|
Мотивациялық кезең
Ұйымдастыру
кезеңі
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
|
Ойын бөлмесінде(мазмұнды ойын орталығында) ата-және әже қонаққа келеді.
-Балалар, біздің топқа бүгін ауылдан ата мен әже келді.
Сәлеметсіздер ме!
-Ол кісілер шаршап, шөлдеп келген болар. Дастархан жасап, шай берейік. Тек, дастарханға салатын тәтті тоқаштар алуды ұмытып кетіппін. Біз қазір тоқаштар әзірлеп жіберейік.(Балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады, үлгімен таныстырады, түсіндіреді)
-Ата мен әженің де Кішкентай балалар қызықты ертегіні тыңдайды екен. Ендеше ата мен әже сендерге орыс халық ертегісін ала келіпті Кәне тыңдайық .
Түлкі мен тырна (орыс халық epmeгici)
Түлкі мен тырна дос болыпты. Бірде түлкі: Маған қонаққа кел, қымбаттым! Мен дәмді тамақ пicipiп қоямын, - деп тырнаны үйіне шақырыпты. Тырна түлкiгe қонаққа келеді. Түлкі ботқа пicipiп, жайпақ табаққа салып, тырнаның алдына қояды. Тамақ ал! Өзім пicipiп eдiм, - дейді. Тырна жайпақ табақты тұмсығымен шоқып-шоқып, ештеңе өңдіре алмайды. Ал түлкі болса, ботқаны тілімен жалап өзі-ақ тауысады. Бәрін жеп болған түлкі: - Айып етпе, үйімде бұдан өзге тамақ жоқ, - дейді. Тырна: - Осыған да рақмет. Енді сен маған қонаққа кел, - дейді. Келесі күнi түлкі тырнаның үйіне келеді. Тырна салқын көже дайындап, оны мойны тар құмыраға құйып, дастарқанға қояды. Түлкі келгенде тырна: - Же, қымбаттым, қысылма, - дейді. Түлкі құмыраны ары айналып, бepi айналып, ішіндегісін жей алмайды. Құмыраға басы сыймайды. Ал тырна ұзын тұмсығымен шоқи береді. Сөйтіп, бәрін жеп алады да, түлкігe қарап: - Ренжіме, қымбаттым. Бұдан өзге тамағым жоқ, - дейді. Бip аптаға тойып қайтқысы келген түлкі ренжіп, үйіне аш қайтыпты... «Не ексең, соны орасың» деген осы. Түлкі мен тырна (орыс халық epmeгici) Түлкі мен тырна дос болыпты. Бірде түлкі: Маған қонаққа кел, қымбаттым! Мен дәмді тамақ пicipiп қоямын, - деп тырнаны үйіне шақырыпты. Тырна түлкiгe қонаққа келеді. Түлкі ботқа пicipiп, жайпақ табаққа салып, тырнаның алдына қояды. Тамақ ал! Өзім пicipiп eдiм, - дейді. Тырна жайпақ табақты тұмсығымен шоқып-шоқып, ештеңе өңдіре алмайды. Ал түлкі болса, ботқаны тілімен жалап өзі-ақ тауысады. Бәрін жеп болған түлкі: - Айып етпе, үйімде бұдан өзге тамақ жоқ, - дейді. Тырна: - Осыған да рақмет. Енді сен маған қонаққа кел, - дейді. Келесі күнi түлкі тырнаның үйіне келеді. Тырна салқын көже дайындап, оны мойны тар құмыраға құйып, дастарқанға қояды. Түлкі келгенде тырна: - Же, қымбаттым, қысылма, - дейді. Түлкі құмыраны ары айналып, бepi айналып, ішіндегісін жей алмайды. Құмыраға басы сыймайды. Ал тырна ұзын тұмсығымен шоқи береді. Сөйтіп, бәрін жеп алады да, түлкігe қарап: - Ренжіме, қымбаттым. Бұдан өзге тамағым жоқ, - дейді. Бip аптаға тойып қайтқысы келген түлкі ренжіп, үйіне аш қайтыпты... «Не ексең, соны орасың» деген осы.
Сурет бойынша әңгіме.
-Балалар, ата-мен әже сендерге өздерінің ауылдарында наурызды қалай тойлайтындарын суретке салып алып келіпті.
-Суретте кімдер бар?
-Олар не істеп жатыр?
-Атаның басында қандай киімі бар?
-Қыздардар қандай киім киген? Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олар әдемі,ұзын етекті көйлектер киген. Наурыз мейрамы күні барлық адамдар таза, әдемі және сәнді киімдерін киеді екен.
|
Балалар келген кейіпкерлермен амандасады.
Тоқаштарды мүсіндейді.
Тыңдайды
Тәрбиешінің сұрақтарына 2-3 сөзбен жауап береді
Тағамдардың атауын атайды, оның дәмінің, түсінің қандай екенін айтады.
|
|
|