СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тура және кері есепшоты бар циклдер. FOR операторы

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тура және кері есепшоты бар циклдер. FOR операторы тақырындағы ашық сабақ

Просмотр содержимого документа
«Тура және кері есепшоты бар циклдер. FOR операторы»

Аты-жөні: Сарсенбаев Ерлан

Аманбаевич

Мамандығы: информатика пәні мұғалімі

Мектебі: №47 мектеп

Мекен-жайы: Тараз қаласы«Мыңбұлақ»

мөлтекауданы 34 үй



Күні:

Пәні: Информатика

Мұғалім: Сарсенбаев Е.А.

Сынып 8А


Оқу ісі меңгерушісі_________ А.Райымжанова.


Тақырыбы

Тура және кері есепшоты бар циклдер. For операторы

Жалпы мақсаттар

Тура және кері есепшоты бар циклдер, For операторы тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларға алгоритмдік тілде және Pascal программалау тілінде қайталану және параметрі бар қайталану командаларының жазылу пішінін кең ауқымды мәселелер класының циклдік алгоритмдерін көрнекі түрде жазудың құралы ретінде көрсету;

Түйінді идеялар

Тура және кері есепшоты бар циклдер, for операторы туралы түсінік бере отырып өңдеу, программа құру дағдысын қалыптастыру;

Әдіс-тәсілдер

Топпен,  АКТ, ДЖИГСО, кері байланыс.

Күтілетін нәтиже

Тура және кері санағыштары бар циклдерге қолданылатын операторлармен танысады, оларды бағдарламада қолданып үйренеді;

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, оқулық, слайд, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың жоспары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

2-минут

І. Ұйымдастыру

Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу;

І топ «қызыл түс»

ІІ топ «сары түс»

ІІІ топ «көк түс»

Топ ережесімен таныстыру;

Мұғаліммен амандасады, сынып 3 топқа бөлінеді

5-минут

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске алу:

  1. Циклдік алгоритм дегеніміз не?

  2. Циклдер неше түрге бөлінеді?

  3. Қайталану саны белгісіз циклдерге қандай операторлар қолданылады?

  4. While … do операторының программада жазылу үлгісі қандай?

  5. repeat …until операторының программада жазылу үлгісі қандай?

  6. For.. операторының программада жазылу үлгісі қандай?

топ болып өздерінің ойларын айтады.


2-минут

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

«Ой қозғау»

  • Оқушылар, қайталануының саны алдын ала белгілі болатын циклдер де бар болады ма?

Дәптерін ашып, күн жадысын, тақырыпты жазады.


5-минут

IV. ДЖИГСО әдісі.

Жаңа сабақ.

Әр топқа оқып меңгеруге арналған материалдар үлестіріледі.

Қарастырылатын мәселе:

І ТОП:

FOR операторы туралы

ІІ ТОП:

to, downto операторлары туралы


ІІІ ТОП:

1, 2-мысал



Әр топ жекелей тақырыпты меңгеріп, бірлесіп шешім қабылдайды. Топ ішінде пікір алмасады.

8-минут

V. «Мағынаны ашу»

Тапсырма критерийлері:

Жауаптың нақты болуы:

Жеткілікті түсіндірілуі:

Тақырыптың ашылуы:

Постер қорғайды.

10-минут

VІ. Компьютермен жұмыс.

1 тапсырма.

Латын алфавитінің барлық әріптерін баспаға басып шығар

2 тапсырма.

Латын алфавитінің барлық әріптерін кері ретпен баспаға басып шығар

№3 тапсырма.

Өз есіміңді экранға 10 рет шығаратын программа жаз

Практикалық жұмыс. Оқушылардың қызығушылғын арттыру. Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. 
І деңгей 
1. Берілген Y = функциясы үшін: 
А) Х – ті 1 – ге тең қадаммен 1 – ден 10 – ға дейін өзгерте отырып, мәндер кестесін басып шығару керек, 
Ә) алынған мәндердің көбейтіндісін есептеп шығару керек. 
2. 4, 8, 12, ..., 56 сандарының қосындысын есептеу үшін алгоритм құру керек. 
ІІ деңгей 
1. Х – ті Y = sinx функциясы үшін: 
А) Х – ті 10 – ға тең қадаммен 00 – тан 900 – қа дейін өзгерте отырып мәндер кестесін басып шығару керек. 
Ә) алынған мәндердің қосындысын есептеу керек. 
2. 5, 10, 15, ... , 55 сандарының көбейтіндісін есептеу үшін алгоритм құру керек. 
ІІІ деңгей 
1. Х – ті Y = cosx функциясы үшін: 
А) Х – ті 5 – ке тең қадаммен 00 – дан 900 – ға дейін өзгерте отырып, мәндер кестесін басып шығару керек. 
Ә) алынған мәндердің қосындысын есептеу керек. 
2. 2, 4, 6, ..., 12 сандарының көбейтіндісін есептеу үшін алгоритм құру керек. 

Program Циклдейін;

var

i: integer;

begin

i:=1;

while i10 do

begin

i:=i+1;

write ('Циклдер');

end;

end.

Program циклкейін;

var

i: integer;

begin

i:=1;

repeat

i:=i+1;

write ('Циклдер');

until i10;

end.

Program циклүшін;

var

i: integer;

begin

for i:=1 to 10 do

begin

write('Циклдер');

end;

end.

Program керіесепшот;

var

i: char;

begin

for i:='z' downto 'a' do

write (' ',i);

end.

Program тураесепшот;

var

i: char;

begin

for i:='a' to 'z' do

write (' ',i);

end.

Program сандар қосындысы;

var i,s: integer;

begin

s:=0;

for i:=1 to 10 do

s:=s+i;

write ('s= ',s);

end.


Есептің бағдарламасын тақтаға және компьютермен құрып шығарады

2-минут

VІІ. Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен  қарай       

            3-4 рет айналым жаса

Жаттығуды

орындарында отырып орындау.


2-мин

VІІІ. Топтық тапсырма.

3. Сәйкестікті тап

Тақтада сәйкестендіреді


4-минут

ІХ. Тест

?

1.Қайталанатын бөлшегі бар алгоритмдер .......... деп аталады.

- А) сызықтық

- В) тармақталған

+ С) циклдік

?

2.Pascal тілінде циклдік алгоритмдердің қанша түрі бар?

- А) 1

+ В) 3

  • С) 2

?

3.Цикл денесінің қайталану саны алдын ала белгісіз болса немесе 1 қадам ерекше болса, ......... операторы қолданылады.

+ А) While

- В) Repeat

- С) For

?

4.Pascal тілінде алдын ала қайталау саны белгісіз болса және шартты соңында тексеру қажет болса, ........ операторы қолданылады.

- А) While

+ В) Repeat

  • С) For

?

5.Алгоритм дегеніміз не?

+ А) Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті.

- В) ретсіз орындалатын іс-әрекет

- С) математикалық есептің шешілуі

?

6.Алдын ала қайталаулардың саны белгілі болса және параметрдің өзгеру қадамы 1-ге (немесе -1) тең болса, циклдердің ұйымдастырылуына .......... операторы қолданылады,

- А) While

- В) Repeat

+ С) For

?

7.Тура есепшоты бар циклді анықтайтын операторды көрсет

+ А) For, to, do

- В) For, downto, do

- С) For, to, downto, do

?

8. Кері есепшоты бар циклді анықтайтын операторды көрсет

- А) For, to, do

+ В) For, downto, do

  • С) For, to, downto, do

?

9. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

- А) Командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм

- В) Шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм

+ С) Командалары бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын алгоритм

?

10 Тармақталған алгоритм дегеніміз не?

  • А) Командалары бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын алгоритм

+ В) Шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм

С) Командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм


Тест-программа әр оқушының бағасын көрсетеді, экранға шығарады


2-минут

Х. Рефлексия.

Түсіну

Білу

Қолдану





Стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерін жазып қалаған торкөзге жапсырады.

Бағалау


2-минут

Жиынтық бағалау


Үйге тапсырма

1минут

Мұғалім үй тапсырмасын жариялайды.

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады.