СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тустер сыры сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сурет сабағынан түстер сыры тақырыбына сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Тустер сыры сабақ жоспары»


Павлодар қаласы әкімдігі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының № 28сәбилер бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

«Көбелек»

Сурет сабағы

2 сәби «А» тобы

Тәрбиеші:Кунанбаева.Р.М

2016-2017 жж





Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлім: Сурет

Тақырыбы: «Көбелек»

Мақсаты: Әр түрлі әдіс – тәсілдері арқылы сурет сабағында балалардың ұсақ қол маторикасын және шығармашылығын дамыту.

Міндеттері: -Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру.

-Балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерімен таныстыру.

-Достыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:Көбелек, нәзік, ғажап.

Қажетті көрнекілік: Ақ қағаздар, түрлі-түсті бояулар, қылқалам, губка, сүлгі.

Жоспар кестесі:

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қызығушылық











Ұйымдастырушылық-ізденістік


Балалар шеңберге тұрайық, бір бірімізге тақпақ айтып, қандай бақытты екенімізді білдірейік:

Бақыт деген осы шаттық шеңбері,

Қол ұстасып, тұрайықшы кел бері.

Бақыт деген көрмей қалсаң сағынып,

Мені іздейтін адал жүрек сендегі.


Балалар бүгін бізде сурет сабағы.

Бүгін көбелек бейнесін саламыз.Көбелектер туралы не білесіңдер?


Жұмыс ретімен таныстыру.

-Түрлі бояуларды қолдану арқылы түрлі түсті көбелекті салуды және бояуды үйренеміз.

Бүгінгі тақырып арқылы мәлімет алып, сурет салу ретін көрсету.Сурет сабағында бүгін көбелек бейнесін үш топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.


1-топ:Қызыл гүлдер-көбелек бейнесін алақанмен салады.Бояуды алақанның басынан бастап, саусақтар басына дейін бояуға батырып, қағаз бетіне басып сурет салу.



2-топ:Сары гүлдер-көбелек бейнесін бүктелген қағаз жартысына бояп салу.Қағаздың бүктелген жағын боялған көбелек бейнесіне бүктеп, жауып сурет салады.




3-топ:Көк гүлдер-көбелек бейнесін губка арқылы салады.


Тәрбиеші жұмысты ұқыпты, сапалы орындалуын бақылайды.

Шаттық шеңберге тұрады.



Балалар қандай бақытты екендерін іс-қимылмен көрсетіп, тақпақты орындайды.






Балалар көбелек жайлы білгендерін айтады.Көбелектер гүлдерді жақсы көреді.Олардың түсі әртүрлі, әдемі, ғажап түстер.Көбелектер өте нәзік жәндіктердің бірі.





Сурет салу барысында балалардың бояуды тиімді пайдалануы, сурет салудағы жағыс тәсілдерін дұрыс, ұтымды болуы ескеріледі.

-Балалар сурет салады.





















Сергіту сәті






Көбелекке ұқсайық

Қане қанат жасайық

Көбелек боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.


Балалар қимыл-қозғалыс арқылы бой жаттығуын жасау.





Рефлекстік-жинақтаушы



Тәрбиеші балаларға өздерінің жұмыстары туралы айтып берулерінің сұрайды.


Әр бала өздерінің жұмыстары туралы әңгімелейді.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Көбелектің түстері түрлі-түсті ғажап түс болатынын білді.

Нені игерді: Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданып, сурет салуды үйренді.

Нені білді: Көріп қабылдау арқылы есте сақтауын дамытады, бояумен ұқыпты жұмыс істеу іскерліктеріне машықтандыру.













.