Сабақтың тақырыбы: Түйе
Сөзжұмбақ
1.Аң патшасы
2.Айлакер аң
3.Ең үлкен құс
4.Ең биік жануар
1
2
3
4
Түйе түрлері
Қазақстанда түйенің екі түрі бар:
1). Жалғыз өркешті түйе (ғылыми тілде дромедар дейді)
Қазіргі кезде қолда аруана деп аталатын түрі өсіріледі . Оның жалпы аты - « нар ». Ұрғашысы - « мая » немесе « аруана», еркегі - «үлек». Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды.
Түйе түрлері
- 2 ). Қос өркешті түйе (ғылыми тілде
Бактрия дейді) Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді.
Түйе екі жылда бір рет боталайды. Ботасы нәзік, ерекше күтімді қажет етеді, күніне 6-7 рет емеді. Бота анасын 18 айдай еміп жетіледі. Түйе 30-35 жыл өмір сүреді.
Түйе өнімдері
Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, дәрумендер мол. Сүті 24 сағатқа дейін ашымайды. Түйе сүттен шұбат,құрт дайындалады Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады.
Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдар жасалады. Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды
Осы малдың сақтаушы иесін «Ойсылқара» деп атаған. Ойсылқара атауы ұғымдық жақтан түйе деген мағынаны білдіреді.
қошқармүйіз
Сөздік
Өркеш- горб
Мұрындық- (маленькая палочка продеваемая через носовые хрящи верблюда которой привязывается поводок)
Шуда - верблюжья шерсть, выросшая на горбе, затылке и нижней стороне шеи у верблюда)
Бұйда - веревка, служащая для вождения верблюда
мұрындық
бұйда
шуда
шуда
шуда
Тапсырма
Мына сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар
Інген, түйе, шуда
2- тапсырма
- Мәтіннен зат есім,сан есім,сын есімдерді табыңдар
- Түйенің салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Түйе қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, әсіресе шөлге, аштыққа шыдамды. шыдайды. Түйе алпыс күн аштыққа, отыз күн шөлге шыдайды. Қазақстанда түйе шаруашылығы жақсы дамыған
“ Кім жылдам”
Мына сөздерден сөз құраңдар (2 минут ішінде)
Ойсылқара Қамбар ата Шопан ата
ойсылқара ой, асыл ,қара, ар , ара, лас ,қас, ай, арай, қой, сыр, ас, асық, қар, олар, ора, орал, қыр
қамбар ата бар, қар, қара, ара, ата, ақ, бата, барма, бақ, тарақ, марат, тақ, қатар
шопан ата пана, ана ,аш, ат, шана,ата ,апа, тап, Отан, тон, от, апан, атпа, топ, нота
Оқулықпен жұмыс
- 2-тапсырма
- Мәтінді оқы, әңгімеле. Сан есім,сын есімді табыңдар
Сөздік диктант
шекпен, қамшы, шыдамды,
тікен, қымыран,шұбат
Тест (Жануарлар)
1 . Алматы хайуанаттар бағы қашан ашылды?
а ) 1937 ә )1944 б )1973
2.Ең үлкен жануар а) керік ә) кит б) піл
3Крокодилдің аудармасы а) маймыл ә) гена б) Қолтырауын
4.Ең ірі тасбақа қай жерде? а) Европада ә) Малазияда б) Африкада
5.Түйенің салмағы қанша? а) 700-800кг ә) 500-600кг б) 300-400кг
6 Қос өркешті түйе а) Бактрия ә) дромедар б) лама
7 Түйенің пірі а) Зеңгібаба ә) Ойсылқара б) Қамбар ата
8. Түйе неше жыл өмір сүреді а) 20-25ж ә) 30-35ж б) 40-45ж
Өзіңді тексер
1. А
2 . Ә
3 . Б
4 . Ә
5 . А
6 . А
7 . Ә
8. Ә
Бекіту
ТҮЙЕ
Үйге тапсырма