СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тұрмыстық техника,және оның қажеттілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:  «Таным»

Пән: «Жаратылыстану»

Өтпелі тақырып «Техника және біз»

Тақырыбы:« Тұрмыстық техника,оның қажеттілігі»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру. Дамытушылық: Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту. Оқыту: Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыруға, жинақылыққа баулу.Олардың арнаулы сатылатын дүкендер атауы.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии:ойын технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Демонстрациялық материалдар Билингвалдық компонент: тұрмыстық техника-бытовая техника,тоңазытқыш-холодильник,электр бұйымдары-электротовары,шаңсорғыш-пылесос.

Просмотр содержимого документа
«Тұрмыстық техника,және оның қажеттілігі»

Ортаңғы «Құлыншақ» тобындағы

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі



Өткізу күні: 25 .02. 2020

Тәрбиеші :Ергазина Э.Н

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: «Жаратылыстану»

Өтпелі тақырып «Техника және біз»

Тақырыбы:« Тұрмыстық техника,оның қажеттілігі»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру.
Дамытушылық: Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту.
Оқыту: Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыруға, жинақылыққа баулу.Олардың арнаулы сатылатын дүкендер атауы.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии:ойын технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Демонстрациялық материалдар Билингвалдық компонент: тұрмыстық техника-бытовая техника,тоңазытқыш-холодильник,электр бұйымдары-электротовары,шаңсорғыш-пылесос.



1.Ұйымдастырушылық кезең:

Жұмбақ шешу.

Біздің үйде бір зат бар

Сақтайды онда тамақты

Болсын мейлі күз бен жаз

Іші оның қатты аяз.



Шаң-тозаңды сүймейді

Тазалап оны жүр дейді.

-Бүкіл әлем ішіне сияр

Аты оның.....



2.Негізгі бөлімі

-Үйдегі заттарды атаңдар.

Сендердің үйлеріңде қандай қажетті тұрмыстық техника бар?

Суреттерді көрсету.

-Асүйден бастайық.Асүйлеріңде қандай заттар бар?

Қонақ бөлмеде қандай заттар бар?

-мына суреттерден қандай заттарды көріп тұрсыңдар?

-Бұл қандай бөлме?

-Балалар,біз бұл заттарды қалай топтастыра едік?

-Тұрымыстық техника не жатады?

-Балалар,бұл заттарды адамдар не үшін ойлап тапты?

-Дұрыс айтасыңдар.Адамдар қол еңбегін жеңілдету үшін тұрмыстық техниканы ойлап тапты.Ғалымдар қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды ойлап тапты.



Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп

Саусақты ашып-жұмамыз.

Одан соң төмен түсіріп.

Алақанды соғамыз

Иықты артқа ысырып

Басты төмен саламыз.

Жаттығу жасап осылай

Үлкен боп ертең шығамыз!



-Мына суретке назар аударыңдар.

-Газ плитасы не үшін қажет?

-Ол болмаған жағдайда адамдар тамақты қалай пісіреді?

- Газ плитасы немен жанады?

-Қазанды немен қайнатады?

-Қайсысында тамақ пісірген жеңіл әрі тез?

-балалар көріп отырсыңдар,адамдар уақытын үнемдеу үшін,еңбекті жеңілдету үшін тұрмыстық техниканы ойлап тапты.

-Тұрмыстық техника қалай жұмыс істейді?



Балаларды ортаға шығарамын



Дидактиалық ойын:

« Шаңсорғыш» ойыны

-Айжанның анасы демалыс күні үйдің ішін жинастырмақшы болды.Айжан анасына көмектесіп жүрді.Анасы оған кішкене ыдысқа су құйып берді,қолына шүберек ұстатты.Айжан.....(балаларға Айжанның одан арғы іс-әрекетін өздері айтуды

ұсынады). Анасы шаңсорғышты алып шықты. Айжан шаңсорғышты өзі іске қоспақшы болды.Оған анасы рұқсат етпеді.ол қызына былай деді:......

- Анасы Айжанға не үшін шаңсорғышты іске қосуға рұқсат етпеді?

Педагог суретті көрсетеді.

Суретте электр желісіне су қолымен ұстап жатқан көрініс бейнеленген.

-Ешқашан су қолымен электр жүйесіне жақындауға болмайды!

Өйткені су электр тогын өте жақсы өткізеді.



3.Қорытынды