СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Түркістан қаласы. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тренинг өткізу.           Балалар, әрбір елде адамдар әртүрлі амандасады. Қазір сендер орындарынан тұрып, көршілерімен қарама –қарсы тұрып, бір – бірлерімен амандасындар.

Мысалы, Қазақтар – қол алысады;  Итальяндықтар – құшақтасады;  Бразилиялықтар – иықтарынан қағады;  Зембібабалықтар – арқасын тигізеді;  Макидондықтар – шынтақтасады;  Никарагуалықтар - иықпен амандасады;  Австралиялықтар – 1 рет шапалақ қағады, 2 рет секіреді, 3 рет жанбастарымен бір - бірлерін итереді қалады.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Ыстық орындық»    

Просмотр содержимого документа
«Түркістан қаласы. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем»

Сыныбы : 11

Күні: 19.04.17.

Сабақтың тақырыбы

Түркістан қаласы. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Мақсаты



Оқушыларға сабақ өту барысында өткен сабаққа сүйене отырып, Түркістан қаласының тарихи  маңыздылығын түсіндіру. Оқушыларға оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше  және топпен  жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту.

Күтілетін нәтижелер



Оқушылар Түркістан қаласының тарихи  орны  туралы мәлімет алады. Оларды  салыстыра  біледі. Ой  өрісі дамиды Өзін  еркін  сезінуді  үйренеді. Кезегімен  сөйлеп  бірін-бірі  тыңдауға үйренеді. Топтық ережеге бағынады. Жылдамдыққа үйренеді. 

Керекті жабдықтар

«Киелі Түркістан» бейнетаспа, Қазақстан картасы.



Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе




І Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг өткізу. 
Балалар, әрбір елде адамдар әртүрлі амандасады. Қазір сендер орындарынан тұрып, көршілерімен қарама –қарсы тұрып, бір – бірлерімен амандасындар.

Мысалы, Қазақтар – қол алысады; 
Итальяндықтар – құшақтасады; 
Бразилиялықтар – иықтарынан қағады; 
Зембібабалықтар – арқасын тигізеді; 
Макидондықтар – шынтақтасады; 
Никарагуалықтар - иықпен амандасады; 
Австралиялықтар – 1 рет шапалақ қағады, 2 рет секіреді, 3 рет жанбастарымен бір - бірлерін итереді қалады.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Ыстық орындық»

Оқушылар орындарынан тұрып, көршілерімен қарама–қарсы тұрып, әр халықтар сияқты амандасады. 

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

"Ыстық орындық"әдісі арқылы үй тапсырмасына шолу жасайды.



Тұсаукесер





Сұрақ-жауап:

- Қазақ жерінде нелер көп?

- Олар қалай пайда болды?

- Қазақ жерінде ең алғашқы қалалар қашан пайда болды?

- Қазақ жерінде қандай көне қалалар болды?

- Сақталып қалған көне қалаларды атаңдар?

Бүгінгі сабағымыз

Күллі түркі еліне ұран болған Түркістан,

Бір көруге адамдар арман болған Түркістан,

Түркі тілдес елдерге тірек болған Түркістан.

Мына екі дүниеге жүрек болған Түркістан қаласына арналады.

Қызығушылығын ояту. 
Слайд: Отырар қаласының суреті 
- Балалар, мына суретте қай қаланы көріп тұрсыңдар? (Бұл суретте Отырар 
қаласын көріп тұрмыз). 
- Отырарда нелер болған? (Отырарда медресе, мешіт, базар болған). 
Слайд: Тараз қаласының суреті 
- Ал мынау қандай қала? (Бұл – Тараз қаласы). 
- Таразда нелер болған? (Таразда Айша бибі мен Бабажы қатын кесенелері, 
Тараз моншасы болған). 
- Бұл қалалар қандай қалаларға жатады? (Бұл қалалар ежелгі қалаларға 
жатады). 
Слайд: Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи 
кесенесінің суреті 
- Ал мына суретте нені көріп тұрсыңдар? (Қожа Ахмет Йасауидің 
кесенесін көріп тұрмыз). 
- Ол кесене қайда орналасқан? (Түркістанда орналасқан). 
Түркістан да ежелгі қалалардың біріне жатады. 

«Киелі Түркістан» бейнетаспасы арқылы ежелгі қалаға саяхат.

Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Түркістан шаһары Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ол 18 ғасырда Оңтүстік Қазақстанның астанасы болған. Түркістан ертеде Шам, Тұран, Шабғар, Йасы деп аталған. «Түркістан» сөзі «Түріктер мекені» немесе «Батырлар елі» деген мағынаны білдіреді.Түркістан – қасиетті рухани қала. Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. Оны Меккемен салыстырады. Мекке Сауыт Аравиясында орналасқан. Адамдар Меккеге қажылыққа барып, тілек тілейді. Егер Түркістанға 3 рет барсаң, Меккеге 1 рет барғанмен тең болады.

Бейнетаспадан Қожа Ахмет Иасауи кесенесімен танысу.

Қожа Ахмет Йасауи кесенесін Орта Азияның әміршісі Әмір Темір салдырған. Ол бұл кесенені философ, ақын, екінші әулие Қожа Ахмет Йасауиге арнаған. Бұл құрылысты салуды Әмір Темір шебер Мәулен Ғұбайдолла Садырға тапсырды. Осы құрылыс 10 жыл салынған. Сәулет біртұтас болып көрінгенмен, 8 бөліктен, 35 бөлмеден тұрады. Бұл бөлмелерде кітапхана, мешіт, асхана, құдық, тайқазан бар.

Кесененің қабырғалары мен күмбездері көркем ою-өрнектермен, әсем мозаикалармен көмкерілген.

 



Презентацияны тамашалайды.

Негізгі бөлім





1 Жаңа сөздермен жұмыс.

Тағдыр-жизнь

Адамзат-человечество

Кесене-мавзолей

Әулие-святой

Құрылыс-сооружение

Шебер-мастер

Тапсырды-заказал

Сәулет-архитектура

Құдық-колодец

көне-древний 
түріктер мекені-земля тюрков 
қасиетті жер-священная земля 



2. Мәтінмен жұмыс

Қожа Ахмет Йасауи кесенесін Орта Азияның әміршісі Әмір Темір салдырған. Ол бұл кесенені философ, ақын, екінші әулие Қожа Ахмет Йасауиге арнаған. Бұл құрылысты салуды Әмір Темір шебер Мәулен Ғұбайдолла Садырға тапсырды. Осы құрылыс 10 жыл салынған. Сәулет біртұтас болып көрінгенмен, 8 бөліктен, 35 бөлмеден тұрады. Бұл бөлмелерде кітапхана, мешіт, асхана, құдық, тайқазан бар.

Кесененің қабырғалары мен күмбездері көркем ою-өрнектермен, әсем мозаикалармен көмкерілген.



Зерттеушілер хабарламасы:Қазақстандағы қала.Түркістан қаласы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған.. 
Түркістан – қасиетті рухани қала. Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. Оны Меккемен салыстырады. Мекке Сауыт Аравиясында орналасқан. Адамдар Меккеге қажылыққа барып, тілек тілейді. Егер Түркістанға 3 рет барсаң, Меккеге 1 рет барғанмен тең болады.



Тарихшылар хабарламасы:Қожа Ахмет Иасауи кесенесін ең алғаш рет Ақсақ темір қалаған. Түркістан ертеде Шам, Шабғар, Йасы деп аталған. Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсет 



3. 3-топқа постерлер таратып, төмендегідей тапсырма беремін.

  • 1.Түркістанның  тарихы ?

  • 2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі?

  • 3. Түркістанды билеген қазақ хандары? 




5 Сәйкестігін табыңдар. 
Бұл қалалар әр елде несіменен даңқты? 
Париж Кремлімен 
Мәскеу Қожа Ахмет кесенесімен 
Санкт-Петербург Эйфель мұнарасымен 
Түркістан Бәйтерегімен 
Алматы Эрмитажымен 
Астана Медеуімен 


    Тақтада берілген синоним сөздермен сөйлемдер   құрастырыңыздар.

Үлестірме қағаздар таратамын.

 

    Көне – ескі, қала – шаһар, ғасыр – дәуір, қасиетті – киелі, дүние – әлем,

аймақ – өлке.



Ережемен жұмыс

Қимыл-сын бағыныңқы –ып,-іп,-п,-тын,-тін,-дай,-дей,-а,-е,-й шылаулар . қалай?қайтып ?

Олар су ішіп,шөлдерін қандырды. Марат келмей,жұмыс бітті.


Деңгейлік тапсырмалар:

ІІІ деңгей: Бағыныңқы сөйлем баяндауышының сұрағын жақша ішіне қойып, көшіріп жазыңыз.

1.Жел күшейіп, ауа райы бұзыла бастады. 2.Таңертең радионы қойып, соңғы хабарларды тыңдаймын. 3.Таңертең ерте тұрып, мен денешынықтыру жасаймын. 4.Оны біреу асықтырғандай, ол жазуын шапшаң жазып отыр.5. Майра дүкеннің істемейтінін білгендей, дүкенге бармады.



І деңгей: Қазақ тіліне аударыңыздар.

1.Он оделся так, словно на улице холодно. 2.Ермек говорит так тихо,что мы его не слышим. 3.Я включив телевизор, смотрю интересный фильм.4.Он ,встав рано утром, умылся.5.Салтанат была дома, как будто знала, что я приду.



ІІ деңгей: Мына сөйлемдерді толықтырыңыз (қимыл-сын)

Қыс түсіп, ... Асханадан тамақ ішіп, ... Мен келмей, ... Ол мені білетіндей, ... Жұмыс бітпей, ... Әрсен асығып, ... Жаңбыр жауып, ...

..., мен дене шынықтыру жаттығуларын орындаймын. ..., ол хатты шапшаң оқып тұр. ..., ол институтқа тез келді. ..., олар мектепке бармады. ..., емтиханды жақсы тапсырды. ..., жиналысты бастаймыз. ..., қатты сөйледі


Жаңа сөздермен сөйлем құрастырады












«Ойлан, жұптас, бөліс»










Топтық жұмыс.



















Постер құрастырады

«2 ,1 ұсыныс» арқылы бағалайды






Тапсырманы орындайды














Мұқият тыңдап, дәптерлеріне жазып алады.





Деңгейді таңдап орындайды.




Қорытынды





Түркістан сөзіне «Бес жолды өлең» жазыңдар.

1. Түркістан

2.ежелгі.тарихи.

3.дамиды, гүлденеді,ерекшеленеді.

4. Түркі халықтарының рухани орталығы.

5. қала


Тест сауалдарына жауап беру.
1. Қазақстан Республикасының ежелгі қаласы
А) Астана
В) Түркістан
С) Қостанай
2. Түркістан қай жерде орналасқан?
А) Қаратау жотасының етегінде
В) Ақмола облысында
С) Қарағанды облысында
3. Түркістан қаласының ежелгі атауы
А) Отырар
В) Түркістан
С) Иассы
4. Түркістан қаласында кімнің кесенесі бар?
А) Әл – Фараби
В) Ахмет Яссауи
С) Абылай хан
5. Ахмет Яссауи кесенесінің ішінде не бар?
А) Тайқазан
В) Бөлме
С) Гүл


Рефлексия: «Алма ағашы»

Үй тапсырмасы: диалог құрастыру, ереже

Тапсырманы орындайды.






Тестті орындап, бір-бірін тексереді


















Өз ойларын стикерлерге жазады.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.