанды. Тылда қалған бала-шаға тойып тамақ ішпесе де, таңнан тұрып, қара кешке дейін жұмыс істеді, сөйтіп жеңіске өз үлестерін қосты.

Соғыстың алғашқы кезеңінде кеңес әскері кейін шегініп, Украина, Белоруссия, Ресейдің еуропалық бөлігінің Мәскеуге дейінгі аумағы түгел дерлік жау қолында қалды. Соғыстың алғашқы кезіндегі сәтсіздіктердің басты себептерінің бірін қазіргі тарихшылар 1937-1938 жылдардағы Сталиннің бұйрығымен болған репрессиямен байланыстырады. Сол кезде ең таңдаулы, білімді көптеген офицерлер атылды. Соның салдарынан соғыс басталғанда армияны басқаратын мықты әскери командирлер аз болды.

Шегінген кеңес әскері Мәскеуге 25-30 шақырым таяп келді. Бұл 1941 жылдың қараша айы болатын. Мәскеуді жауға беру бүкіл елді жауға берумен тең еді. Мәскеуді қорғау үшін шайқасқа Қазақстанда құрылған атақты 316-атқыштар дивизиясы қатысты. Генерал-майор И.В.Панфилов басшылық еткен бұл дивизия Мәскеуді немістерден қорғауда асқан ерлік көрсетті.

Панфилов ерлікпен қаза тапқаннан кейін дивизия жауынгерлері оның құрметіне панфиловшылар деп аталды. Осы шайқастардың ішінде 16 желтоқсанда болған 28 панфиловшылардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. 28 батыр жаудың алғаш 20, одан кейін 30 танкісін қалаға жібермей 4 сағат бойы ұстап, ерлікпен қаза тапты. 28 панфиловшылардың барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Осы Мәскеу үшін шайқастарда белгілі қазақ батыры, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері үлкен ерлік көрсетті. Қазақ халқының қаһарман ұлдары фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқас жүргізді. Олар жауды астанадан бірнеше шақырымға қуып тастады. Мәскеу үшін шайқасқан Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев т.б жауынгерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Ұлы Отан соғысы тарихында қаһарман қала Ленинградты қорғауда және азат етуде кеңес халқы ерен ерлік көрсетті. 1941 жылы қыркүйек айында фашистік Германия әскері Ленинград қаласына шабуыл жасап, оны бірден басып алмақшы болды. Алайда кеңес әскері жаудың бұл әрекетіне тойтарыс берді. Жау әскері қаланы түгелдей қоршап алып, онымен барлық байланысты үзіп тастады.

Фашистер аштықтан, суықтан қалжыраған қала халқы өздігінен беріледі деп ойлады. Немістер қаланы күн сайын бомбалап, қаладағы жарық, жылу, су жүйесін бүлдірді. Қалада азық-түлік жетіспей, аштық басталды. Ленинград 900 күн бойы жау қоршауында тұрса да, қала жұмыс істеуін тоқтатпады. Ол орталықпен тек қана бір жол арқылы байланыс жасады, жау мұны күтпеген еді. Бұл - Ладога көлінің мұзы арқылы салынған жол болатын. Осы жолды ленинградтықтар «Өмір жолы» деп атады. Себебі бұл жолмен қалаға жүк машиналарымен азық-түлік, оқ-дәрі тасылды. Қайтар жолда олар қарттарды, ауру балаларды алып қайтатын. Жол күні-түні күзетіліп, жауға берілмеді.

1944 жылы ғана жау қоршауы бұзылып, фашист әскерлері қаладан қуып тасталды. Қазақстандық 310, 314-атқыштар дивизиялары Ленинград үшін болған шайқасқа басынан аяғына дейін қатысты. Шығыстың әйгілі қос жұлдызы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты. Олардың даңқты есімдері Ленинград үшін күрес шежіресінде мәңгі қалады. Сонымен қатар кеудесімен жау пулеметін жауып Отан үшін жанын қиған Сұлтан Баймағамбетов сияқты батырларымыздың ерлігі ешқашанда ұмытылмақ емес.

Ұлы Отан соғысы кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. Соғыс жылдары КСРО бойынша 11600-дей адам ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Соның 497-сі қазақстандықтар, 97-сі қазақтар болды.

Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағының Батыры атағын ең алғаш қазақстандық жауынгер К.А.Семеченко алды. Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері 18 жасар Ж.Елеусізов еді. 1941-1945 жылдары соғысқа қазақтың 100-ге жуық ақын-жазушылар қатысты.

1945 жылы 9 мамырда кеңестік қызыл армия жауынгерлері Германияның астанасы Берлин төбесіне қызыл ту тікті. Қазақ азаматы Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылы 30 сәуірде, жауынгер Булатовпен бірге, жаңбырдай жауған жау оғының астында Рейхстаг төбесіне Жеңіс туын желбіретті. Бір өкініштісі, Кеңес үкіметі Рейхстаг үстіне ту тіккен орыс пен грузин болуы керек деп, Р.Қошқарбаевтың ерлігін жасырып, мойындамай қойды. Р.Қошқарбаев 1999 жылы еліміздің жоғарғы наградасы – Халық қаһарманы атағымен марапатталды. Халық қаһарманы атағымен қазақтың даңқты ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова мен әуе атқышы, қаһарман Бақтыораз Бейсекбаев және атақты партизан Қасым Қайсеновтер де марапатталды.

Ұлы Отан соғысы 1945 жылы аяқталып, Германия өзінің жеңілгендігін мойындағанымен, Екінші дүниежүзілік соғыс әлі де біткен жоқ еді. Германияның одақтасы Жапонияға қарсы соғыс 1945 жылдың қыркүйегіне дейін созылды. Сөйтіп, адамзат тарихындағы ең апатты Екінші дүниежүзілік соғыс 2 қыркүйекте Жапонияның тізе бүгуімен аяқталды.

Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар. 1710 қала, 70 мыңдай ауыл-селолар қирады. Ұлы Отан соғысы Кеңес елі халықтарының достығын нығайтты. Жеңіс КСРО-ға төнген отарлық қауіптен құтқарды.

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар басына түскен ауыртпалықты тарихи сын кезеңі болды. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдындағы беделі асқақтай түсті.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!