СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тулегенов Жамбыл Калдыбекович

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тулегенов Жамбыл Калдыбекович

Просмотр содержимого документа
«Тулегенов Жамбыл Калдыбекович»

Күні: 18.02.2015ж Сыныбы: 6 «а», 6 «б».

 Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау

 Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларға кестелер және кестелер құруды, кестелерді редакциялауды  түсіндіру

  • Тәрбиелік: Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

  • Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Түрі:Практикалық элементтері бар  түсіндірмелі сабақ

Көрнекілігі: ДК, оқулық, презентация, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. “Келесі” ойыны (сұрақ – жауап)

ІІІ. Негізгі бөлім

  • Жаңа сабақты түсіндіру

  • Тапсырмалар орындау

1 – тапсырма. “Менің досым” тақырыбында кесте толтыру

2 – тапсырма. Кесте құру арқылы 5 көзден тұратын терезе

көрінісін салу.

3 – тапсырма. “Ой қозғау”- қойылған сұрақтың жауабын үш

тілде кестеге толтыру.

IV. Сабақты бекіту

1– тапсырма. “Қатесін тап”

2 – тапсырма. Ребус шешу

V. Бағалау

VI. Үйге тапсырма беру

І.Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен амандасу

- Оқушыларды түгендеу

- Сынып тазалығына көңіл бөлу

- Оқушылардың назарын сабаққа бөлу

- Оқушыларға сабақтың әр бөлімінде алатын ұпай санына байланысты бағаланатынын айтып өту.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 

1. “Келесі” ойыны арқылы үйге берілген тапсырманы ауызша сұраймын. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан береді. Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе, келесі дейді, сол кезде келесі оқушы орыннан тұрып жауап береді.

1. Мәтіндік процессор дегеніміз не?

Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу үшін арнайы мүмкіндіктері бар қолданбаны мәтіндік процессор деп атайды.

2. Microsoft Word редакторына қалай кіреміз?

Пуск – Все программы – Microsoft office – Microsoft office Word

3. Microsoft Word редакторында неше меңзер бар?

Microsoft Word редакторында екі меңзер болады: 1) кірістіру нүктесі 2) І меңзері

4. Microsoft Word редакторының негізгі элементтері?

Тақырып жолы, меню жолы, стандартты тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және абзац маркерлері, сырғытпа және айналдыру жолағы, жұмыс аймағы және меңзер, қалып – күй жолы.

5. Пішімдеу дегеніміз не?

Пішімдеу дегеніміз - мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі

әрекеттерді айтамыз.

6. Құжат құру жолы?

1. Қаріп және оның өлшемін таңдау

2. Мәтінді енгізу және редакциялау

3. Мәтінді пішімдеу

4. Құжатты сақтау

5. Баспаға жіберу

7. Microsoft Word редакторында құжатты қалай сақтаймыз?

Microsoft Word редакторында құжатты Файл Сохранить как . . . командасын Орындап ашылған сұхбаттық терезеге құжат атын енгізіп Сохранить батырмасын басамыз.

8. Қаріпті пішімдеу үшін қандай менюді таңдаймыз? Формат

9. Пернетақтаның қай пернесінің көмегімен белгіленген сөйлемді, курсивке айналдырады.

CTRL + I

10. Microsoft offise Word редакторында абзацты пішіндеу үшін қандай менюді таңдаймыз?

Формат

  ІІІ Жаңа сабақ

Мәтіндік редактормен жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі қолданамыз. Осындай

реттелген ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады.

Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.

Кесте– ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.

Жол– көршілес ұяшықтардың бірлестігі

Баған — көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі. Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.

1- тапсырма.

Ms Word редакторында үлгі бойынша “Менің достарым” тақырыбында кесте толтыру.

2 тапсырма.

Кесте құру арқылы 5 көзден тұратын терезе көрінісін салу.

"Ой қозғау"

Оқушы үш тапсырманың біреуін таңдайды.Тапсырмада жұмбақ берілген. Жұмбақтың жауабын үш тілде тақтадағы үлгі бойынша үш тілде (қазақ,орыс, ағылшын) кестеге толтырып отырады.Толық жауапқа 15 ұпай, ал екі тілде жауап берсе,10 ұпай,егер үшінші тілін басқа оқушы жауап берсе 5 ұпай сол оқушыға беріледі.

Қазақша Орысша Ағылшынша

Кесте Таблица Table

Жол строка Line

Ұяшық Ячейка Stage

  1. Тұрады ол жолдармен бағандардан,

Және тұрар ұяшықтар ағымынан.

Кәне ойланып көрейік ол не екен,

Баған менен жолдарды қиылыстырған. К е с т е

  1. Кестенің бір негізгі элементі,

Көлденең ұяшық құру қызметі.

Ұяшық емес, баған емес ол не екен?

Кестенің негізгі болған қызметі. Ж о л

  1. Тіктөртбұрышқа ұқсайды,

Елемей кетуге болмайды.

Бағанменен жолдардың қиылысы,

Кестеде қай элементті құрайды. Ұ я ш ы қ

"Мәтіннің қатесін тап"

Тақтадағы қате берілген сөйлемдердің қатесін тауып, дәптерге жазу керек. Осыдан кейін оқушылар дәптерін көшілестерімен ауыстырады да, тақтада көрсетілген мәтін бойынша өз қателерін тексереді.Алғашқы орындаған үш оқушы 20 ұпай алады, қалғандары 10 ұпайдан алады.

Мен Ms Word редакторын іске қосу үшін Пуск – Стандартные – Microsoft Word командасын орындадымда, ашылған қолданба терезесіне “ Информатика ” туралы мақала жазу үшін әріптерді, тышқан құрылғысындағы пернелерді пай даландым, Правка – Таблица командасы арқылы кесте құрдым. Осы мақаламды сақтау үшін Вставка - Сохранить как . . . командасын орындап, CTRL + F4 пернесі арқылы қолданбадан шықтым.


Мен Microsoft office Word редакторына кіру үшін Пуск – Программы – Microsoft office-Microsoft office Word командасын орындап,ашылған қолданба терезесіне “Информатика” тақы-

рыбындағы мақаланы жазу үшін,пернетақта құрылғысының пернелерін пайдаландым,Таблица – Вставить – Таблица командасы арқылы ашылған сұхбат терезеге Баған және жол сандарын беріп, ОК батырмасын басып, кесте құрдым. Осы мақаламды сақтау үшін Файл – Сохранить как ... командысымен ашылған сұхбаттық терезеге “Информатика” атын жазып, Мои

Документы қапшығына сақтадым да, ALT + F4 пернелері арқылы қолданбадан шықтым.

"Ребус"

1 2 3 4 5 6

Д и с к е т

4.5.3.6.5 Жауабы: Кесте

VI. Оқушыларды бағалау

V. Үйге тапсырма беру

1. 22-23 – тақырыпты оқу 2. “Менің жанұям” тақырыбында кесте құрау.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!