Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы.

Категория: Биология

Өз ойларын еркін жеткізуге көмектеседі және қызықты мәліметтер алады

Просмотр содержимого документа
«Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы.»



Күні:

Мұғалімнің аты жөні:Дузелбай Д

Биология: Қосымша сабақ

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы.
Тіркес тұқым қуалау және кроссинговер
Сабақтың мақсаты: 1. Т. Морганның бір хромосомада орналасқан гендердің тұқым қуалау заңдылығымен және хромосомалар айқасуын білу
2. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы мен оның негізгі қағидаларын оқып білу дағдысын, есте сақтай білу қабілетін дамыту.
3. Қоршаған ортаны қорғап, салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу.
Көрнектілігі: Таблица: «Тіркес тұқым қуалау құбылысы» Слайд, аппликациялар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақты еске түсіру
1. Генетика нені зерттейді?
2. Моногибридті шағылыстыру дегеніміз не?
3. Доминантты, рецессивті, альтернативті белгілер анықтамасы
4. Мендельдің 1 - ші заңы
5. Ажырау заңы
6. Дигибридті шағылыстыру дегеніміз не?
7. Тәуелсіз ажырау заңының ерекшелігі
8. Полигибридті шағылыстыруды қалай түсінесің?
Жаңа сабақ
Кез келген ағзаға тән гендер саны хромосома санынан әлде қайда артық
Әр хромосомада 1 ғана ген емес көптеген ген орналасқан.
Томас Морган жеміс шыбыны дрозофилаға тәжірибе жасап, 1 хромосомада орналасқан гендердің тұқым қуалау заңдығын зерттеп ашты
Дрозофила шыбынының хромосома саны – 8 яғни 4 жұп, зертханалық жағдайда +25 ͦ С. Әр жұптан 10 күн сайын 100 – ге жуық ұрпақ алуға болады.
Берілгені: Жетік қанатты, - В
Сұр шыбын – N
Шала қанатты – b
Қара шыбын – n
Табу керек. F1 -? F2 -?

Тіркесу топтарының саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына сәйкес болады дрозофила шыбыны – 4 тіркеу тобы
Асбұршақта - 7 тіркесу тобы
Жүгеріде - 10 тіркесу тобы
Адамда - 23 тіркесу тобы бар

Морган мектебі ашқан тіркес тұқым қуалау заңдылықтары мен басқа да бірқатар объектілерге осы бағытта жүргізілген зерттеулер қорытындысы жалпы атпен тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы деп аталады

Қағидалары:
1. Гендер хромосомада бірсызықтың бойымен тізбектеле орналасады. Әр геннің нақты орны болады.
2. Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу топтарын құрайды Тіркесу топтарының саны сол ағзаға тән хромосоманың гаплойдты санына сәйкес келеді.
3. Гомологте хромосомалар арасында аллельді гендердің алмасуы жүреді
4. Хромосомалардағы гендердің арақашықтығы айқасу жиілігіне тура пропорционал

Бекіту сұрағы:
1. Тіркес тұқым қуалауды алғаш зерттеген кім?
2. Дрозофила шыбының алғаш зерттеген кім?
3. Кросинговер деген не?
4. Тұқым қуалаушылықтың кейінгі қағидалары
Есеп шығару
Бағалап қорытындылау!




Скачать

© 2019, 480 1

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей