Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының
«Бөкей ордасы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ашық сабақтың тақырыбы: Түсті металдар
Мамандық: 07161600- Ауыл шаруашылығын механикаландыру
Біліктілік: 3W07161603 Ауыл шаруашылығындағы өндірісінің тракторист-машинисі
Пәні: Материалтану
Тобы: II курс тракторист машинист
Пән оқытушысы: Нигметова Н.Б.
Сайқын 2023 жыл
Түсті металдар
Сабақтың мақсаты:
Білім беру: студенттердің теориялық білімдерін толықтыру, арттыру, олардың тапқырлық іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өз ойларын тиянақты және түсінікті жеткізулерін дамыту.
Дамыту: студенттердің білім деңгейін арттыру, жаңа терминдермен таныстыру, ой-өрістерін жетілдіру.
Тәрбиелік: студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіру, колледж мүлкін бүлдірмеуге баулу және жауапкершілік қасиеттерін дамыту.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: қысқаша конспект жазғызып, плакаттар мен слайдтар арқылы студенттерге қысқаша мағлұмат беру.
Материалдық-техникалық жабдықтар: компьютер, мультимедийный проектор, алюминий, мыс, жезден жасалған бұйымдар.
Пән аралық байланыс: химия.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
- студенттерді түгелдеу және сабаққа әзірлігін тексеру;
- сабақ тақырыбын және тақырыпшасын жариялау;
-cабақтың мақсатын жариялау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Болат пен шойын айырмашылығы?
Болаттың түрлері.
Шойын туралы не білеміз?
III. Теориялық бөлім:
-жаңа сабақ түсіндіру;
- студенттердің жұмыс дәптерлеріне конспект жаздыру;
-қорытындылау.
Түсті металдар- темірден басқа барлық металдардың өнеркәсіптік атауы. Физикалық және химиялық қасиеттері мен жер қыртысында орналасу сипатына қарай түсті металдар темір емес металдар деп те аталады.
Түсті металдарды:
жеңіл (алюминий, магний, титан, берилий, т.б.)
ауыр (мыс, никель, кобальт, қорғасын, т.б.)
баяу балқитын (вольфрам, молибден, тантал,хром, т.б.)
асыл немесе қымбат бағалы (алтын, күміс, платина, т.б.)
шашыранды (галий, индий, талий)
сирек жер (скандий, лантан және барлық лантаноидтар)
радиоактивтік (технеций, франций, радий, полодий) деген топтарға бөлуге болады.
Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту зауыттары)шикізат көзі болып табылады.
Алюминий туралы мәлімет
Алюминий латынша Aluminium, алюминий алу үшін пайдаланылатын негізгі шикізат-боксит. Al- элементтердің периодтық жүйенің III тобындағы химиялық элемент, рет номері 13, атомдық массасы 26,98154, бір тұрақты изотопы бар. Жер қыртысында таралуы бойынша элементтер арасында 4, металдар арасында 1 орында. Табиғатта жүздеген минералдары кездеседі, оның көпшілігі- алюмосиликаттар болып келеді. Алюминийды бос күйінде алғаш рет 1825 жылы даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған.
Алюминий- күміс түсті ақ метал, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға икемді, меншікті салмағы 2,7 г/см²; балқу температурасы 660℃, қайнау температурасы 2500℃, коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі бетіндегі алюминий оксидінен тұратын жұқа қабыршақ оны тотығудан қорғайды.
Мыс туралы мәлімет
Мыс Cu-түсті металдардың ішіндегі ең көп тараған металл. Элементтердің периодтық жүйесінің I- тобындағы химиялық элемент, атомдық номері 29, атомдық массасы 63, 546. Жер қыртысында массасы бойынша мөлшері 4,7 •10³. Қазақстанда мыс рудасының аса бай қорлары бар. Ең кең орыны Жезқазған. Қазақстан мыс өндіру жағынан жетінші орын алады. Өнімнің 92% шет елге шығарылады.
IV. Жаңа сабақты бекіту барысында студенттерге жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою:
Түсті металдардың түрлерін ата
Алюминий туралы не білесін?
Жану неше топқа бөлінеді?
4. Өрт болған жағдайда қайда телефон шаламыз?
V.Сабақты қорытындылау және бекіту:
-студенттердің білімін бағалау және жариялау;
-үйге тапсырма беру.