|
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
Педагог әліппе-альбомдағы тапсырмаларды орындауды ұсынады, Тұлпар өз иесіне көмектесетін ертегі аты екендігі туралы әңгімелейді.
(Ж, Ұ) Педагог ұсынылған өрнек түрлерін досымен талқылауды, олардың неге ұқсайтындықтары туралы әңгімелесуді ұсынады. Қазақ оюларының қарапайым түрлерінің атауларымен таныстырады: тұмарша, қошқар- мүйіз, балта.
Балалардан ұсынылған реңге сәйкес қандай түсті өрнек таңдау керектігін сұрайды.
(Ұ) Сергіту сәті
Қылқаламды қолыма
алсам, (саусақтарымен қылқалам қозғалыстарын бейнелейді)
Мен сиқыршы боламын: (қолдарын жоғары көтереді)
Қағазға, (білезіктерімен айналма қозғалыстар жасайды)
Құстардың, (қолдарын айқастырып, тарбиған саусақтарымен құс қанаттарының қозғалысын бейнелейді). Машиналардың, (тұтқышты айналдырғандай қозғалыстар жасайды) Мұнаралардың, (бастан жоғары созылған қолдарды үй тәрізді біріктіреді) Жалаулардың суретін саламын (қолдар алақанымен сыртқа қарай созылады,
бас саусақтар тудың ұстағышы секілді төмен бағытталады).
(Ұ) Қауіпсіздік ережесі
Балаларға қылқаламды қолда қалай дұрыс ұстау керектігін көрсетеді. Қылқаламды ауызға салмауды ескертеді.
|